Перейти к контенту
КАЗАХСТАНСКИЙ ЮРИДИЧЕСКИЙ ФОРУМ

Мақал-мәтел сайысы


Гость МОЛОДОЙ

Рекомендуемые сообщения

Қыз өссе — үйдің соры.

Бауырым! осындай мақалды кімненн естідіңіз? мүлде қосылмаймын!

Қыз бірінші шаңырақтын, екінші елдің көркі ғой!

Осы сөзді мақал ретінде шығарған адам, алдымен баласыз өмірі өткен, балаға зар болған адамнан сұрасын.

менімше қазақ халқымыздың мақал сөздерінің ішінде қате айтқандары да бар.

Изменено пользователем Zhamit
Ссылка на комментарий
Поделиться на других сайтах

  • Ответы 541
  • Created
  • Последний ответ

Top Posters In This Topic

Ұл өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі.

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.

Өнерлі өрге жүзер.

Асыл тас қап түбінде жатпайды.

Ақылдыдан шыққан сөз, талаптыға болсын кез. (Абай)

Жақсы әйел жаман еркекті би қылады, жаман әйел жақсы еркекті құл қылады.

Изменено пользователем femi-dushka
Ссылка на комментарий
Поделиться на других сайтах

28 қарашада Мәжілістен Сенатқа көпәйелалушылық туралы нормасы бар заң жобасы өтуі керек еді... :clap: ...ойланып отырғаным... :clap:

Ендеше бар еркектерге армандағандарың жүзеге ассын деп айтқым-ақ келіп тұр, былайша жүзеге асырып жатырсындар ғой, сонда да қоймай енді заңдастыру керек болып қалды. Менің 100% ол заңның өтпейтініне сенемін :crazy:

Екі әйел алғанның құлағы тынбас

Ссылка на комментарий
Поделиться на других сайтах

Бауырым! осындай маќалды кімненн естідіѕіз? мїлде ќосылмаймын!

Ќыз бірінші шаѕыраќтын, екінші елдіѕ кґркі єой!

Осы сґзді маќал ретінде шыєарєан адам, алдымен баласыз ґмірі ґткен, балаєа зар болєан адамнан сўрасын.

менімше ќазаќ халќымыздыѕ барлыќ сґздерініѕ шінде ќате айтќандары бар.

:crazy:

Ссылка на комментарий
Поделиться на других сайтах

Оны алғанда көз байланып байқамаған еркек өзінен көрсін.

Бұл мақал еркектердің сұлу қыз көргенде адам тану қасиетінен айрылып ..............

бұл сөзіңіздің шындығы бар

ақылсыз ерлердің арасында көп кездесетін мінез

Изменено пользователем Zhamit
Ссылка на комментарий
Поделиться на других сайтах

Бауырым! осындай маќалды кімненн естідіѕіз? мїлде ќосылмаймын!

Ќыз бірінші шаѕыраќтын, екінші елдіѕ кґркі єой!

Осы сґзді маќал ретінде шыєарєан адам, алдымен баласыз ґмірі ґткен, балаєа зар болєан адамнан сўрасын.

менімше ќазаќ халќымыздыѕ барлыќ сґздерініѕ шінде ќате айтќандары бар.

Қазақ мақал мәтелдері деген кітаптан! Қате айтқандары бар шығар бірақ әр сөзді және мақалды нақты жағдайға қолдансақ оның мәні бар!

ЗЫ қазақ шрифттарын қолданып дұрыс жазу қажет :crazy:

Ссылка на комментарий
Поделиться на других сайтах

Ендеше бар еркектерге армандағандарың жүзеге ассын деп айтқым-ақ келіп тұр, былайша жүзеге асырып жатырсындар ғой, сонда да қоймай енді заңдастыру керек болып қалды. Менің 100% ол заңның өтпейтініне сенемін :clap:

сенеғой :crazy:

Мен өтетініне сенемін :clap:

Ссылка на комментарий
Поделиться на других сайтах

Гость Айдос Сайланбайұлы

Қазақ мақал мәтелдері деген кітаптан! Қате айтқандары бар шығар бірақ әр сөзді және мақалды нақты жағдайға қолдансақ оның мәні бар!

