Просто Пэт Опубликовано 27 Августа 2011 Жалоба Опубликовано 27 Августа 2011 Бүгін? жұмысқа бара жатқан кезімде мені біздің ЖПлар тоқтатты. Қызықтың бәрі содан басталды. "Сіз неге жаяу жүргіншіні өткізбедіңіз?", деген сұраққа мен таңқалдым. Жол қиылысында солға бұрылған кезде мен тек қана жолдан 2-3 метр қашықтықта тротуармен келе жатқан бір адамды байқаған едім. Шынымен де, оның жолға жетіп, жолдан өтуін күтіп тұруым керек пе еді? ЖПның айтқанына күлкім келгенін-ай. "Жарайды, протокол жазыңыз, бірақ мен қарсымын, ешқандай жаяу жүргінші болған жоқ, деп мен де сол протоколыңызға жазайын", дедім. Кейбір адамдар сөз түсінбеді екен, мені "сіздің машинаңыздың мемлекеттік номерін қазір шешіп аламыз, ГАИға барып, төлеп (нені?) аласыз оны", деп тағы қорқыта бастады. Осы кезден бастап менің ызам келді. КоАП(қазақшасын білмейді екем)-тан бар білгенімді, және олардың міндеттерін толық айтып бердім де "ал енді мен сіздерді бейнетаспаға түсіріп, сіздердің басқармаларыңыз бен, интернетке жіберемін", деп оларды тұрған жерлерінен телефоныма түсіре бастадым. Сол-ақ екен, менің документтерімді қайтарып берді де, машиналарына отырып жоқ болды. Жай сіздерменен бөліскенім ғой :lol: Цитата
Zhalair Мухали Опубликовано 27 Августа 2011 Жалоба Опубликовано 27 Августа 2011 Адвокатпын деп айттынызба?))) Цитата
PRESIDENT Опубликовано 27 Августа 2011 Жалоба Опубликовано 27 Августа 2011 Жол қиылысында солға бұрылған кезде мен тек қана жолдан 2-3 метр қашықтықта тротуармен келе жатқан бір адамды байқаған едім. Шынымен де, оның жолға жетіп, жолдан өтуін күтіп тұруым керек пе еді? ЖЖЕ- ге сәйкес, егер жаяу жүргіншінің жолдан өтуіне бөгет болмасаңыз болғаны. Цитата
Матэус Опубликовано 28 Августа 2011 Жалоба Опубликовано 28 Августа 2011 КоАП(қазақшасын білмейді екем) Казакшасы - Әкімшілік іс жүргізу кодексі деп аталады :drowning: Цитата
Просто Пэт Опубликовано 6 Сентября 2011 Автор Жалоба Опубликовано 6 Сентября 2011 Казакшасы - Әкімшілік іс жүргізу кодексі деп аталады Сонда ӘІЖК болғаны ғой? Рахмет. Кейінгі кезде Алматыда жол полициясы көбейіп кеткен сияқты. Қайда барсаң да соларға тап боласың. Қаланың әр көшесінде тұрған тәрізді. Сонда әкімнің қаулысы есептелмейме? Цитата
Була Опубликовано 6 Сентября 2011 Жалоба Опубликовано 6 Сентября 2011 Казакшасы - Әкімшілік іс жүргізу кодексі деп аталады Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР кодексі Цитата
Сакен Опубликовано 6 Сентября 2011 Жалоба Опубликовано 6 Сентября 2011 іс жүргізу - процесс, делопроизводство қылмыстық, азаматтық іс жүргізу - уголовный, гражданский процесс Цитата
Q100 Опубликовано 26 Сентября 2011 Жалоба Опубликовано 26 Сентября 2011 ... Сонда әкімнің қаулысы есептелмейме?есептелмейді. олардың бастығы айтты: "Қала әкімнің қаулы басы тартқан жоқ, бірақ біз, қажеттілік (отработка) болса, турамыз, автокөліктерді тоқтатамыз" http://www.zakon.kz/faq/Sarbasov.html Цитата
BIG LAWYER Опубликовано 26 Сентября 2011 Жалоба Опубликовано 26 Сентября 2011 Дұрысы - Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекс - ӘҚБК!!! Ал, Әкімшілік іс жүргізу кодексі орысшасына Административный процессуальный кодекс болып кетеді. Цитата
Рекомендуемые сообщения
Join the conversation
You can post now and register later. If you have an account, sign in now to post with your account.
Note: Your post will require moderator approval before it will be visible.