Перейти к контенту
КАЗАХСТАНСКИЙ ЮРИДИЧЕСКИЙ ФОРУМ

Жеке адам өзге адамдарды жұмысқа жалдау қандай құқықтық актлермен реттеледі


HonRo

Рекомендуемые сообщения

Ққрметті, мырзалар! Біздер бір топ құрылысшылар ЖШС-тің дара қатысушысы, әрі директоры боп табылатын жеке адамның ойын сауық өткізуге арналған ғимаратын салудамыз, Келісім шарт ауызша, 6 айдан бері жұмыс істеп жатырмыз. 1 жылдан бері жұмыс істеп жүргендер де бар. Еңбек шартын жасаудан директор бас тартты, Ақшамызды ай сайын болмағанмен арасында алып жүрміз, Бірақ, табыс салығы, зейнетақы және әлеуметтік салығы дегендер аударылмай отыр, Директордан сұрасақ,"мен жеке тұлғамын және де салынып жатқан объект серіктестікі емес, жеке өзімнің меншігім болады, сондықтан шарт жасауға және аталған салықтарды,  аударымдарды  жасауға міндетті емеспін"- дейді. Бір жағынан оныкі дұрыс сияқты. Екінші жағынан қарасақ, Азаматтық, салық кодекстерінің және кәсіпкерлік туралы заңдардың қағидалары бұзылып тұрған сияқты. Біріншіден, тұрақты түрде жұмысшы жалдайтын адам кәсіпкерлік субъект ретінде тіркелуі тиіс. Жұмысшыға төленген табысынан салық ұсталынып, бюджетке аударылуы тиіс. Екіншіден, жеке азамат азаматтық-құқықтық негіздегі  шарттарды, тек қана жеке басының қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында жасай алады делінген.Үшіншіден; Әрбір азамат табыс салығын өзі есептеп төлеуі керек делінгендігін ескерсек, табысымызды жасырып,салық төлеуден жалтарып жүрген біздер де кінәлі сияқтымыз.Ойлап қарасақ, қаншама жеке тұлғалар да, заңды тұлғалар да, жұмысшыны азаматтық шарт жасауға мәжбүрлеу арқылы, жұмысшының заңдарға сай әлеуметтік көмек алу құқықтарын шектеп отырғандығы; міндетті сақтандыру, зейнетақы қорларына қаражаттың ,тіпті , салықтың да түспей отырғандығы байқалады.Зейнет жасын 67 жасқа дейін ұзарту идеясы бюджеттің тапшылығынан туындағаны рас болса, жоғарыдағы айтылған жайларды бюджеттің және тиісті қорлардың кіріс көзіне айналдырып,әйелдеріміздің уайымы мен ашыу ызасын басса болмас па екен деген ой келеді.Сіздер қалай ойлайсыздар? Директордың іс- әрекетінде заңға қайшылықтар бар ма? . 

 

Ссылка на комментарий
Поделиться на других сайтах

Директордың іс- әрекетінде заңға қайшылықтар бар ма? . 

 

Бірден нақты жауап беру қиын. Егер Сіздер Директор белгілеген уақытта жұмысқа келіп, тікелей міндеттеріңізді атқарып жүрсеніз, онда директордың бұл әрекеттері тікелей заң бұзушылыққа жатады. Мәселен, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 27 бабына сәйкес

 

 1) қызметкердің жұмысты (еңбек функциясын) белгілі бір біліктілік, мамандық, кәсіп немесе лауазым бойынша орындауы;

      2) міндеттемелердің еңбек тәртіптемесіне бағына отырып жеке орындалуы;

      3) қызметкердің еңбегі үшін жалақы алуы еңбек шартының шарттардың өзге түрлерінен ерекшелігі болып табылады.

яғни жоғарыда көрсетілген жағдайлардың біреуі болсада орын алса, онда бұл еңбек шарты болып есептеледі де Еңбек кодексінің 38 баптың 3-ші тармағы іске қосылады

 3. Жұмыс берушінің кінәсінен еңбек шарты болмаған және (немесе) тиісті үлгіде ресімделмеген жағдайда, ол Қазақстан Республикасы заңдарында белгіленген тәртіппен жауаптылықта болады. Бұл жағдайда еңбек қатынастары қызметкер жұмысқа кіріскен күннен бастап туындады деп есептеледі.

Ал егер Сіздің жұмысыңыз осындай талаптарға сай болмаса, онда ол азаматтық-құқықтық яғни мердігерлік шарт болып қалғаны ғой. Бірақ кез-келген жағдайда да Сіз осы шартты жазбаша түрде жасалуының талап етуге құқылысыз, өйткені Сізге тиесілі ақша сомасының мөлшерің қалай дәлелдейсіз?

10 пайыздық салық төлеу міндеттемесі осы жағдайда екінші мәселе болып тұр. Ол бір жағынан, екінші жағынан ол Сізге керек емес. Еңбек инспекциясына арыз жазғаныңыз абзал деп ойлаймын.

Ссылка на комментарий
Поделиться на других сайтах

Join the conversation

You can post now and register later. If you have an account, sign in now to post with your account.
Note: Your post will require moderator approval before it will be visible.

Гость
Ответить в этой теме...

×   Вы вставили отформатированный текст.   Удалить форматирование

  Допустимо не более 75 смайлов.

×   Ваша ссылка была автоматически заменена на медиа-контент.   Отображать как ссылку

×   Ваши публикации восстановлены.   Очистить редактор

×   Вы не можете вставить изображения напрямую. Загрузите или вставьте изображения по ссылке.

  • Недавно просматривали   0 пользователей

    • Ни один зарегистрированный пользователь не просматривает эту страницу.
  • Upcoming Events

    No upcoming events found
  • Recent Event Reviews

×

Важная информация

Правила форума Условия использования