Перейти к контенту
КАЗАХСТАНСКИЙ ЮРИДИЧЕСКИЙ ФОРУМ

Мақал-мәтел сайысы


Гость МОЛОДОЙ

Рекомендуемые сообщения

Иә, "І" әріп артық екен.

Мысалы былай мағынасы, сіз банктен кредит алып, оны төлей алмай, қарыз болып батып кетіп, ешкімге айтпай жүре бересіз :good_evil: Туыстарыңыз біреуден естіп,сурайды, сен банкке қарыз екенсің ғой деп. Сіз айтасыз, жоқ, қарыз емеспін, бәрі жақсы, деп :clap: . Бір күні сот орындаушылар келіп :fkr: , елдің көзінше, абыройыңызды айрандай төгіп, үйіңізден сізді шығарып :fkr: , заттарыңызды көшеге лақтырып кеткенде, сонда ел айтады "Ойбұй, міне, ауыруды жасырсаң, өлім әшкерлейді. Қарыз екенін мойындамай қойып еді"- деп. :duel:

Рахмет! Керемет түсіндіру.

Ссылка на комментарий
Поделиться на других сайтах

  • Ответы 541
  • Created
  • Последний ответ

Top Posters In This Topic

Қызды асырай алмаған күң қылады,

Ұлды асырай алмаған құл қылады.

Жібекті түте алмаған жүн қылады,

қызды күте алмаған күң қылады.

Кәрі қыз ер таңдамайды,

Өлген ер жер таңдамайды.

Ссылка на комментарий
Поделиться на других сайтах

Бойдақтарға және болашақ құдаларға арналады :good_evil:

Көп беріп, көргенді жерден қыз алсаң,

тік тұрып мейманыңа қызмет етер,

аз беріп көргенсіз жерден қыз алсаң,

қойныңа жатқанын да міндет етер.

Ссылка на комментарий
Поделиться на других сайтах

Дос жылатып айтар,

дўшпан кїлдіріп айтар.

Досыѕмен кґп сґйлеспе,

жолынан ќалар,

дўшпаныѕмен кґп сыйласпа,

сырыѕды алар.

Ссылка на комментарий
Поделиться на других сайтах

Гость Айдос Сайланбайұлы

Қазақтын жауы - қазақ.

Мына мақалды бірнеше рет естігенмін. Оның мағынасын, мәнін қалай түсінесіздер?

Менің ойым: Бұл мақал сол репрессия, колективтендіру кезінде шыққан деп ойлаймын. Өйткені, сол кезде біздің бетке ұстар азаматтар қырылып кетті ғой. Соны Мәскеуде отырып, Стекең қайдан білген, егерде осы жерде отырған өзіміздің бауырларымыз бірін-бірі көрсетпесе. Сондықтан, Абай атамыздың айтқан сөзі өте орынды "Біріңді қазақ бірің дос,көрмесеңіз істің бәрі бос".

Ссылка на комментарий
Поделиться на других сайтах

Жігіт жанған шоқ блсын

Шоқ болмаса, жоқ болсын

Аты атанбаған жігіттен, аты атанған төбе артық

Ойпырмай, сол қызды-ай...Гүлеке, мақтамен бауыздап жатырсыз ғой жігіттерді...Аты атанғаныңыз бар ма екен қасыңызда?

Ссылка на комментарий
Поделиться на других сайтах

Ойпырмай, сол қызды-ай...Гүлеке, мақтамен бауыздап жатырсыз ғой жігіттерді...Аты атанғаныңыз бар ма екен қасыңызда?

Жігіттердің қыздар туралы кейбір жазғанарын оқып намыстанып жатқаным ғой, бірақ қанша намыстанғанмен қазақ жай айтпаған ғой.

Ал қасымда атанған болсын атанбаған болсын ол жігіттің бар жоғы сізді неге сонша мазалап отыр екен? :crazy:

Ссылка на комментарий
Поделиться на других сайтах

жақсы әйел жаман еркекті түзетеді

жаман теке сүзіскек

жаман еркек тырысқақ

жақсы әйел жарым ырыс

жақсы әйел жарының жақсысын асырар, жаманын жасырар

Ссылка на комментарий
Поделиться на других сайтах

Гүлназ білетін шығар :crazy:

Оны алғанда көз байланып байқамаған еркек өзінен көрсін.

Бұл мақал еркектердің сұлу қыз көргенде адам тану қасиетінен айрылып бастары ұрынып, кейін реніштен пайда болған деп ойлаймын

Ссылка на комментарий
Поделиться на других сайтах

Гость Айдос Сайланбайұлы

Атыңнан айрылсаң да, Ер-тоқымыңнан айрылма, қатыныңнан айрылсаң да, қазан-ошағыңнан айрылма қазан-ошағыңнан айырылсаң да, Халқыңнан айрылма

Ссылка на комментарий
Поделиться на других сайтах

Жігіттердің қыздар туралы кейбір жазғанарын оқып намыстанып жатқаным ғой, бірақ қанша намыстанғанмен қазақ жай айтпаған ғой.

Ал қасымда атанған болсын атанбаған болсын ол жігіттің бар жоғы сізді неге сонша мазалап отыр екен? :crazy:

28 қарашада Мәжілістен Сенатқа көпәйелалушылық туралы нормасы бар заң жобасы өтуі керек еді... :clap: ...ойланып отырғаным... :clap:

Ссылка на комментарий
Поделиться на других сайтах

Күйеусіз әйел үйде тұрмас,

баусыз оймақ қолда тұрмас.

Бұлт шығып жаңбыр жаумай елді алдайды,

әйелдің айлакері ерді алдайды.

Бақпаса мал кетер,

қарамаса, әйел кетер.

Еркек сөйлесе — жол ашылады,

әйел сөйлесе еті ашылады.

Ерін сыйлаған әйел, елін де сыйлайды.

Қатын ашуланса қазан қайнатар.

Ссылка на комментарий
Поделиться на других сайтах

  • Недавно просматривали   0 пользователей

    • Ни один зарегистрированный пользователь не просматривает эту страницу.
  • Upcoming Events

    No upcoming events found
  • Recent Event Reviews


×

Важная информация

Правила форума Условия использования