Перейти к контенту
КАЗАХСТАНСКИЙ ЮРИДИЧЕСКИЙ ФОРУМ
САМАТ

Қандай бапты қолдануға болады?

Рекомендуемые сообщения

Қайырлы таң, әріптестер

Ресми тілдегі форумда осы мәселемді көтергеніме бірнеше күн өтсе де, тұшымды жауап ала алмаған соң, өзіміздің қандастардан артық кеңесші жоқ екеніне көзім жетіп, келесі сұрақ бойынша пікір бөлісулеріңізді өтінемін.

Мекеменің өзге қаладағы өкілдігінің басшысы мекеме атынан келісім шарт жасап, оған өзінің қолын қойған, және ең сорақысы - мекеме мөрін сканер арқылы көшіріп, келісім шартқа қойған. Тиісті түсініктемесін алдым, ол барлығын да мойындап отыр. Үлкен кісіміз онымен жұмыс жасап болдым, маған тиісті құжаттарды ресімде деп тапсырды.

Енді сұрақ - Еңбек кодексінің қайсы бабына сай, кінәлімен жасалған еңбек шартын бұзуға болады? 54 бапты қолдануға негіз таба алмадым. Қызметкермен материалдық жауапкершілік туралы келісім шарт жасалмаған, ол қаржылық есептіліккке жауапкершілік артпайды. Мекеменің ішкі құжаттарында жалған құжат жасағаны мен мөрді заңсыз қойғаны үшін жауапкершілік көзделмеген.

Қылмыстық кодекстен де жеке меншік мекемелердің мұндай мәселелеріне қатысты бап табылмады.

Поделиться этим сообщением


Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

Егер өз бетінше кетпесе онда құқық қорғау органдарына арыз жазып, жұмысынан шеттету қажет. Сосын көре жатарсыз тергеу барысын.

Поделиться этим сообщением


Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

Менің ойымша, бұл қызметкерді қылмыстық жауапкершілікпен қорқытып, өэ еркімен ЕШ бұзу туралы арыз жаздыртып, жұмыстан босату керек. Алайда, бұл жерде қылмыстық жауапкершілікке тартуға негіз жоқ. Себебі, ол шартқа "өзінің" қолын қойған (біреудің қолын салған жоқ қой). Демек бұл жерде, заң және құрылтай құжаттармен берілген өкілеттіктер шегін асыра отырып жасалынған мәмілеге тап болып отырмыз. Ал қылмыстық жауапкершілік болу үшін, өкілеттіктерді теріс пайдаланғаны нәтижесінде, материалдық залал келтірілуі міндетті.

Поделиться этим сообщением


Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

Құқық қорғау орындарына арызданғанмен де, оны пока соттың шешімі шықпай жұмыстан шеттете алмаймын ғой, солай емес пе?

Әлде, құқық қорғау органының қылмыстық іс қозғаутуралы қаулысы Еңбек кодексінің 50 бабының 1 тармағын қолдануға негіз бола ма?

Поделиться этим сообщением


Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

Қызметкердің әрекеттері нәтижесінде фирмаға материалдық залал келтірілді ме?

Поделиться этим сообщением


Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

Залал жоқ, бұл кіріс келісім шарты. Түсініктемесінде "Тапсырыс беруші асықтырғандықтан головной офистан келісім шарттың түпнұсқасын күтпей-ақ, өзім қол қоя салдым және мөрді сканировать еттім" дейді. Сонымен қатар, "Мен мекемеге ешқандай зиян келтірген жооқпын, неге мен жұмыстан шығуым керек" деп ағамыз қақшиып отыр.

Ал үлкен кісі қатты ренжулі

Поделиться этим сообщением


Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

Әлде, құқық қорғау органының қылмыстық іс қозғаутуралы қаулысы Еңбек кодексінің 50 бабының 1 тармағын қолдануға негіз бола ма?

жоқ болмайды. Шеттетіруге арнайы ұйғарым шығарылады. Ондай құжатты прокуратура органдары шағарғанды көргенмін.

ең тиімді вариант келліссөздер арқылы қызметкерге бұл жерде бұдан былай қызмет етуі екі талай екенін түсіндіріп, өз атынан босату туралы арыз алу шығар.

Поделиться этим сообщением


Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

Ол белгілі ғой. Бірақ та қызметкер өз қаласында біз секілді бір заңгерден кеңес алған болуы керек, мені жұмыстан шығаруға негіз жоқ деп жүрген көрінеді.

Бас қатулы, қалай жасасам екен деп.

Поделиться этим сообщением


Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

Тағы бір вариант -

қазіргі құқықбұзушылық үшін тәртіптік жауапкершілікке тартып, келесі құқықбұзушылығын күту (немесе екінші рет қызметтік міндеттерін бұзуына жағдай жасау :smile: ). сонда, мүмкін 54 баптың 1 тармағы 13) тармақшасы бойынша ЕШ бұзуға негіз болатын шығар :smile:

Поделиться этим сообщением


Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

Бас қатулы, қалай жасасам екен деп.

Тоталды бақылау процессіне жүгініңіз - 5 минут кешікті ме ескерту, тапсырманы орныдамады ма? - тағы да .... Өзақ кетеді сосын

Поделиться этим сообщением


Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах
Гость
Ответить в этой теме...

×   Вы вставили отформатированный текст.   Удалить форматирование

  Допустимо не более 75 смайлов.

×   Ваша ссылка была автоматически заменена на медиа-контент.   Отображать как ссылку

×   Ваши публикации восстановлены.   Очистить редактор

×   Вы не можете вставить изображения напрямую. Загрузите или вставьте изображения по ссылке.

Зарузка...

  • Недавно просматривали   0 пользователей

    Ни один зарегистрированный пользователь не просматривает эту страницу.

  • Upcoming Events

    No upcoming events found
  • Recent Event Reviews

×

Важная информация

Правила форума Условия использования