PRESIDENT Опубликовано 17 Августа 2011 Жалоба Опубликовано 17 Августа 2011 "Самұрық-Қазына" сатып алу Қағидасынан 120. Сатып алу туралы жасалған шартқа өзгеріс енгізу төмендегі жағдайларда жол беріледі: 3) Сатылып алынатын тауарлар, жұмыстар, осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген жұмыстан басқа қызметтер көлемінде қажеттілікті азайтумен немесе арттырумен байланысты сатып алу туралы шарттың сомасын азайту немесе арттыру бөлігінде, сондай-ақ сатып алу туралы жасалған шартта көрсетілген тауардың, жұмыстың, қызметтің бір бірлігіне баға өзгермеген жағдайда шарттың орындалу мерзімін тиісті өзгерту бөлігінде. Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу туралы жасалған шартты осылай өзгерту осындай тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу жоспарымен сатып алу үшін көзделген сомалар шегінде жол беріледі; Сұрақ Менің ойымша, жасалған шарттың орындалу мерзімін өзгерту тек қызметтер көлемінде қажеттілікті азайтумен немесе арттырумен байланысты ғана болуы мүмкін. Дұрыс па ? Немесе жасалған шарттың орындалу мерзімін оңай өзгертуге бола ма? Цитата
Айдос Сайланбайұлы Опубликовано 17 Августа 2011 Жалоба Опубликовано 17 Августа 2011 Менің ойымша келісім шарттың орындалу мерзімін, АК 401 бабының 1 тармағына сәйкес, екі жақтың келісіңмі болса, беймарал өзгертуге болады, - деп ойлаймын. Цитата
Сакен Опубликовано 17 Августа 2011 Жалоба Опубликовано 17 Августа 2011 Дұрыс, сатып алудың ерекшіліктерінің бірі: өзгерту қызметтер көлемінде қажеттілікті азайтумен немесе арттырумен байланысты ғана болуы мүмкін. Сонымен қатар қыхметтер бағасын өзгертуне мумкіндік жок. Бұнда АК-нен өзгеше арнаулы норма. Цитата
KZ Lawyer Опубликовано 17 Августа 2011 Жалоба Опубликовано 17 Августа 2011 (изменено) Сұрақ Менің ойымша, жасалған шарттың орындалу мерзімін өзгерту тек қызметтер көлемінде қажеттілікті азайтумен немесе арттырумен байланысты ғана болуы мүмкін. Дұрыс па ? Немесе жасалған шарттың орындалу мерзімін оңай өзгертуге бола ма? Согласно цитируемой нормы п. 120 Правил, изменение сроков исполнение договора, возможно в случае неизменности цены на товары, работ и услуг. 120. Сатып алу туралы жасалған шартқа өзгеріс енгізу төмендегі жағдайларда жол беріледі: сатып алу туралы жасалған шартта көрсетілген тауардың, жұмыстың, қызметтің бір бірлігіне баға өзгермеген жағдайда шарттың орындалу мерзімін тиісті өзгерту бөлігінде Изменено 17 Августа 2011 пользователем KZ Lawyer Цитата
PRESIDENT Опубликовано 17 Августа 2011 Автор Жалоба Опубликовано 17 Августа 2011 Менің ойымша келісім шарттың орындалу мерзімін, АК 401 бабының 1 тармағына сәйкес, екі жақтың келісіңмі болса, беймарал өзгертуге болады, - деп ойлаймын. Менімше ол дұрыс емес, ол деген тендерлік құжаттамадағы жеңімпазды анықтаған негіздерді өзгертуге жатады ғой. Мысалы, тауарды жеткізу 30 күн болса, ол жеткізуші сол мерзімде жеткізе алмаса, қандай негізбен ол мерзімді мен ұзартуым керек, ұзартсам жемқорлыққа бір табан жақын болғаным ғой Дұрыс, сатып алудың ерекшіліктерінің бірі: өзгерту қызметтер көлемінде қажеттілікті азайтумен немесе арттырумен байланысты ғана болуы мүмкін. Сонымен қатар қыхметтер бағасын өзгертуне мумкіндік жок. Бұнда АК-нен өзгеше арнаулы норма. Келісемін. ЗЫ Ак деген не? Согласно цитируемой нормы п. 120 Правил, изменение сроков исполнение договора, возможно в случае неизменности цены на товары, работ и услуг. Толық оқысақ норманы тек азайтумен немесе арттырумен байланысты ғана болуы мүмкін ғой? Цитата
