Перейти к контенту
КАЗАХСТАНСКИЙ ЮРИДИЧЕСКИЙ ФОРУМ

Ал сіздің санаңыз қандай?


Гость jelmaia

Рекомендуемые сообщения

Құлдық сана мен ұлттық сананың теке тіресі

Қазақстан Парламенті Эстония Үкіметі­нің іс-әрекетіне қарсы Үндеу қабылдады. Бірақ депутаттар бұл істе бірауызды бо­ла алмай, екіге жарылды: Амангелді Айталы бастаған ұлтжанды азаматтар азат етуші жауынгерге қойылған ескерт­кішті бауырластар зиратымен бірге Тал­линн орталығынан шығарып тастауымен отаршыл саясатқа деген көзқарасын біл­дірген эстондықтарға жекіріп, жұды­рық түюді жөнсіз санап, Үндеуге қосы­лудан бірден бас тартты. Үндеу мәтініне депу­тат Әбілқасымов те қарсы болды: бірақ ол ашу-ызаны эстондардың орнын көр­сетердей мейлінше қатаң түрде білді­руге шақырды.

Қазақстан Парламенті Эстония Үкіметі­нің іс-әрекетіне қарсы Үндеу қабылдады. Бірақ депутаттар бұл істе бірауызды бо­ла алмай, екіге жарылды: Амангелді Айталы бастаған ұлтжанды азаматтар азат етуші жауынгерге қойылған ескерт­кішті бауырластар зиратымен бірге Тал­линн орталығынан шығарып тастауымен отаршыл саясатқа деген көзқарасын біл­дірген эстондықтарға жекіріп, жұды­рық түюді жөнсіз санап, Үндеуге қосы­лудан бірден бас тартты. Үндеу мәтініне депу­тат Әбілқасымов те қарсы болды: бірақ ол ашу-ызаны эстондардың орнын көр­сетердей мейлінше қатаң түрде білді­руге шақырды.

Эстонияға жедел аттандырылатын парламенттік Үндеудің мәтінін әзірлеуді Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы өз мойнына алған болатын, оның бар шын­дықты бетке айтатын турашыл депутаттың бірі саналатындықтан, кейбіреулер Эстония үкіметінің қарекетін айыптайтын құжаттың өне бойын ашу кернеп тұрады деп күткенге ұқсайды. Әйткенмен оның жазғанының иі жұмсақтау болып шықты да, бұл бірқатар әріптесінің зығырданын қайнатты. Әсіресе, депутат Әбілқасымов­тың дауысы қаттырақ шыққан еді. «Оу, біз мұнда неге бәрін сылап-сипап отырмыз? –деді ол. – Болған шындықтың көзге ұрып тұруы керектігі қайда? Ресейдің, соның ішінде (?) Қазақстанның жауынгерлерінің сүйектерін қазып тастады. Ендеше, наразы­лық білдіру аз, ашу-ызамызды танытуға тиіспіз. Олар осылай фашизмді жеңген бүкіл Кеңес Одағының бетіне түкірді. Ащы, сүйектен өткізіп жазуымыз қажет, орнына қайтарыңдар деу керек. Дипломатия тілімен дипломаттар жазсын, ал біз дипломат емеспіз ғой. Онда орыстілді барлық тұрғындар азаматтықтан шеттетіл­ген, сайлауда дауыс бере алмайды. Сондық­тан біз Орта Азиядағы көшбасшы мемлекет ретінде қатаң үн қатуға тиіспіз!» Осы тарапта бұл сөздер ұлтжанды депутаттар­дың наразылығын туғызды.