Ой, ендеше мен ойымдағы(бұрынғы оқығандарды) мақалдарды жазып, кітапты қарамай жүрмін ғой.

Отан оттан да ыстық.

Ссылка на комментарий
Поделиться на других сайтах

Айдос мен қазір қарап отырған жоқпын. Тек Жамитттің сұрағына жауап бергенім ғой - кітаптан көрдім деп!

Жақсы өтіріктен, жаман шындық артық.

Ссылка на комментарий
Поделиться на других сайтах

Ендеше бар еркектерге армандағандарың жүзеге ассын деп айтқым-ақ келіп тұр, былайша жүзеге асырып жатырсындар ғой, сонда да қоймай енді заңдастыру керек болып қалды. Менің 100% ол заңның өтпейтініне сенемін :crazy:

Екі әйел алғанның құлағы тынбас

Екі кеменің басын ұстаған суға кетер демексіз ғой?

Алайда, моряк болса жүзіп шығады деген де бар, Гүлеке.

Өтетініне сенбейсіз бе? Тілектес болсаңыз жетіп жатыр, өзіңіз қарсы болмасаңыз болғаны да...Эгоистік көзқарасты қойсақ келісер ма едіңіз?

Ссылка на комментарий
Поделиться на других сайтах

Екі кеменің басын ұстаған суға кетер демексіз ғой?

Алайда, моряк болса жүзіп шығады деген де бар, Гүлеке.

Өтетініне сенбейсіз бе? Тілектес болсаңыз жетіп жатыр, өзіңіз қарсы болмасаңыз болғаны да...Эгоистік көзқарасты қойсақ келісер ма едіңіз?

Қазақтың жігіттерінің ішінде моряктар аз ба деп сескеніп тұрғаным, батып кетіп жатса ше?

Біз бұрынғы аталарымыз тұрған заманда емеспіз, одан бері өздеріңіз бауымызды босатып, көп нәрсеге біздің қолымыз сіздердің көмектеріңізсіз, қолдаусыз жететіндей болды. Енді қайта сабаға түсіру қиындау болады-ау. Менің ойымша қанша қол созсаңыздар да, бере қоймас

Ссылка на комментарий
Поделиться на других сайтах

Айдос мен қазір қарап отырған жоқпын. Тек Жамитттің сұрағына жауап бергенім ғой - кітаптан көрдім деп!

Жақсы өтіріктен, жаман шындық артық.

Жігіттер, біреу кітаптан қарап жазар, біреу қарамай жазар ол маңызды емес, тек мақал жазса болағны, ол дегеніміз, біріншіден, құрбымызды қазақ кітаптарын ақтаруға итермелейді, екіншіден, ол мақалды білмейтіндерге жақсы ақпарат болмақ, үшіншіден ұмытқанымызды еске түсіреміз, төртіншіден тілімізді дамытамыз, бесіншіден кең аудиторияны қамтуға мүмкіндік туады және т.б. жүздеген тиімді себептерін ескеруге болады.

Осы мүмкіншіліктерді ескерген осы тақырыптың авторына тағы да алғыс айтқым келеді.

Туысқан бар болса бере алмайды,

Жоқ болса көре алмайды.

Бұл жерде “жаман” туысқандар туралы...

Жомарттың қолын жоқтық байлайды.

Еркек семірсе құт,

Әйел семірсе жұт.

Ссылка на комментарий
Поделиться на других сайтах

Бәйбішеге малын берер

Тоқалға жанын берер

дегендей әр бәйбіше келісін бере қоймас, солардан асып түсе алсаңыздар :crazy:

Ссылка на комментарий
Поделиться на других сайтах

Қазақтың жігіттерінің ішінде моряктар аз ба деп сескеніп тұрғаным, батып кетіп жатса ше?

