Перейти к контенту
КАЗАХСТАНСКИЙ ЮРИДИЧЕСКИЙ ФОРУМ
Просто Пэт

жол полициясының қызықтары

Рекомендуемые сообщения

Бүгін? жұмысқа бара жатқан кезімде мені біздің ЖПлар тоқтатты. Қызықтың бәрі содан басталды.

"Сіз неге жаяу жүргіншіні өткізбедіңіз?", деген сұраққа мен таңқалдым. Жол қиылысында солға бұрылған кезде мен тек қана жолдан 2-3 метр қашықтықта тротуармен келе жатқан бір адамды байқаған едім. Шынымен де, оның жолға жетіп, жолдан өтуін күтіп тұруым керек пе еді? ЖПның айтқанына күлкім келгенін-ай. "Жарайды, протокол жазыңыз, бірақ мен қарсымын, ешқандай жаяу жүргінші болған жоқ, деп мен де сол протоколыңызға жазайын", дедім.

Кейбір адамдар сөз түсінбеді екен, мені "сіздің машинаңыздың мемлекеттік номерін қазір шешіп аламыз, ГАИға барып, төлеп (нені?) аласыз оны", деп тағы қорқыта бастады.

Осы кезден бастап менің ызам келді. КоАП(қазақшасын білмейді екем)-тан бар білгенімді, және олардың міндеттерін толық айтып бердім де "ал енді мен сіздерді бейнетаспаға түсіріп, сіздердің басқармаларыңыз бен, интернетке жіберемін", деп оларды тұрған жерлерінен телефоныма түсіре бастадым.

Сол-ақ екен, менің документтерімді қайтарып берді де, машиналарына отырып жоқ болды.

Жай сіздерменен бөліскенім ғой :lol:

Поделиться этим сообщением


Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

Жол қиылысында солға бұрылған кезде мен тек қана жолдан 2-3 метр қашықтықта тротуармен келе жатқан бір адамды байқаған едім. Шынымен де, оның жолға жетіп, жолдан өтуін күтіп тұруым керек пе еді?

ЖЖЕ- ге сәйкес, егер жаяу жүргіншінің жолдан өтуіне бөгет болмасаңыз болғаны.

Поделиться этим сообщением


Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

КоАП(қазақшасын білмейді екем)

Казакшасы - Әкімшілік іс жүргізу кодексі деп аталады :drowning:

Поделиться этим сообщением


Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

Казакшасы - Әкімшілік іс жүргізу кодексі деп аталады :confused:

Сонда ӘІЖК болғаны ғой? Рахмет.

Кейінгі кезде Алматыда жол полициясы көбейіп кеткен сияқты. Қайда барсаң да соларға тап боласың. Қаланың әр көшесінде тұрған тәрізді.

Сонда әкімнің қаулысы есептелмейме?

Поделиться этим сообщением


Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

Казакшасы - Әкімшілік іс жүргізу кодексі деп аталады :confused:

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР кодексі

Поделиться этим сообщением


Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

іс жүргізу - процесс, делопроизводство

қылмыстық, азаматтық іс жүргізу - уголовный, гражданский процесс

Поделиться этим сообщением


Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

... Сонда әкімнің қаулысы есептелмейме?
есептелмейді.

олардың бастығы айтты: "Қала әкімнің қаулы басы тартқан жоқ, бірақ біз, қажеттілік (отработка) болса, турамыз, автокөліктерді тоқтатамыз"

http://www.zakon.kz/faq/Sarbasov.html

Поделиться этим сообщением


Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

Дұрысы - Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекс - ӘҚБК!!!

Ал, Әкімшілік іс жүргізу кодексі орысшасына Административный процессуальный кодекс болып кетеді.

Поделиться этим сообщением


Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах
Гость
Ответить в этой теме...

×   Вы вставили отформатированный текст.   Удалить форматирование

  Допустимо не более 75 смайлов.

×   Ваша ссылка была автоматически заменена на медиа-контент.   Отображать как ссылку

×   Ваши публикации восстановлены.   Очистить редактор

×   Вы не можете вставить изображения напрямую. Загрузите или вставьте изображения по ссылке.

Зарузка...

  • Недавно просматривали   0 пользователей

    Ни один зарегистрированный пользователь не просматривает эту страницу.

  • Upcoming Events

    No upcoming events found
  • Recent Event Reviews

×

Важная информация

Правила форума Условия использования