Перейти к контенту
КАЗАХСТАНСКИЙ ЮРИДИЧЕСКИЙ ФОРУМ

форум жайлы

Просто Пэт

Рекомендуемые сообщения

Осы тақырыпта қайсымыз нағыз, қайсымыз шала қазақ екенімізді талқыламай-ақ қойсақ қайтеді? Қазақ тілін дамыту мәселесі осымен ғана біткені ме?

Ссылка на комментарий
Поделиться на других сайтах

  • Ответы 69
  • Created
  • Последний ответ

Top Posters In This Topic

Менің ойымша бірінші кезекте біз секілді қазақ заңгерлеріне жұмыс жасау керек. Қалай дейсіздер ғой, біз көбіне заң саласында орысша дайын үлгілермен пайдаланамыз. Бізге көмекке жүгінген азаматтарға орысша үлгіден пайдаланып жоба жасап береміз. Мұны мен бірінші кезекте өзіме айтып жатырмын. Біз бұл жағдайды өзгертіп, бүкіл мемлекеттік органдарды біздің қазақша құжаттарымызбен жұмыс жасатумыз қажет. Дәл солай әр бір кәсіп иесі осылай жасайтын болса, менің ойымша жағдай кішкене болсын өзгереді. Біздің бір кемшілігіміз дайын нәрсеге жүгінуге дайын тқрамыз...

Ссылка на комментарий
Поделиться на других сайтах

Мен ҚР азаматы ретінде қазақ тілін қолдауға қол ұшын беруге әзірмін. Атырау, Маңғыстау областарында қазақ тілі жақсы дамуған, көбіне Орал,Ақтөбе, солтүстік Қазақстан, шығыс Қазақтан, Орталық Қазақстан, Алматы, шымкент, Ел орда Астана қалаларында қазақ тілі әлсіз, екендігін бәріне мәлім, сондықтанда сіздерден сұранарым нағыз қазақ болсақ қазақ тілін дамытайық?

Алейкум ассалам. Келісе алмайды екенмін. Бүкіл елде ана тіліміз әлсіз дегеніңізге. Сіз ол жерде болмағансыз ғой деймін, сондықтан осылай ойлайсыз. Егер әр облыстық орталықтарында қазақ тілі дамымаған десеңіз дұрыс болар еді. Атырауда да, Ақтауда да биылғана болдым. Алматыдан, шығыс Қазақстаннанда (бәрі бір қай жерді айтсаңыз да) қазақ тілі жәйында асып баратқанын байқамадым, былай айтқанда айырмашылығы жоқ. Әрине, әр жерде басқаша сөйлейді. Мысалы, жол сұрасаң оңтүстікте ана жаққа пересің дейді, ақтобеліктер осы көшемен тіліп отырасың дейді, басқа жақта ұрасың дейді. Осындай ғана айырмашылықтар бар. Одан басқа жоқ. Нағыз қазақ деген жоқ нәрсе. Ол бос сөз. Осылай елді бөлүге болмайды. Бул нацизм секілді топастыққа жатады. Дамытамын десеңіз біз сияқты өзіңізден бастаңыз. Ниетіміз де тілегіміз де бір. Осыған риза болып, жоқ жерден, боққа тұрмайтын нәрсеге бәле іздемей ақ қояйық, ағайындар.

Ссылка на комментарий
Поделиться на других сайтах

Менің ойымша бірінші кезекте біз секілді қазақ заңгерлеріне жұмыс жасау керек. Қалай дейсіздер ғой, біз көбіне заң саласында орысша дайын үлгілермен пайдаланамыз. Бізге көмекке жүгінген азаматтарға орысша үлгіден пайдаланып жоба жасап береміз. Мұны мен бірінші кезекте өзіме айтып жатырмын. Біз бұл жағдайды өзгертіп, бүкіл мемлекеттік органдарды біздің қазақша құжаттарымызбен жұмыс жасатумыз қажет. Дәл солай әр бір кәсіп иесі осылай жасайтын болса, менің ойымша жағдай кішкене болсын өзгереді. Біздің бір кемшілігіміз дайын нәрсеге жүгінуге дайын тқрамыз...

мен тамыз айында Маңғыстау областық сотқа бардым, сонда судья менен иск заявл. қазақша жазбай қабылдамайтынын ескертті, мен АІ кодексінің бабын айтқанда, ол мен өзінің қазақ екенін және қайда барып шағымдансаңызда өз еркін деп шығарып салды, содан қазақша жазуға тура келді, жалпы менің ойымша қазақ тілін талап ету мемлекеттік органдар басшылар хаттарды тек қазақ тілінде қабылдау керек, соған қатаң талап керек

Ссылка на комментарий
Поделиться на других сайтах

Мысалы, жол сұрасаң оңтүстікте ана жаққа пересің дейді, ақтобеліктер осы көшемен тіліп отырасың дейді, басқа жақта ұрасың дейді. Осындай ғана айырмашылықтар бар.