Біз бұрынғы аталарымыз тұрған заманда емеспіз, одан бері өздеріңіз бауымызды босатып, көп нәрсеге біздің қолымыз сіздердің көмектеріңізсіз, қолдаусыз жететіндей болды. Енді қайта сабаға түсіру қиындау болады-ау. Менің ойымша қанша қол созсаңыздар да, бере қоймас

Қайдам қарындасым...Қатын ашуланса қазан қайнатар деген, қаншалықты алысқа барар дерсің...Европаға жаманатты болып көрінбес үшін жасап жатқан гендерлік саясатымыз ғой...ал, шын мәнінде еркектің ашса алақанында жұмса жұдырығында ғой қазақтың қатындары...сондықтан ол ардақты, әлем өзін басқалардан ақылдырақпын деп санайтын әйелдерді жек көреді деген американдық әйел-психолог сөзі бар...

Бәлен жерде алтын бар, барсаң бақыр да жоқ.

Ссылка на комментарий
Поделиться на других сайтах

Бәйбішеге малын берер

Тоқалға жанын берер

дегендей әр бәйбіше келісін бере қоймас, солардан асып түсе алсаңыздар :crazy:

Менің барлығының келісімін алғым келіп тұрғаным жоқ, сіз келісем ма едіңіз? :clap:

Ссылка на комментарий
Поделиться на других сайтах

Жігіттер, біреу кітаптан қарап жазар, біреу қарамай жазар ол маңызды емес, тек мақал жазса болағны, ол дегеніміз, біріншіден, құрбымызды қазақ кітаптарын ақтаруға итермелейді, екіншіден, ол мақалды білмейтіндерге жақсы ақпарат болмақ, үшіншіден ұмытқанымызды еске түсіреміз, төртіншіден тілімізді дамытамыз, бесіншіден кең аудиторияны қамтуға мүмкіндік туады және т.б. жүздеген тиімді себептерін ескеруге болады.

Осы мүмкіншіліктерді ескерген осы тақырыптың авторына тағы да алғыс айтқым келеді.

Дұрыс дұрыс :crazy:

Қатын көп болса, шөмішті ит жалайды.

Ссылка на комментарий
Поделиться на других сайтах

Менің барлығының келісімін алғым келіп тұрғаным жоқ, сіз келісем ма едіңіз? :crazy:

Менің тоқал болу арманым да емес, он ұйықтап тұрсам да түсіме кірмесін. Болсам тек жалғыз жары, сүйгені болармын, құдай берсе.

Ссылка на комментарий
Поделиться на других сайтах

Осы мүмкіншіліктерді ескерген осы тақырыптың авторына тағы да алғыс айтқым келеді.

Алғысыңыз қабылданды :crazy:

Менің жұмысым аса маңызды емес. Осы тақырыпты дамытып, оған өз үлестеріңізді қосып, елмен сөз бөлісіп отырған сіздерге үлкен рахмет!

Осындай тақырыптар көп болғай

Ссылка на комментарий
Поделиться на других сайтах

Қайдам қарындасым...Қатын ашуланса қазан қайнатар деген, қаншалықты алысқа барар дерсің...Европаға жаманатты болып көрінбес үшін жасап жатқан гендерлік саясатымыз ғой...ал, шын мәнінде еркектің ашса алақанында жұмса жұдырығында ғой қазақтың қатындары...сондықтан ол ардақты, әлем өзін басқалардан ақылдырақпын деп санайтын әйелдерді жек көреді деген американдық әйел-психолог сөзі бар...

Бәлен жерде алтын бар, барсаң бақыр да жоқ.

Осыған шын ниетіңізбен сеніп жазып отыр деп ойлаймын, әйтпесе бұл қазір сенерге қиындау жағдай болып тұр.

Ссылка на комментарий
Поделиться на других сайтах

  • Недавно просматривали   0 пользователей

    • Ни один зарегистрированный пользователь не просматривает эту страницу.
  • Upcoming Events

    No upcoming events found
  • Recent Event Reviews


×

Важная информация

Правила форума Условия использования