Гость Алаш баласы Опубликовано 15 Октября 2011 Жалоба Share Опубликовано 15 Октября 2011 Жоғарыда аталған шығармалардан басқа мен өз басым мына романдарды оқуға кеңес берер едім: Мұхтар Мағауин "Аласапыран" Мұхтар Мағауин "Жармақ" Мұхтар Мағауин "Мен" Қабдеш Жұмаділов "Соңғы көш" Қабдеш Жұмаділов "Дарабоз" Қабдеш Жұмаділов "Таңғажайып дүние" Ақан Нұрманов "Құланның ажалы" Қажығұмар Шабданұлы "Пана" Сәкен Сейфуллин "Тар жол, тайғақ кешу" Жүсіпбек Аймауытов "Ақбілек" Жүсіпбек Аймауытов "Қартқожа" Тәкен Әлімқұлов "Ел мен жер" Смағұл Елубай "Ақ боз үй" Цитата Ссылка на комментарий Поделиться на других сайтах More sharing options...
Просто Пэт Опубликовано 18 Октября 2011 Автор Жалоба Share Опубликовано 18 Октября 2011 Кеше қызыма айтылған кітаптан бірнеше шығармаларды оқып бердім. Кітаптың аты "Жарты ғасырдың алтын қоры" екен, кішкене шатастырып алыппын. "Балдырған" журналын ашқан адам С. Мұқанов атамыз екен. Сол кісінің алғысөзі маған өте ұнады. Мағынасы - балдырған қалай өсіп өнсе, балаларымыз да солай өседі, сол балдырған өсіп жемісін берсін деп қалай оны күтсек, балаларымызды да солай өсіруіміз керек. Балалардың ер жетіп, жақсы адам болуы үшін оларға дұрыс тәрбие беруіміз керек, ал "Балдырған" журналы ата-аналарға көмегін көрсетпек. Бұл журнал қазір де шығарылады екен, оны қызымнан білдім, қазақ тілін үйренетін кабинеттерінде бұл журнал бар екен. Цитата Ссылка на комментарий Поделиться на других сайтах More sharing options...
Просто Пэт Опубликовано 18 Октября 2011 Автор Жалоба Share Опубликовано 18 Октября 2011 Екіншіден, қазір мемлекеттің тапсырысымен "Жазушы" баспасында "Қазақтың жүз романы" сериясымен таңдаулы 100 роман бастырылып шығып жатыр. Ол кітаптарды баспадан да, сауда орындарынан да сатып алуға болады. Алматыда қай жерден сатып алуға болады екен? Цитата Ссылка на комментарий Поделиться на других сайтах More sharing options...
Гость Алаш баласы Опубликовано 18 Октября 2011 Жалоба Share Опубликовано 18 Октября 2011 Алматыда қай жерден сатып алуға болады екен? "Жазушы" баспасы, менің білуімше, Баспалар үйінде орналасқан, Абай даңғылы бойымен 143-үй (Гагаринмен қиылысында), 4-ші не 5-ші қабатта болу керек. Сауда орындарында "Эврика" кітап дүкендерінің желісенде көрген сияқтымын. "Атамұрада" болу керек (Абылайхан мен Гоголь қиылысында). "Книжный город" дүкенінде қараңыз. Басқа жерлерден де табуға болады. Цитата Ссылка на комментарий Поделиться на других сайтах More sharing options...
Sofia_A Опубликовано 8 Сентября 2012 Жалоба Share Опубликовано 8 Сентября 2012 Асссалом ағалейкум, жамағат. Қазақ әдебиеті мен үшін қте қызықты тақырып. Қазақ романдарының ішінен соңғы оқығаным және ерекше ұнағаны Қажығұмар Шабданұлының "Қылмыс" романы. Бұны, меніңше, жүрегі "қазақпын" деп соғатын әр адам оқып шығу керек. сәлеметсіз бе! Бұл романды қайдан табуға болады? Цитата Ссылка на комментарий Поделиться на других сайтах More sharing options...
Sofia_A Опубликовано 8 Сентября 2012 Жалоба Share Опубликовано 8 Сентября 2012 Қазақ әдебиетінен маған Немат Келіметов, Әзілхан Нуршайықов, Ғарифолла Есім шығармалары қатты ұнайды. Тек осы кісілердің шығармаларын табу өте қыйын боп кетті :sad: Цитата Ссылка на комментарий Поделиться на других сайтах More sharing options...
Гость Гульнара Опубликовано 20 Ноября 2012 Жалоба Share Опубликовано 20 Ноября 2012 Сәлеметсіздерме! Кімде қазақ тілінде жазылған шығарманың орыс және ағылшын тілдерге аударылған нұсқалары бар, немесе қай кітапханадан нақты алуға болады айтып жіберіңіздерші өтініш! Цитата Ссылка на комментарий Поделиться на других сайтах More sharing options...
Гость аноним Опубликовано 9 Июня 2013 Жалоба Share Опубликовано 9 Июня 2013 Қан мен тер трилогиясы не туралы?мазмұнын айтып берсениз? Цитата Ссылка на комментарий Поделиться на других сайтах More sharing options...
Aldar-Kose Опубликовано 23 Октября 2013 Жалоба Share Опубликовано 23 Октября 2013 Қазіргі жазушылардың қандай шығармасын оқуға кеңес бересіз? Цитата Ссылка на комментарий Поделиться на других сайтах More sharing options...
Рекомендуемые сообщения
Join the conversation
You can post now and register later. If you have an account, sign in now to post with your account.
Note: Your post will require moderator approval before it will be visible.