Перейти к контенту
КАЗАХСТАНСКИЙ ЮРИДИЧЕСКИЙ ФОРУМ

Кісі өлімі


Гость Ақтоты

Рекомендуемые сообщения

Құжатсыз,мас күйінде көлік жүргізіп келе жатып қарсы бағыттағы автокөлікке соғып,сол көлікте оқиға орнында 3 адам қаза тауып,2 адам жарақат алды.Осыған қандай заң қолданылады? Яғни құжатсыз мас күйінде көлік жүргізіп 3 адамның өліміне себепкер болған адамға қандай заң бойынша жаза қолданылады? 

Ссылка на комментарий
Поделиться на других сайтах

Негізінде оны тек сот шешеді, мен сізге қылмыстық кодекстің бір бабын жіберіп отырмын.

99-бап. Адам өлтiру

      1. Адам өлтiру, яғни басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату –

      сегіз жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      2. Адам өлтiру:

      1) екi немесе одан көп адамды;

      2) адамның қызметтiк жұмысын жүзеге асыруына не кәсiптік немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты осы адамды немесе оның жақындарын;

      3) кінәлі адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi адамды, сол сияқты адамды ұрлаумен не кепілге алумен ұштасқан;

      4) кінәлі адамға жүктiлік жағдайда екенi көрінеу белгiлi әйелдi;

      5) аса қатыгездiкпен жасалған;

      6) басқа адамдардың өмiрiне қауiптi тәсiлмен жасалған;

      7) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;

      8) пайдакүнемдік ниетпен, сол сияқты жалдау бойынша не қарақшылықпен немесе қорқытып алумен ұштасқан;

      9) бұзақылық ниетпен;

      10) басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды жеңiлдету мақсатымен жасалған, сол сияқты зорлаумен немесе сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерiмен ұштасқан;

      11) әлеуметтiк, ұлттық, нәсiлдiк, дiни өшпендiлiк немесе араздық не қанды кек уәжі бойынша;

      12) жәбiрленушiнiң ағзаларын немесе тіндерiн пайдалану мақсатымен жасалған;

      13) бірнеше рет жасалған;

      14) көрінеу кәмелетке толмаған адамды;

      15) қылмыстық топ жасаған, сол сияқты төтенше жағдай кезiнде немесе жаппай тәртiпсiздiк барысында жасалған адам өлтiру –

      мүлкi тәркiленіп немесе онсыз, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыруға жазал

Ссылка на комментарий
Поделиться на других сайтах

1 час назад, Гость Ақтоты сказал:

Құжатсыз,мас күйінде көлік жүргізіп келе жатып қарсы бағыттағы автокөлікке соғып,сол көлікте оқиға орнында 3 адам қаза тауып,2 адам жарақат алды.Осыған қандай заң қолданылады? Яғни құжатсыз мас күйінде көлік жүргізіп 3 адамның өліміне себепкер болған адамға қандай заң бойынша жаза қолданылады? 

Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 345-бабының, 4-ші тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалады, яғни:

345-бап. Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы

      1. Автомобильдi, троллейбусты, трамвайды не басқа да механикалық көлiк құралын басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтiруге әкеп соққан бұзуы –

      белгілi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жетпіс бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

      2. Абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтiруге әкеп соққан дәл сол іс-әрекет –

      белгілi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет –

      белгілi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      4. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет –

      белгілi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан жеті жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ссылка на комментарий
Поделиться на других сайтах

Join the conversation

You can post now and register later. If you have an account, sign in now to post with your account.
Note: Your post will require moderator approval before it will be visible.

Гость
Ответить в этой теме...

×   Вы вставили отформатированный текст.   Удалить форматирование

  Допустимо не более 75 смайлов.

×   Ваша ссылка была автоматически заменена на медиа-контент.   Отображать как ссылку

×   Ваши публикации восстановлены.   Очистить редактор

×   Вы не можете вставить изображения напрямую. Загрузите или вставьте изображения по ссылке.

  • Недавно просматривали   0 пользователей

    • Ни один зарегистрированный пользователь не просматривает эту страницу.
  • Upcoming Events

    No upcoming events found
  • Recent Event Reviews

×

Важная информация

Правила форума Условия использования