Перейти к контенту
КАЗАХСТАНСКИЙ ЮРИДИЧЕСКИЙ ФОРУМ

HonRo

Рекомендуемые сообщения

Құрметті юрист мырзалар! Менің алдыма 2-топтағы мүгедек-зейнеткер келіп, жөн көрсетуді сұрап отыр. Оған түсінікті болу үшін қазақша жазуымды өтініш қылды. Мән-жай былай болған екен. 11.03.2021 ж. ЖСО-дан айыппұл төлеу туралы хабарлама келген. Сот орындаушыдан алған, ӘҚБ іс жөніндегі қаулыны 19.02.2020ж. аудандық полиция бөлімінің әкімшілік бөлімінің инспекторы - Даулетов Нургали шығарған екен, Ал, бұл туралы зейнеткер еш хабарсыз, тек осы ЖСО-дан біліп, танысқан екен. Қаулы орысша мәтінде жазылған соң, маған келгені ғой. Қаулы бойынша, мүгедек-зейнеткер ӘҚБК-нің 434-2 бабы 1 (Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау) кінәлі деп танылып,13255тг айыппұл салынған. Кодекске сәйкес, шығарылған қаулы 04.03.2020ж күшіне енген, 03.04.2020ж айыппұлды өз еркімен төлеу мерзімі аяқталған. Осы күннен кейін, 10 күн мерзім ішінде, яғни,13.04.2020 ж дейін. қаулы сот орындаушылар палатасына жіберілуі тиіс екен. Алайда, сот орындаушының дерегі бойынша, қаулы,ЖСО-ға,2020жылдың қазан айының 17 күні берілген. Ал, ЖСО өзінің хабарламасын 2021 жылдың наурыз айының 09 күні(5 айдан кейін?) почта арқылы жіберіп отыр. Жасалған ӘҚБ жөніндегі электрондық хаттама да, қабылданған қаулы да ӘҚБК-нің талаптарын бұзып жасалғандығы көрініп тұр. ӘҚБК- нің 826-2-бап, 2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға шағым, қаулының көшірмесі табыс етілген күннен бастап он тәулік ішінде, ал осы Кодекстің 744, 745, 746, 747, 748 және 753-баптарында көрсетілген тұлғалар істі қарауға қатыспаған жағдайда, қаулыны алған күннен бастап беріледі.- дегенге және 890-бап, 1. Егер әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама – заңды күшіне енген күнінен бастап бір жыл ішінде, ......  орындалмаса, ол орындалуға жатпайды.- дегенге сүйеніп, шығарылған қаулыға Qamqor ақпараттық сервисі арқылы шағым берген екен. Алайда, шағымды сол-Даулетов Нургалидың өзі қарап, қанағатандырмай тастапты Әрі қарай не істеуге болатын көрсетуді сұрайды. Файылдар тіркелді.

Шағым, тіркемелер Сжатый.pdf АРНАЙЫ ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТІ.pdf Арест на банковские счета.xlsx Постановление о возбуждении исполнительного производства.pdf Қанағаттандырудан бас тарту.odt

Ссылка на комментарий
Поделиться на других сайтах

Кеш жарық. Қазақстан Республикасы 2010 жылғы 2 сәуірдегі "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" Заңына сәйкес, атқарушылық құжатты орындауға беруге арналған мерзiм атқарушылық құжат орындауға берілгенде үзіледі. Осыған орай, 2020 жылғы ақпан айында шығарылған атқарушылық құжат 2021 жылдың ақпан айына дейін орындалуға жолдануы мүмкін. Қарастырылып отырған жағдай бойынша, ЖСО-ның орындауындағы атқарушылық құжат заңмен белгіленген мерзімде түсті, осыған орай, бұл жағдайда, Кодекстің 890-бабы қолданылуға жатпайды. Өз кезегінде, егер де азамат шығарылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулымен келіспесе, өткізіп алған мерзімді қалпына келтіру туралы тиісті арызбен бірге қаулыға шағымды тиісті уәкілетті органға жолдауға құқылы. Алайда, бұл жағдайда өткізіліп қалған мерзімнің өткізу себептерін тиянақты және дәлелдемелі көрсету керек. 

Ссылка на комментарий
Поделиться на других сайтах

Join the conversation

You can post now and register later. If you have an account, sign in now to post with your account.
Note: Your post will require moderator approval before it will be visible.

Гость
Ответить в этой теме...

×   Вы вставили отформатированный текст.   Удалить форматирование

  Допустимо не более 75 смайлов.

×   Ваша ссылка была автоматически заменена на медиа-контент.   Отображать как ссылку

×   Ваши публикации восстановлены.   Очистить редактор

×   Вы не можете вставить изображения напрямую. Загрузите или вставьте изображения по ссылке.

  • Недавно просматривали   0 пользователей

    • Ни один зарегистрированный пользователь не просматривает эту страницу.
  • Upcoming Events

    No upcoming events found
  • Recent Event Reviews

×

Важная информация

Правила форума Условия использования