Сакен Опубликовано 12 Августа 2011 Жалоба Опубликовано 12 Августа 2011 Құрметті қатысушылар. Қазіргі таңда еліміздің барлық алеуміттік салаларында өзгерістер орын алуда. Сол өзгерістердін бірін халық пен мемлекеттің арасындағы қарым-қатынастар қазақ тілінде жургізілу қажеттілігі туралы заң жобасы өте жаксы сипаттайды. Сонымен қатар осы жалпы форумымыздағы сөз-сайыстар ПІКІР АЛЫСУ форумының босаң және көңілсіз екенін көрсетеді. Сондықтан, қазақ тілінің өзінің заңды орнын алуын қолдайтын қатысушылар болса, бірге жиі ПІКІР АЛЫСАЙЫҚ, АҒАЙЫН. Бірге ғана қол ұстасып мақсатқа жетеміз. Цитата
Антикиллер Опубликовано 12 Августа 2011 Жалоба Опубликовано 12 Августа 2011 Қолдаймын, өте орынды ұсыныс Цитата
PRESIDENT Опубликовано 12 Августа 2011 Жалоба Опубликовано 12 Августа 2011 Өзімізбен өзіміз қазақша пікір алыса береміз бе? Ол тақырыпта қазақша үйренуден бас тарту мәселесі көтерілген болатын, сондықтан біздің мұнда айтқанымыз олардың құлағына жетпес, өкінішке орай. Бірақ қазақ форумын жетілдіруге ат салысуға дайынмын! Сәке толық қолдаймын! Цитата
Гость Айдос Сайланбайұлы Опубликовано 13 Августа 2011 Жалоба Опубликовано 13 Августа 2011 Менің ойымша, егерде қазақ тілінде қызықты тақырыптар көп болса, басқа орыс тілді форумға қатысушылырадың қызығушылығын тудырушы еді. Өзіңіз ойлаңыздар, егерде күнде форумға кірсеңіз бір қазақ тілінде тақырыптар талқыланып жатса, бір күн шыдайсыз, екі күн шыдайсыз, үшінші күні кіріп, оқып түсінуге тырысасыз. Түсінбесеңіз аудармашының көмегіне жүгінесіз. Сондықтан әрбір тілге жаны ашитын адам тақырып ашқанда, міндетті түрде мемлекеттік тілде де қосымша сұрақ қою керек, - деп ойлаймын. Цитата
PRESIDENT Опубликовано 13 Августа 2011 Жалоба Опубликовано 13 Августа 2011 Бөлек тақырыптың қажеті неде? Орысша немесе қазақша тақырып ашылса, соның ішінде екі тілде де пікір талас өткізуге болады ғой. Цитата
Гость Айдос Сайланбайұлы Опубликовано 13 Августа 2011 Жалоба Опубликовано 13 Августа 2011 Бөлек тақырыптың қажеті неде? Орысша немесе қазақша тақырып ашылса, соның ішінде екі тілде де пікір талас өткізуге болады ғой. Оған форумның шарттары қарсы болып келеді. Цитата
Сакен Опубликовано 13 Августа 2011 Автор Жалоба Опубликовано 13 Августа 2011 Менің бұл туралы пікірім - екі тілді араластыруға болмайды. Мысал келтірейін. Қазақстандық киносының соңғы шығармаларында әрдайым орыс-қазақ тілдері аралас болып кетеді. Фильм орысша болса да, міндетті түрде қазақша аралас сөздер естіледі: айналайын, жаным, қарағым т.б. Бұны дұрыс деп санамаймын. Бұл шалақазақ тілін насихаттайды деп ойлаймын. Тіл таза болу керек. Ал осы форумда да меніңше қазақ тілін орыс тілімен араластырудың негізі қажеті жоқ. Бірақ мәселені орнынан жылжыту үшін дәл қазір екі тілде де талқылау болса, үлкен жетістік деп санаймын. Цитата
Сакен Опубликовано 14 Августа 2011 Автор Жалоба Опубликовано 14 Августа 2011 Ал, ағайын, сөз сайыстарымыздың бірінші нәтижелері бар десе де болады. Міне, бірінші қадамадарымыз өз жемістерін де бере бастады. Менің ұсынысым форумбасының тағы басқа қатысушылардың қолдауын көріп, қазақ тіліндегі өз-ара, дербес қазақ тіліндегі форум ашылайын деп жатыр. Соның атауын беруге, ішкі құрылымын /структура/ ұйымдастыруға қосылуларыңызды өтінемін. Цитата