Кейбір жерде сызып отырасың,-дейді ғой. :lol:

Изменено пользователем Айдос Сайланбайұлы
Ссылка на комментарий
Поделиться на других сайтах

мен тамыз айында Маңғыстау областық сотқа бардым, сонда судья менен иск заявл. қазақша жазбай қабылдамайтынын ескертті, мен АІ кодексінің бабын айтқанда, ол мен өзінің қазақ екенін және қайда барып шағымдансаңызда өз еркін деп шығарып салды, содан қазақша жазуға тура келді, жалпы менің ойымша қазақ тілін талап ету мемлекеттік органдар басшылар хаттарды тек қазақ тілінде қабылдау керек, соған қатаң талап керек

Сіз айтқандай мемлкеттік органдар тек қазақ тілінде талап еткен жағдайда, қазақ тілі төңірегіндегі көптеген мәселелер шешіліп қалар еді. Қазақ тіліне деген қажеттілік туындар еді. Қазіргідей қазақ азаматтарымыз балаларын орысша оқытпас еді. Қазақтар болса, жумыска орналасу үшін орысша курстарға бармас еді, дүкендердегі сатушылар орысша каксап тұрмас еді және т.б. Қазіргі таңда қарасаңыз? әсіресе Астана қаласында адамдар қазақша курстарға емес, керісінше күн өткен сайын орысша курстарға барып жүр.

Ссылка на комментарий
Поделиться на других сайтах

Кейбір жерде сызып отырасың,-дейді ғой. :lol:

Оралда: "Не зат?" ))))) Алғаш естігенде мен "а, не дейді?", дептім ғой )))))) Зайсанның қазақатары да қызық сөйлейді. Құдаларымыз сол жақтан тырнақты тұяқ дейді. Бірінші рет естігенде қырылып қалыптық. Үлкен қасықты қалақша деп, ал кішкентай қасықты қалақ дейді екен ))))))) Тағыда, бұрын Шымкентті Чимкент дейтінмін. Мен қайдан біліптім Ш деп айту керек екенін. Бір кезі інім сол жаққа гастрольге барып келіп айтқан: "Олар Чимкент дегенді ұнатпайды екен. Чимкенттің чыбындары учып келіп чағады", деп мазақ қылады екен Ч деп сөйлегендерді ))) Әр жерде қазақ тілдің өзінің бір сәні бар. Қытайдың қазағын тыңдасаң мүлдем белгісіз сөздерді айтады. Ұмытып қалыптым. Видеокамераның аудармасын ешқашан естімептім. Фото түсіріп алшы дейміз ғой, ал олар болса тарт дейді. Тарихқа көз қарасы мулдем басқаша.

Изменено пользователем Нуржан
Ссылка на комментарий
Поделиться на других сайтах

орысша - спички

кең байтақ елімізде - оттық, шақпақ, күкірт, кеуірт, сірінке, шірпі...

Ссылка на комментарий
Поделиться на других сайтах

орысша - спички

кең байтақ елімізде - оттық, шақпақ, күкірт, кеуірт, сірінке, шірпі...

шалбар - сым

Ссылка на комментарий
Поделиться на других сайтах

Ана тіліміз өте бай:

Мысалы, лук - пияз, сарымсақ. Огурец - қияр, бәдрен. Бауырларым, қашан заңгерлік жұмыстарымызды өзіміздің ана тілімізде жүргіземіз???? Өзімнің ана тілім үшін ішім куйеді...

Ссылка на комментарий
Поделиться на других сайтах

"......Видеокамераның аудармасын ешқашан естімептім. Фото түсіріп алшы дейміз ғой, ал олар болса тарт дейді. Тарихқа көз қарасы мулдем басқаша...."

"Тарт" дегенді біздікілер, алматылықтар, "ақанды" тартып жібереміз ғой :biggrin:

Ссылка на комментарий
Поделиться на других сайтах

Дувановтың сұхбатын оқыдым. Шынымды айтсам, оның сөздеріне сенбеймін. Орысша айтқанда "конъюнктурщик" дейді ғой. Оның сұхбатында, сондай ой кетті. ИМХО :biggrin:

Ссылка на комментарий
Поделиться на других сайтах

Дувановтың сухбатын оқыдыңыздарма? Жаңалықтарда жүр. Жақсы айтқан.

Кейбір уәждерімен келісе алмаймын. Бірақ негізгі ойы орынды айтылған.

Ссылка на комментарий
Поделиться на других сайтах

Цитата(nurlan86 @ 14.9.2011, 13:39) *

Орал,Ақтөбе, солтүстік Қазақстан, шығыс Қазақтан, Орталық Қазақстан, Алматы, шымкент, Ел орда Астана қалаларында қазақ тілі әлсіз

Шығыс Қазақстан үлкен, Семейде, кешіріңіздер артық аитсам, таза қазақша бізде деп ойлаймын.

