Перейти к контенту
КАЗАХСТАНСКИЙ ЮРИДИЧЕСКИЙ ФОРУМ
Zhalair Мухали

Талап қоюды қамтамасыз етудің күшін жою

Рекомендуемые сообщения

ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінің 163-шы бабына сәйкес талап қоюды қамтамасыз етудің күшін сол сот тараптардың арызы бойынша немесе өз бастамасы бойынша жоюы мүмкін. Қазіргі жағдайда іс былай болып жатыр: Талапкер екі жарым миллион тенгеге талап арыз берген болатын, бірінші сатыдағы сот талап арзыды бір бөлігінде қанағаттандырды /төрт жүз мың тенгеге дейін азайтты/. Шешімге апелляциялық шағым келіп түскен, екінші сатыдағы сот шешімді өзгеріссіз қалдырды. Бүгінгі күнге дейін кассациялық шағым немесе наразылық келіп түспеген. Сот шешімі заңды күшіне енді. 400 000 мың тенгені талапкердің шотына аударып қойдық. Осыған байланысты жоғары келтірілген бапты басшылыққа ала отырып тиісті арыз жазып едім, ал сот міндетті түрде талапкердің келісімі керек деп айтып жатыр. Құрметті әріптестер, соттың бұл талабы қаншалықты заңға сәйкес?

Изменено пользователем Zhalair Мухали

Поделиться этим сообщением


Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

Соотікі дұрыс емес, өйткені

Талап қоюды қамтамасыз етудің күшін сол сот тараптардың арызы бойынша немесе өз бастамасы бойынша жоюы мүмкін. Талап қоюды қамтамасыз етудің күшін жою туралы мәселе сот отырысында шешіледі. Іске қатысатын адамдарға сот отырысының уақыты мен орны туралы хабарланады, алайда олардың келмей қалуы талап қоюды қамтамасыз етудің күшін жою туралы мәселені қарауға кедергі келтірмейді.

Және

Талап қою қанағаттандырылған жағдайда оны қамтамасыз ету жөніндегі шаралар өз күшін сот шешімі орындалғанға дейін сақтайды.

Сондықтан, егер шешім орындалса, ол күшін жойды ғой.

Поштаңызды айтсаңыз бір Ұйғарымды жіберейін

Поделиться этим сообщением


Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

Сондықтан, егер шешім орындалса, ол күшін жойды ғой.

Поштаңызды айтсаңыз бір Ұйғарымды жіберейін

Үлкен рахмет :sarcasm: Adenov80@mail.ru

Поделиться этим сообщением


Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

Арызды жібердім сотқа, оның қарастырылуына байланысты осы тақырыпта соттың қаулысың қыстырамын.

Поделиться этим сообщением


Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

Арызды жібердім сотқа, оның қарастырылуына байланысты осы тақырыпта соттың қаулысың қыстырамын.

Бүгінгі сот отырыснда арыз қаралып, талап қоюды қамтамасыз етудің күші жойылды. Ал сот актісің дереу орындауға жіберу туралы менің өтінішімді сот ескермеді)) бірден бас тартты...

Поделиться этим сообщением


Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах
Гость
Ответить в этой теме...

×   Вы вставили отформатированный текст.   Удалить форматирование

  Допустимо не более 75 смайлов.

×   Ваша ссылка была автоматически заменена на медиа-контент.   Отображать как ссылку

×   Ваши публикации восстановлены.   Очистить редактор

×   Вы не можете вставить изображения напрямую. Загрузите или вставьте изображения по ссылке.

Зарузка...

  • Недавно просматривали   0 пользователей

    Ни один зарегистрированный пользователь не просматривает эту страницу.

  • Upcoming Events

    No upcoming events found
  • Recent Event Reviews

×

Важная информация

Правила форума Условия использования