– Біз де Ұлы Отан соғысына қатысқан әскеридің баласымыз, – деді Амангелді Айталы. – Біз де іштей осындай әрекетке келіс­пейміз. Бірақ шындықтың екінші жағы бар: екі ғасыр бойында Ресей эстон еліне үш рет баса-көктеп кірген. Үш рет отарлаған. Соңғысы ІІ дүниежүзілік соғыс­та болды. Бұл – аннексия, бұл – бас­қын­шылық. Эстондықтардың ойынша, сол соғыс кезінде Балтық жағалауы елдерін басып алу үшін екі құзғын – фашистік Гер­мания мен тоталитарлық КСРО таласқан. Кеңес үкіметі жеңді, тоталитарлық-социалистік жүйені таңды. Эстонияның интеллигенциясын Сібірге қуды, қуғын-сүргінге ұшыратты. Ал егер кеңес әскері Эстонияны азат етіп, ар жағында өздеріңіз саяси таңдау жасаңыздар, тәуелсіз ел болыңыздар десе, эстондықтардың жауабы басқаша болар еді. Эстондықтардың тарихи санасымен, ұлттық намысымен есептесуге тиіспіз, – деген халық қалаулы­сы бітер істің біткендігін, демек, бұл жерде құр кіжінуден ешқандай абырой таппай­тынымызды жеткізді. Сосын Үндеуге қосылудан бас тартатынын мәлімдеді. Амангелді Айталы ағамызды Тоқтар Әубәкіров қолдады. «Мен Айталының айтқанымен келісемін, сонымен бірге Әбілқасымов мырзамен келіспеймін, – деді ол. – Жағдай басқа, құқыңыз жоқ. Біз – халықтың өкіліміз. Біздің аузымыздан шыққан әр сөзді халық айтуға тиіс. Үндеу­ді басқа сипатта жазбақ бұрын ең алдымен округқа барып, халықпен ақылдасып алу керек, содан кейін барып, қол қоя бер». Алайда Ерасыл Әбілқасымов депутат Мұхтар Тінікеев тарапынан жақтас тапты.

– Қарсы шығып отырған құрметті әріптестерімнің естеріне салғым келеді, – деді Мұхтар Тінікеев. – Менің атам Украинаны азат ету жолында мерт болған. Мен де әскери жағдай енгізілген тұста Польшада әскери борышымды өтеп жүрдім. Сонда поляктардың бізге деген көзқарасына куә болдым, бізді тас лақты­рып қуғандай болды, «кетіңдер, басқын­шылар!» деп айғайлады. Ал сол жерді азат ету үшін кезінде 330 мың кеңес жауынгері өмірін қиған жоқ па? Бірақ бұрыннан Еуропаның қанатының астында болған Польша мен Эстонияны салыстыру­ға болмайды! – дей келе депутат Эстон мемле­кетін Кеңес Одағына жетектетіп жіберген «Рибентроп-Молотов фактісінің» ендігі тарих­қа айналғандығын, ал тарихты құр­меттеу керектігін айтып, Эстонияның қазір­гі әрекетін «вандализм» деп атауды ұсын­ды. «Мұның бәрі орыстілді тұрғындар­ды аластауға бағытталған. Мынау әрекет сылтау ғана», – деді Мұхтар Тінікеев. Осы орайда халық қалаулысы Әлихан Бәймен­овтың өте бір салмақты сөз айтқанын атап өткен жөн. Оның айтқаны көпті ойлантып тастады.

– Үлкен империяның құрамында болған мемлекеттердің тағдыры өте аянышты әрі күрделі, – деді ол, – оған біржақты баға беру қиын. Біз фашистерді жеңген жауынгердің де ұрпағымыз. Бірақ сонымен бірге бірнеше миллион азаматы жаппай қуғын-сүргінде құрбан болған елдің де ұрпағымыз. Біз – Сәкен, Ілияс, Ахмет, Мағжан, Міржақыптардың ұрпағы­мыз! Ендеше, осындай жауапты мәлімдеме қабылдаған кезде осыны ұмытпауымыз керек. Мысалы, Астана орталығындағы Кеңес тұсындағы қуғын-сүргін құрбанда­ры­на арналған ескерткішті көшіргелі жатыр. Сол кезде біз үндеу қабылдаймыз ба? Сосын Мұхтар Тінікеев айтып жатыр, Таллиндегі «Бауырластар зиратындағы» қазба жұмыстарына депутаттарды жібермей жатыр деп. Біз, жалпы, сол елде болып жатқан жағдай туралы анық ақпарат алып отырмыз ба? «Хабар», «Қазақстан», «Еге­мен» мен «Казправданың» сол елдерде тіл­ші­лері бар ма? Біз әлемдегі жағдайды бағалау үшін оған өз көзімізбен қарауымыз керек. Осыны ойладық па, Үндеу қабыл­дағанда?