Гость Айдос Сайланбайұлы Опубликовано 15 Августа 2011 Жалоба Опубликовано 15 Августа 2011 Ал, ағайын, сөз сайыстарымыздың бірінші нәтижелері бар десе де болады. Міне, бірінші қадамадарымыз өз жемістерін де бере бастады. Менің ұсынысым форумбасының тағы басқа қатысушылардың қолдауын көріп, қазақ тіліндегі өз-ара, дербес қазақ тіліндегі форум ашылайын деп жатыр. Соның атауын беруге, ішкі құрылымын /структура/ ұйымдастыруға қосылуларыңызды өтінемін. Сонда, ашылатын форум дербес болады. Оның ішінде бөлек-бөлек құрлымдар бола ма? Цитата
Zhalair Мухали Опубликовано 15 Августа 2011 Жалоба Опубликовано 15 Августа 2011 Азаматтык іс жүргузу саласындағы көптеген сұрақтарым бар. Қай бөлімге жазғаным дұрыс? Цитата
Talant Ramazanov Опубликовано 15 Августа 2011 Жалоба Опубликовано 15 Августа 2011 Ал, ағайын, сөз сайыстарымыздың бірінші нәтижелері бар десе де болады. Міне, бірінші қадамадарымыз өз жемістерін де бере бастады. Менің ұсынысым форумбасының тағы басқа қатысушылардың қолдауын көріп, қазақ тіліндегі өз-ара, дербес қазақ тіліндегі форум ашылайын деп жатыр. Соның атауын беруге, ішкі құрылымын /структура/ ұйымдастыруға қосылуларыңызды өтінемін. Қазақ тіліндегі заңи форумды жандандырудағы алғашқы қадамдарыңыз құтты болсын, Сәке! Бұны орынды және дұрыс іс-шара деп санаймын. Қазақ тілін дамытуға бағытталған әрбір қадам біздің ел үшін маңызды. Сондықтан біз әр осындай қадамды қолдап-қоштауымыз керек. Иә, сіз ұсынып отырған идеяға көп сын айтуға болады. Менде де бұл идеяға айтар біраз сын пікірлерім де бар. Бірақ сын айтқан оңай, іс істеудің қиындығын түсінемін. Сондықтан бұл идеяны қолдаймын. Болашақта ашылғалы отырған қазақша заңи форум негізінен қарапайым халыққа, әсіресе аулдық жерде тұратын бауырларымызға арналуы керек деп ойлаймын. Форумда және форуммен ілесе ашылатын веб-жобада қарапайым халықты толғандыратын мәселелерге қатысты ақпарат көп болуы қажет (еңбек қатынастары, мемлекеттік жәрдемақыларды алу, некені тіркеу және бұзу т.б. мәселелер). Қажет болса, қазақ тілінде жақсы жаза білетін заңгерлер бірігіп кезекшілікті ұйымдастыруға болады. Әрқайсымыз аптасына бір-екі күнде келетін сұрақтарға сапалы жауап беріп отырсақ, жарты жыл немесе бір жылдан кейін форумда өте көп сапалы қазақ тіліндегі ақпарат жинақталады. Яғни менің ұсынысым - форумда кезекші заңгерлерді бекітіп, қарапайым халық проблемаларына қатысты сұрақтарға жауап беру бөлімін ұйымдастыру. Цитата
Сакен Опубликовано 15 Августа 2011 Автор Жалоба Опубликовано 15 Августа 2011 Сонда, ашылатын форум дербес болады. Оның ішінде бөлек-бөлек құрлымдар бола ма? Ия, Игорь Юрьевич өздерің атауы мен құрылымын ойлап табыңдардеген болатын. Қазір мысалы, Пікір алысу тақырыбы Разное-Срочное деген форумның ішінде ғана. Ал енді соны бөлек өзгеше форум жасауға мүмкіндік бар. Атауын беруге салысыңдар, ағайын. Ішкі құрылымы осы жалпы форумдағыдай-ақ болсын: форум-кішкене форумдар-тақырыптар. Цитата
