Перейти к контенту
КАЗАХСТАНСКИЙ ЮРИДИЧЕСКИЙ ФОРУМ

Рекомендуемые сообщения

Құрметті юрист мырзалар! Мені алдыма 2-топтағы мүгедек, зейнеткер келіп, жөн көрсетуді сұрап отыр. Оған түсінікті болу үшін қазақша жазуымды өтініш қылды. Мән-жай былай болған екен. 11.03.2021 ж. ЖСО-дан айыппұл төлеу туралы хабарлама келген. Сот орындаушыдан алған,ӘҚБ іс жөніндегі қаулыны 19.02.2020ж. аудандық полиция бөлімінің әкімшілік бөлімінің инспекторы шығарған екен, Ал, бұл туралы зейнеткер еш хабарсыз, тек осы ЖСО-дан біліп, танысқан екен. Қаулы орысша мәтінде жазылған соң, маған келгені ғой. Қаулы бойынша, мүгедек-зейнеткер ӘҚБК-нің 434-2 бабы 1 (Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау) кінәлі деп танылып,13255тг айыппұл салынған. Кодекске сәкес, шығарылған қаулы 04.03.2020ж күшіне енген, 03.04.2020ж айыпұлды өз еркімен төлеу мерзімі аяқталған. Осы күннен кейін, 10 күн мерзім ішінде, яғни,13.04.2020 ж дейін. қаулы сот орындаушылар палатасына жіберілуі тиіс екен. Алайда, сот орындаушының дерегі бойынша, қаулы,ЖСО-ға, 2020жылдың қазан айында берілген. Ал, ЖСО өзінің хабарламасын 2021 жылдың наурыз айының 09 күні(5 айдан кейін?) почта арқылы жіберіп отыр. Жасалған ӘҚБ жөніндегі электрондық хаттама да, қабылданған қаулы да ӘҚБК-нің талаптарын бұзып жасалғандығы көрініп тұр. Дегенмен, біздің білгіміз келетіні; ӘҚБК- нің 826-2-бап, 2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға шағым, наразылық – қаулының көшірмесі табыс етілген күннен бастап он тәулік ішінде, ал осы Кодекстің 744, 745, 746, 747, 748 және 753-баптарында көрсетілген тұлғалар істі қарауға қатыспаған жағдайда, қаулыны алған күннен бастап беріледі.- дегенге сүйеніп, шағым береген дұрыс па, әлде, 890-бап, 1. Егер әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама – заңды күшіне енген күнінен бастап бір жыл ішінде, ал салық салу және Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтар үшін заңды күшіне енген күнінен бастап бес жыл ішінде орындалмаса, ол орындалуға жатпайды.- дегенді пайдаланып. ештеме істемей-ақ қойсақ бола ма?

Ссылка на комментарий
Поделиться на других сайтах

Join the conversation

You can post now and register later. If you have an account, sign in now to post with your account.
Note: Your post will require moderator approval before it will be visible.

Гость
Ответить в этой теме...

×   Вы вставили отформатированный текст.   Удалить форматирование

  Допустимо не более 75 смайлов.

×   Ваша ссылка была автоматически заменена на медиа-контент.   Отображать как ссылку

×   Ваши публикации восстановлены.   Очистить редактор

×   Вы не можете вставить изображения напрямую. Загрузите или вставьте изображения по ссылке.

  • Недавно просматривали   0 пользователей

    • Ни один зарегистрированный пользователь не просматривает эту страницу.
  • Upcoming Events

    No upcoming events found
  • Recent Event Reviews

×

Важная информация

Правила форума Условия использования