Qazaqstan Опубликовано 9 Мая 2011 Жалоба Опубликовано 9 Мая 2011 Сәлеметсіздер ме бауырлар Бір сұрақ толғандырып жүр еді. Ағам ажырасқан еді, 2006 жылы, 3 қызы бар еді, оны сот анасында қалдыруға шешім етті, және ағама алимент төлеуге бұйырды. Ол апелляцияға беріп екеуінде де ұта алмады.жылда арыз жазады, бірақ болмайды..ағам да аңқау ғой, сотқа қанша қатысса да, бір ұта алмай қойды. Сатып алған ба деп қоям. Қыздардың өздері ағаммен бірге тұрып жатыр. Олар папамен қаламыз дейді. Бірақ сот басқалай шешті. Ағам қыздарды шешесіне жіберіп тұруға қарсы емес, бір рет апарғанда қыздардың өздері енді бармаймыз деп келген.. Сол ағам қыздарды өзінің атына алайын десе сот анадай дейді. Мектептен құжаттарын сұратып жатыр, бәрі шешесінде кеткен, ол бермей, қиналып жүр. Енді қайда баруы керек? Аудандық сотқа арыз жазып жазып олар енді қарамаймыз арызыңды деген. Қыздарын өзі асырап отырып алимент төлеу керек дегені қиын боп тұр. 2007 де ма алимент төлемесін деген шешім шығарған, кейін ол шешімді жоғалтып алдық деп соттан көшірмесін де бермейді. Жоғарғы сотқа жазып ек,Азаматтық кодекс бойынша 2рет аппеляция берілген, екеуінде де шешім сол күйі қалған, өзгертпейміз деген жауап келді. Енді не қылса болады? Балалары папамен қаламыз десе де сот шешімін өзгертуге болмай ма? Қайда бару керек, не документ керек? Қандай заңда, қай жерінде жазылған? Бас прокуротураға жазса бола ма? Біз ауылдық жерде тұратын ек, заңнан хабар жоқ. Аудандық прокуротура да қарамаймыз деп жақындатпайды. Шаршап кетті өздері де. Басқа форумдарда болса да осы жерге тағы бір жазып беріңіздерші..ӨТІНІШ. Цитата
Гость Гость_Сонадор Опубликовано 9 Мая 2011 Жалоба Опубликовано 9 Мая 2011 Мумкын Адилет Министринин блогына жазарсыз? Содан комек болып калар. Цитата
Qazaqstan Опубликовано 9 Мая 2011 Автор Жалоба Опубликовано 9 Мая 2011 жақсы. Көрейік. Рахмет. Цитата
Qazaqstan Опубликовано 9 Мая 2011 Автор Жалоба Опубликовано 9 Мая 2011 Qazaqstan писал(а): жақсы. Көрейік. Рахмет. Орысша айтатын болсаңыздар да түсінемін. Цитата
Просто Пэт Опубликовано 10 Мая 2011 Жалоба Опубликовано 10 Мая 2011 При определении места жительства детей суд учитывает мнение детей, достигших 10-летнего возраста. Если девочки старше 10-лет и действительно желают проживать с Вами, подавайте в суд. Цитата
Гость Айдос Сайланбайұлы Опубликовано 10 Мая 2011 Жалоба Опубликовано 10 Мая 2011 Қыздары неше жаста? Цитата
Коллега Опубликовано 10 Мая 2011 Жалоба Опубликовано 10 Мая 2011 Мне де осы сурақты сізге қойғым келеды: қыздарды сотқа шақырды ма, олардың пікірің сот сүраған жоқ па? Цитата
Гость Айдос Сайланбайұлы Опубликовано 10 Мая 2011 Жалоба Опубликовано 10 Мая 2011 Қыздардың жасы 13,12,10жаста деп маған агентке жазыпты. Цитата
Нуржан Опубликовано 10 Мая 2011 Жалоба Опубликовано 10 Мая 2011 Кәзіргі кезде осы жаста болса, ажырасқан кезде кішісі 6, үлкені 9 болғаны ғой. Qazaqstan, солай ма? Цитата
Гость Айдос Сайланбайұлы Опубликовано 21 Июня 2011 Жалоба Опубликовано 21 Июня 2011 Кешіктіріп жауап бергеніме кешірім сұраймын: Неке және отбасы туралы заңның 65 бабына байланысты; 2. Ата-аналары бөлек тұрып жатқан жағдайда балалардың тұратын жерi ата-аналарының келiсiмiмен белгiленедi. Келiсiм болмаған жағдайда ата-аналардың арасындағы дауды балалардың мүдделерiн негiзге алып және балалардың пiкiрiн ескере отырып сот шешедi. Бұл орайда сот баланың ата-аналардың әрқайсысына, аға-iнiлерi мен апа- сiңлiлерiне (қарындастарына) үйiрлiгiн, баланың жасын, ата-аналардың адамгершiлiк және өзге де жеке қасиеттерiн, ата-аналардың әрқайсысы мен баланың арасында орын алған қатынастарды, олардың дамыту және тәрбиелеу үшiн балаға жағдай жасау мүмкiндiгiн (ата-аналар қызметiнiң түрi, жұмыс режимi, материалдық және отбасылық жағдайы және т.с.с) ескередi. Сондықтан сіз сотқа жүгіне аласыз. Заңның 54 бабына сәйкес 10 жасқа толған баланың да пікірін сұрайды. Сотта сіз баланың мүддесін қорғап, оның әкесімен тұрғысы келетініне қажетті дәлелдемелер келтіруіңіз керек. Соған байланысты сот баланың жасына қарайды, ата-анасының қайсысын жақсы көретінін, ата-анасының бауырларымен қарым-қатынасы, баланы тәрбиелеуге және дамуына қандай керекті жағдай бар екенін бәрін ескереді. Ата-ананың тұрмыстық –материалдық жағдайларын, қайда тұратынын есепке алады. Егерде әкесі балалардың бәрі өзімен тұрғанын қаласа, жоғарыда айтылған жағдайларды ескерген жөн. Оған қосымша көршілерден, аудандық қамқоршы және қорғаныш органынан, учаскелік полициядан өтініш –түсіндірме алғаныңыз дұрыс. Цитата
Рекомендуемые сообщения
Join the conversation
You can post now and register later. If you have an account, sign in now to post with your account.
Note: Your post will require moderator approval before it will be visible.