Сакен Опубликовано 15 Августа 2011 Автор Жалоба Опубликовано 15 Августа 2011 Қажет болса, қазақ тілінде жақсы жаза білетін заңгерлер бірігіп кезекшілікті ұйымдастыруға болады. Әрқайсымыз аптасына бір-екі күнде келетін сұрақтарға сапалы жауап беріп отырсақ, жарты жыл немесе бір жылдан кейін форумда өте көп сапалы қазақ тіліндегі ақпарат жинақталады. Яғни менің ұсынысым - форумда кезекші заңгерлерді бекітіп, қарапайым халық проблемаларына қатысты сұрақтарға жауап беру бөлімін ұйымдастыру. Өте қызық және орынды ұсыныс. Бұның да шешімін табуға болатын шығар. Ақылдасайық. Цитата
Гость Айдос Сайланбайұлы Опубликовано 15 Августа 2011 Жалоба Опубликовано 15 Августа 2011 Менің ойымша аса көп сұрақ болатын тақырыптар: Азаматтық құқық, Неке және отбасы, Тұрғын үй қатынастары, Еңбек, қауіпсіздгі және еңбекті қорғау, Әлеуметтік мәселелер; Кәсіпкерлік қызмет; Цитата
Сакен Опубликовано 15 Августа 2011 Автор Жалоба Опубликовано 15 Августа 2011 Форум Конституционный строй и государственное управление — подфорумы: Конституция, права и свободы человека и гражданина, Гос.граница, административно-территориальное устройство, Гражданство, демография, оралманы, Языки народов Казахстан, переводческое дело, Общественные объединения, партии, гражд. общество, Референдум, выборы, избирательная система, Президент, органы законодательной и исполнительной власти, Нормативные правовые акты, правотворческая деятельность, Административные процедуры, госслужба, госуслуги, госучреждения Модераторы: Spirit of Nicopol Бұл форумның үлгісі. Жәкең велосипедті шығармай-ақ қойса да болады демекші осылай форумымызды да ұйымдастырайық Мысалы: Форум: ҚАЗАҚСТАН ЗАҢНАМАСЫ - форум бөлімдері: Азаматтық құқық, Неке және отбасы, Тұрғын үй қатынастары, Еңбек, қауіпсіздгі және еңбекті қорғау, Әлеуметтік мәселелер; Кәсіпкерлік қызмет; Мемлекеттік сатып алу .......... Цитата
Гость Айдос Сайланбайұлы Опубликовано 15 Августа 2011 Жалоба Опубликовано 15 Августа 2011 Форум Конституционный строй и государственное управление — подфорумы: Конституция, права и свободы человека и гражданина, Гос.граница, административно-территориальное устройство, Гражданство, демография, оралманы, Языки народов Казахстан, переводческое дело, Общественные объединения, партии, гражд. общество, Референдум, выборы, избирательная система, Президент, органы законодательной и исполнительной власти, Нормативные правовые акты, правотворческая деятельность, Административные процедуры, госслужба, госуслуги, госучреждения Модераторы: Spirit of Nicopol Бұл форумның үлгісі. Жәкең велосипедті шығармай-ақ қойса да болады демекші осылай форумымызды да ұйымдастырайық Мысалы: Форум: ҚАЗАҚСТАН ЗАҢНАМАСЫ - форум бөлімдері: Азаматтық құқық, Неке және отбасы, Тұрғын үй қатынастары, Еңбек, қауіпсіздгі және еңбекті қорғау, Әлеуметтік мәселелер; Кәсіпкерлік қызмет; Мемлекеттік сатып алу .......... Жақсы, келістік. Цитата
BIG LAWYER Опубликовано 15 Августа 2011 Жалоба Опубликовано 15 Августа 2011 Ниет оң болсын! Жалпы осы сайттың қазақша бетін дайындау қажет деп ойлаймын. Жалпы бізде 20 жыл болса да, мемлекеттік тіл есіктен сығалап, жетім баланың күйін кешуде. Орыс тілді қазақтарға айтарым (әрине ана тілді үйренуге ниет болса), қазақша жақсы сөйлейтін танысыңыз сізге қазақша сөйлеп, сіз өз кезегіңізде білгеніңізше қазақша жауап беріп, білмегеніңізді сұрап-біліп отырсаңыз, бір жылдың ішінде тәп-тәуір қазақша сайрайтыныңызға сенемін. Біздің облыс әкімі Қ.Бозымбаев бір жарым жыл ішінде қазақшаны бір кісідей үйренді. Ниет болса, бәрі болады. Цитата