Тақырып өте жақсы " Өзге тілдің бәрін біл Өз тіліңді құрметте!

Ссылка на комментарий
Поделиться на других сайтах

Жақында біздің телеарналарының біреуінде мынадай сұрақ қойғанын естідім: "Ер ТОрғын операсының авторы кім?", деген.

Мектеп программасынан білетінім, батырдың есімі Тарғын еді ғой. Сонымен ойланып қалдым, әлде бізде тағы басқа ТОрғын атты еріміз барма еді?

Ссылка на комментарий
Поделиться на других сайтах

форум жайлы или форум туралы ?

"Жайлы" сөзінің бірнеше мағынасы бар. Соның ішіндегі біреуі "туралы" сөзінің синонимы болып табылады. Екінші мағыныда "жайлы" сөзін орыс тіліндегі "удобно, комфортно" сөздеріне жақын :-)

Ссылка на комментарий
Поделиться на других сайтах

Жалпы, ойларыңызға мен де қосыламын. Шынымен, қазақ тілін қолданушы азаматтарымыз бен азаматшаларымыз өте аз. Тіпті жас буын өкілдері қазақша сөйлеуге ұялады ғой. Жұма күні бір кафеде болғанмын, официант қыз қазақ екен, менюдегіні қазақша сұрап жатсам ол маған қарап "говорите, я Вас понимаю" дейді, қазақтың кәдімгі қарапайым қызы ғой, соған қарағанда кейде киімге, түріне қарап әй-мынау орысша сойлеп қалған ғой - орысша сұрайын, қарапайымдау болса - қазақша айта берейін деген ой қалыптасатын шығар..

Бірде мынадай оқиға болды. Студент кезімде, осыдан 5-6жыл бұрын, визитка жайлы сұрайын деп бір офисқа кіргенім бар, ұмытпасам, офис Абай мен Масанчи көшелерінің қиылысында орналасқан,іші сондай әдемі, жайлы. Ол кезде мен егер офис әдемі, қымбат жихазбен көмкерілсе, орысша сөйлегіштер басқарады ғой деп ойлайтынмын.. Бір кіргеннен екінші бөлмеде адамдардың таза қазақ тілінде бір тақырыпта жоспар жасап сөйлесіп жатқанын көрдім, таң қалып 5 минуттай қарап қалыппын.. Білесіз бе, сондай тамсанғаным әлі есімде, тамаша көрініс. Қазақ тілінің, дұрыс сөйлесе, қандай жағымды да әдемі естілетінін көрсеңіз ғой.

Өте орынды айттыңыз. Жақында бір түнгі клубтың алдында екі жігіт қазақша сөйлесіп тұрып, клубқа кірерде "қой енді орысша сөйлейік, әйтпесе қыздар қарамай қоятын шығар" деген болатын. Не айтасың осыдан кейін

Ия, мүмкін жігіттерімізді бүлдіретін де өзіміз шығармыз. :drowning:

Ссылка на комментарий
Поделиться на других сайтах

Жақында біздің телеарналарының біреуінде мынадай сұрақ қойғанын естідім: "Ер ТОрғын операсының авторы кім?", деген.

Мектеп программасынан білетінім, батырдың есімі Тарғын еді ғой. Сонымен ойланып қалдым, әлде бізде тағы басқа ТОрғын атты еріміз барма еді?

Дұрыс байқадыңыз! Ол батырдың есімі Ер Тарғын. Жас кезімде батырлар жырын қаншама оқысам да Ер Торғын туралы ештеңе естімеппін.

Ссылка на комментарий
Поделиться на других сайтах

Жақсы бастама. Форумда қазақ тіліндегі тақырыптарды көбейтіп, тіл білуші әріптестерімізге белсенділік таныту керек.

Бүгін қазақша бір тақырып аштым. Сонда сіздердің пікірлерінізді күтемін: Мұнда

Ссылка на комментарий
Поделиться на других сайтах

Join the conversation

You can post now and register later. If you have an account, sign in now to post with your account.
Note: Your post will require moderator approval before it will be visible.

Гость
Ответить в этой теме...

×   Вы вставили отформатированный текст.   Удалить форматирование

  Допустимо не более 75 смайлов.

×   Ваша ссылка была автоматически заменена на медиа-контент.   Отображать как ссылку

×   Ваши публикации восстановлены.   Очистить редактор

×   Вы не можете вставить изображения напрямую. Загрузите или вставьте изображения по ссылке.

  • Недавно просматривали   0 пользователей

    • Ни один зарегистрированный пользователь не просматривает эту страницу.
  • Upcoming Events

    No upcoming events found
  • Recent Event Reviews

×

Важная информация

Правила форума Условия использования