KZ Lawyer Опубликовано 17 Августа 2011 Жалоба Опубликовано 17 Августа 2011 (изменено) ЗЫ Ак деген не? ҚР-ның Азаматтық кодексі Толық оқысақ норманы тек азайтумен немесе арттырумен байланысты ғана болуы мүмкін ғой? Не совсем так! Егер Сізді сатып алу келісімінің мерзімін ұзарту толқытып тұрган болса, бұл жағдайда аталған нормаға сәйкес, шарттың орындалу мерзімін ұзарту тек шартта көрсетілген тауардың, жұмыстың, қызметтің бір бірлігіне баға өзгермеген жағдайда ғана мүмкін болады. Изменено 17 Августа 2011 пользователем KZ Lawyer Цитата
Сакен Опубликовано 17 Августа 2011 Жалоба Опубликовано 17 Августа 2011 АК - азаматтык кодекс :sarcasm: Цитата
PRESIDENT Опубликовано 17 Августа 2011 Автор Жалоба Опубликовано 17 Августа 2011 Егер Сізді сатып алу келісімінің мерзімін ұзарту толқытып тұрган болса, бұл жағдайда аталған нормаға сәйкес, шарттың орындалу мерзімін ұзарту тек шартта көрсетілген тауардың, жұмыстың, қызметтің бір бірлігіне баға өзгермеген жағдайда ғана мүмкін болады. Менімше ол дұрыс емес, өйткені жоғарыда Сәкен және мен айтып кеткендей, арнаулы норма бойынша тек нақты себептермен ғана өзгеріс енгізе аламыз. Ал мерзімді ұзарту үшін ол тауардың (қызметтің) азаюы (мерзім қысқарады) немесе көбеюіне (мерзім ұзартылады) байланысты. Мысалы, Компания 10 тезек сатып алды, жеткізу мерзімі 30 күн, қатысушылар 15 болды, 5-еуі 35 күнде 800 теңгеден әкелеміз деді, бірақ оларды тендерден шығарды, 5-еуі 30 күнде 900 теңгеден әкелеміз деді, ал тағы 4 -еуі 30 күнде 850 теңгеден әкелеміз деді, 1-еуі болса ("Кикамбас" ЖШС) 30 күнде 800 теңгеден әкелетін болып ұтты. Сосын сіздің логикаңызға сәйкес, 29 күннен кейін мерзім 10 күнге созылса, ең басында тендерден шығарылып тасталған 5-еуінің құқықтары бұзылмайды ма? Менімше сатып алу процессінде ондай өзгеріс енгізу дұрыс емес. Ал егер Компания Кикамбастан 10 тезек емес 20 тезек алса 800 теңгеден, онда мерзімін ұзартса болады деп ойлаймын! Цитата
KZ Lawyer Опубликовано 17 Августа 2011 Жалоба Опубликовано 17 Августа 2011 Менімше ол дұрыс емес, өйткені жоғарыда Сәкен және мен айтып кеткендей, арнаулы норма бойынша тек нақты себептермен ғана өзгеріс енгізе аламыз. Айтқаныңыз өте орынды! Бірақ, бұл нормада жұмыс пен қызметтер көлеміне қажеттіліктің артуы нәтижесінде шарт сомасын азайту немесе арттыру және шартта көрсетілген тауардың, жұмыстың, қызметтің бір бірлігіне баға өзгермеген жағдайда шарттың орындалу мерзімін өзгерту бөлек екі жағдай ретінде қарастырылып тұр. Мәтіндегі сол сияқты деген мағына беретін, шылаумен байланысқан сондай-ақ деген сөзге жіті назар аударыңыз. Менің түсінігімде бұл норма осы мазмұнда көрсетіліп тұр. Бәлкім қазақша аудармасында бір қателік бар шығар деген оймен мәтіннің орысша нұсқасына назар аудардым. Орысша нұсқасы да осыны растап тұр деп ойлаймын. Цитата
KZ Lawyer Опубликовано 17 Августа 2011 Жалоба Опубликовано 17 Августа 2011 Бұл жерде заң шығарушы жеткізгісі келген ойын толық жеткізе алмағанға ұқсайды. Сондықтан норманы талдау кезінде бірнеше түрлі шешім шығаруға болады. Цитата
PRESIDENT Опубликовано 17 Августа 2011 Автор Жалоба Опубликовано 17 Августа 2011 "соответствующего" изменения... "сондай-ақ" деген сөздер алдындағы (үтірге дейінгі) оймен байланысты көрсетпейді ме? Менімше көрсетеді. Цитата
KZ Lawyer Опубликовано 17 Августа 2011 Жалоба Опубликовано 17 Августа 2011 Логикалық тұрғыдан қарастырсақ, заң шығарушының негізгі ойы Сіздікімен дөп келетін болу керек. Бірақ ойын екіұшты жеткізген. Цитата
Рекомендуемые сообщения
Join the conversation
You can post now and register later. If you have an account, sign in now to post with your account.
Note: Your post will require moderator approval before it will be visible.