Айдос Сайланбайұлы Опубликовано 16 Августа 2011 Жалоба Опубликовано 16 Августа 2011 (изменено) Саке сұрағыңызға Модераторлардан жауап алдыңыз ба? Изменено 16 Августа 2011 пользователем Айдос Сайланбайұлы Цитата
Сакен Опубликовано 17 Августа 2011 Автор Жалоба Опубликовано 17 Августа 2011 Салем! Бір-екі күннен кейін шешіледі деген. http://forum.zakon.kz/index.php?showtopic=...mp;#entry818077 Цитата
PRESIDENT Опубликовано 17 Августа 2011 Жалоба Опубликовано 17 Августа 2011 Жарайсын Сәкен, ақжол, бастамаңнан қайтпа енді, біз әрдайым қасыңдамыз. Цитата
Сакен Опубликовано 17 Августа 2011 Автор Жалоба Опубликовано 17 Августа 2011 Ал енді құрметті әріптестер және форум қонақтары, сұрақтарымыз бен қызықтыратын мәселелрімізді арнайы тематикалық форумдарда жазайық. Тақырыпқа сәйкес подфорум болмаған жағдайда ПІКІР АЛЫСУ форумында сұхбаттасамыз! Барлығымызды құттықтаймын!!! Цитата
Айдос Сайланбайұлы Опубликовано 17 Августа 2011 Жалоба Опубликовано 17 Августа 2011 Ал енді құрметті әріптестер және форум қонақтары, сұрақтарымыз бен қызықтыратын мәселелрімізді арнайы тематикалық форумдарда жазайық. Тақырыпқа сәйкес подфорум болмаған жағдайда ПІКІР АЛЫСУ форумында сұхбаттасамыз! Барлығымызды құттықтаймын!!! Жігітсің Саке! Құттықтаймын! Сенің халқыңа тигізген бір көмегің деп білемін! :sarcasm: Цитата
Enya Опубликовано 17 Августа 2011 Жалоба Опубликовано 17 Августа 2011 Ниеттеріңіз оң болсын!! Мен де форумның ендігі жерде қазақша көрініс табатынына өте қуаныштымын. Аз-маз пернелерді басып жатқанда ыңғайсыздық туындап отыр (көптен қолданбағаннан кейін), буйыртса үйреніп кетеміз. Цитата
Zhalair Мухали Опубликовано 17 Августа 2011 Жалоба Опубликовано 17 Августа 2011 Сұрақтар туындап жатса, жаңа ашылған форум тарауларында қоюға тырысамын. Егерде барлығымыз қолымыздан келгенше бір-бірімізге көмектесіп жатсақ тамаша болар еді. Қазір кез-келген құқық саласындағы сұрақты қазақ және орыс тілінде бірдей оқып түсінуге талпынып жатырмын, мүлдем қиын емес екен. Цитата
Enya Опубликовано 17 Августа 2011 Жалоба Опубликовано 17 Августа 2011 Сұрақтар туындап жатса, жаңа ашылған форум тарауларында қоюға тырысамын. Егерде барлығымыз қолымыздан келгенше бір-бірімізге көмектесіп жатсақ тамаша болар еді. Қазір кез-келген құқық саласындағы сұрақты қазақ және орыс тілінде бірдей оқып түсінуге талпынып жатырмын, мүлдем қиын емес екен. дұрыс айтасыз. Ең бастысы ниет керек, қалғаны бола жатады. Егер де қарапайым халық, соның ішінде орысша білмейтін азаматтарымыз бар, біз бармыз, форумға жұмыла кірісіп, сұрақ жауап арқылы керегімізді тауып жатсақ, нұр үстіне нұр ғой. Цитата
Рекомендуемые сообщения
Join the conversation
You can post now and register later. If you have an account, sign in now to post with your account.
Note: Your post will require moderator approval before it will be visible.