Жұрт жым-жырт үнсіз қалды. Сосын төраға міндетін атқарушы Сергей Дьяченко дауыс беру режимін қосуға бұйырды. Оның нәтижесінде Үндеуге ашық қарсы шыққан төртеу мен оған өз қолдарын қоюдан бас тартқан алтаудың қарсылықтарын еңсерген 52 депутат Үндеуді қабылдап жіберді. Әрине, бұл жерде мәселе қалай болғанда жалғыз осы Үндеуде емес еді, мәселе біздің эстондықтар қадамын қалай қабылдағанымызда, ұрпаққа не деп түсіндіруімізде болатын. Рас, көңіл білдірген, бойымыз үйренген серігімізді – одақтас орысты қолдаған дұрыс-ақ, бірақ «өз атаңнан артық емес» деп бір зекіп қойсақ етті. Соған барған Айталылардың барлығына шүкіршілік...

Айхан ШӘРІП

http://www.aikyn.kz/site.php?lan=kaz&id=166&pub=10191

Ссылка на комментарий
Поделиться на других сайтах

Oz pikirim. Ата-бабамыз майданда согысып, шын журектен, адал ниетпен Кенес Одагын Отанындай коргаган. Ескерткиш сол, оз омирин аямай, баска жанды сактап калган жауынгерлерге орнатылган. Бул жерде саясатка орын жок.

Эстондык Парламенттин тирлиги адамгершиликке жатпайды. Европа Одагынын тирлиги еки-стандартты, ойткени олар холокостты кабылдамагандарга тиым салуды былтыр гана жариялаган.

Берлинде, Рейхстагтын алдында биздин жаунгерлердин курметине бир неше ескеркиш тур. Оны жергиликти немистер де аялайды. Ескерткиш кутимдери биздикинен алде кайда жогары.

Ссылка на комментарий
Поделиться на других сайтах

Қазір өмірге, тарихқа деген көзқарас өзгеріп келе жатыр, онан әрі де өзгере бермек. Тәуелсіз Қазақ елінде туған ұрпақ кезінде бізге ортақ отанымызды қорғау соғысы деп дәріптеткен соғысқа басқаша көзбен қарамақ. Белгілі әнде айтылғандай қазақтың орыс империализмінің "тас бұғауынан" босағаны рас болса, 1731 ші жылында патшалық ресей бастаған колониалдық саясатты советтік ресей жалғастырып салт санамызға бұғау салғаны рас болса онда кеңестік дәуірге сол кездегі құлдық санамен емес қазіргі еркін көзқараспен қарау керек деген ойдамын. :lol: Кеңес өкіметі кезінде дәріптелген құндылықтарды ресейдің соңынан еріп тәуелсіз қазақ елі де дәріптеуге міндетті емес. :mat: Жарайды, аталарымыз кезінде сол кездегі отаны үшін қанын төгіп, ерлігін көрсетті. :bum: Соның өзінде орыс шовинизмі солардың дұрыс бағасын бермеді. Рақымжан Қошқарбаевтің ерлігін енді ғана мойындаын деді мысалы. Батырды кезінде ұлықтап, бұл атақтың мәні бар кезде тиісті бағасын бермеген соң қазір мұның пайдасы көк тиынның құнынан кем. Қазір амалы таусылғаннан, өздеріне қосшы қылып алатын ешкімнің жоқтығынан бізге орысша айтқанда подачка бергісі келеді. Ұлы Отан соғысы деудің қаншама қажеті бар? Ол ресей үшін солай шығар ал біз үшін әлемдегі ресми аты бойынша 2-ші дүние жүзілік соғыс болуы керек. Орыс пен Немістің қырқысқан соғысына жазықсыздан жазықсыз біздің аталарымыз қан төкті. 16 шы жылы патшаға әскер болмаймыз деп көтерілген қазақ ол кезде көтерілмеді. Ресми деректер 500.000 ға жуық қазақтың қыршыннан қиылғанын мәлімдейді. Қазақтың демографиялық құрылымына қаншалықты зиян. Қазір санымыз 50 милионнан артылып жатар ма еді қайдам. Болар іс болды. Сарбаздарды есте сақтаймыз, бірақ бұл соғысты келер ұрпаққа дәріптеудің қажеті жоқ. :hi: Тауелсіз Қазақ елінің еркіндік сүйер ұрпағы уақыты өткен, колониялқық саясаттың қалдығымен сусындамауы керек. :lol: Басқа құндылықтарымыз жетіп артылып жатыр ешкімге төсеніш болудың керегі жоқ. Өйткені кеңестік символиканы дәріптеу - бостандық үшін соғысып сол тұғырда алдымен патшалық кейін советтік жүйенің құрбаны болған ата баба рухына қиянат болып саналады. :gaz: Біздің санамыз уланған көп нәрсені қабылдау қиын, ресейге бір бүйрегіміз бұрып ақ тұрады. :gaz: Айтматовтың романындағы мәңгүрт сияқтымыз. Келешек ұрпағымыздың басына да сондай пұшпақ кептелмесін десек өмірге, құндылықтарға еркін көзбен қарайық ағайын. :lam: Еркін көзқарасқа мысал керек болса сол Эстондықтардың әрекетіне қараңыз. Таллинді алған кезде ешқандай қантөгіс болған жоқ, немістер қашып кеткен. Орыс артынан кіріп басып алды, азат еткен жоқ деп өз еркін көзқарасын жариалап батыл қадамын жасады. Қадамын жасағанда сүйектерін шашып лақтырып тастаған жоқ, адамша апарып басқа жерге көмді. Қарасаңыз қазіргі тұрған жері әдемірек те :). Ресейдің еліруінің себебі ықпалының жоғалуына. Ал құлдық санаға мысал керек десеңіз біздің Парламенттің ісі. Оу бір жерлеріңе біреу біз тығып алды ма, отырсай тып-тыныш қана. Жұрттың бәрі ол ресей мен эстонияның іш мәселесі деп отырса, біздікілер килігіп сабынсыз кіріп бара жатады қашан көрсең. Баяғыда балтық елдері біз Кеңес одағынан шықтық деп жария жасағанда тағы сол кездегі біздің Жоғарғы кеңес, ойбай бұл бәріміздің отанымыз, таратпайық обал болады деп хат жазғаны бар. 16 жыл тәуелсіз мемлекет болғанда санамыз сол қалпы. Құлдықтан арыла алмай келе жатырмыз... :lol:

Ссылка на комментарий
Поделиться на других сайтах

  • 2 weeks later...

"Жарайды, аталарымыз кезінде сол кездегі отаны үшін қанын төгіп, ерлігін көрсетті." - дейсин. Ата-бабанын отаны баска, сенин отанын баска ма? Баска жерлерин котермейак кояйн. Мен тарихти, ата-бабамды жане Отанымды озгертпеймин.

1731 ши жылдан 1918 жылга дейн, 200 жылда Казакстан калай дамыган? Сол кулдык еди. 1918 ден 1991 дын арасында кандай озгерис болды. 70 жылда кетпеннен Байконыр космодромына дейн жеттик, бейбилим халыктан 99.5 процентти басты билими бар халыкка айналдык. Осыны кулдык деп санайсыз ба? Казир билим томендеп бара жатыр, ондиристи 1991 жылгы денгейге али апара алмадык, Конституцияга бир аптада озгерис енгиземиз, жемкорлык токтата алатынымызга коз жетпейди, экономикамыз шетелге тауилди. Осы аззаттык ба?

Казак рухы казирги Казакстанда баягы Кенес Одагынын заманынан кори тез курып жатыр. Сенбесениз, сол заманнын казакша журнал, газет, китап тираждарын казирги заман тиражымен салыстырыныз. Адеби сапасын салыстырмай ак кояйн.

Баска дауласпаймын. Улы кенести улы китапта табарсыз: "Окы! Окы! Окы!"

Пропаганданын, саясат модасынын, "Пепси-Кола Заманынын" кулы болма.

Изменено пользователем McBiten
Ссылка на комментарий
Поделиться на других сайтах

Join the conversation

You can post now and register later. If you have an account, sign in now to post with your account.
Note: Your post will require moderator approval before it will be visible.

Гость
Ответить в этой теме...

×   Вы вставили отформатированный текст.   Удалить форматирование

  Допустимо не более 75 смайлов.

×   Ваша ссылка была автоматически заменена на медиа-контент.   Отображать как ссылку

×   Ваши публикации восстановлены.   Очистить редактор

×   Вы не можете вставить изображения напрямую. Загрузите или вставьте изображения по ссылке.

  • Недавно просматривали   0 пользователей

    • Ни один зарегистрированный пользователь не просматривает эту страницу.
  • Upcoming Events

    No upcoming events found
  • Recent Event Reviews

×

Важная информация

Правила форума Условия использования