Перейти к контенту
КАЗАХСТАНСКИЙ ЮРИДИЧЕСКИЙ ФОРУМ

Рекомендуемые сообщения

  • Ответы 69
  • Created
  • Последний ответ

Top Posters In This Topic

Опубликовано

Сәлем!

Осы форумның қазақ тіліндегі бөлімінде аса белсенділік көрінбейді. Неге деп ойлайсыздар, құрметті әріптестер?

Өкінішке орай, мен бұрын айтқандай, қазақ тілі қазіргі таңда орыс тілімен заңды талқылау мәселесінде және басқа да салаларда әлі бәсекелесуі қиын.

Бірақ тырысу керек, әріптестерді қазақ тіліндегі форумға шақырып тарту керек.

Опубликовано

Қазақ тілінде кейбір бауырларымыз бен қарындастарымыз ойын жеткізе алмайтын шығар, өкінішке орай. Бірақ басқа да себептер болу мүмкін. Мысалы, мен осы тараудағы көптеген тақырыпта өзімнің пікірімді жаза алмадым, өйткені мемлекеттік сату, енбектік құқық деген салаларында тәжірибем жоқ(((

Опубликовано

Немесе, Баба Надя бөліміндегі Рома деген қонақ сияқты неше түрлі тақырыптарға қызық болсын деп, әңгімені бастайық :biggrin:

:shocked: Ескерту алмаймызба?

Опубликовано

http://forum.zakon.kz/index.php?showtopic=...mp;#entry828201

Мысалы, мынау тақырып :shocked:

Далбаса екені барлығымызға белгілі ғой, бірақ әйтеуір бітпейтін бір әңгіме

Опубликовано

Форумда жүрген қазақтың көбі, мен сияқты, орысша оқыған болғаны. Сол себепті барлығы орысша сөйлеседі. Таң қалатындай ештеңе де жоқ. Әрине, бізге қазақша сөйлесуді, әсіресе, ресми түрде қазақша жазуды үйренуіміз қажет. Бірақ амал қанша? Шынымды айтсам, маған орысша жазу, қазақша жазғанға қарағанда, әлде қайда жеңіл көрінеді. Себебі өмір бойы орысша оқығанмын. Масқара, мен бірінші ойымда орысша сөйлем құрастырамында, содан кейін оны қазақ тіліне аударамын )) Осығанда тәуба, үйренемін.

Өткен айда әкімшілікте сөз сөйлеу керек болды. Шықтым да айттым: "Кешіріңіздер, орысша оқығанмын. Сол себепті орысша сөйлеймін". Ұялып қалдым. Амал қанша. Сөз бітіп, сөйлей алалмай қалсам сол кезде масқара көкесі болады деп ойлағанмын. Залда отырған ел: "Қазақша сөйле де!", деді. Президиумда отырғандарда оларды қоштады. Қысқасы, қатты қиналып кеттім, сөз бітіп қалып, тоқтап калып. Сөз сөйлеп болғаннан кейін, ел мақтап, шапалақтап шығарып салды. Алған сабағым - маған әлі үйренетінім көп. Осыған байланысты, Патриотка, сізбен келісемін. Осы бағытта құзау керек жумысты.

PS:Осы абзацты жазып болғанша ақ тер-қара терге түстім. Соншалықты қиын маған.

Опубликовано

Сәлем!

Осы форумның қазақ тіліндегі бөлімінде аса белсенділік көрінбейді. Неге деп ойлайсыздар, құрметті әріптестер?

1. Менің ойымша әлі 100% компанияларда іс-қағаздар, негізінде ресми тілде жүреді. Ғаламторға негізінде коммерциялық ұйымдар шығады.

2. Көп компанияларда заңгерлер мемлекеттік тілді түсінбейді, түсінсе де ойын жеткізе алмайды.

Ал, Сакеннің айқанымен келіспеймін, заңды талқылауда біздің тілдің бәсекелестікке түсе алмайды дегенге.

Саке, өткенде Герольд Бельгермен сұхбатты оқыдыңыз ба? Сонда біздің ана тіл туралы тамаша айтқан!

Опубликовано

кешерерсыз агайндар, менде казак эриптер жок болгасын, кирилицамен жазып отырмын.

Осы форумды казак эриптер баска шрифтпен коренеды. Ол тек кана менде, элде сызде де солай?

Опубликовано

кешерерсыз агайндар, менде казак эриптер жок болгасын, кирилицамен жазып отырмын.

Осы форумды казак эриптер баска шрифтпен коренеды. Ол тек кана менде, элде сызде де солай?

Менде жазып отырғанда, төрбұрыш болып шығады. Жіберген кезде дұрыс әріптермен шығады.

Опубликовано

1. Менің ойымша әлі 100% компанияларда іс-қағаздар, негізінде ресми тілде жүреді. Ғаламторға негізінде коммерциялық ұйымдар шығады.

2. Көп компанияларда заңгерлер мемлекеттік тілді түсінбейді, түсінсе де ойын жеткізе алмайды.

Ал, Сакеннің айқанымен келіспеймін, заңды талқылауда біздің тілдің бәсекелестікке түсе алмайды дегенге.

Саке, өткенде Герольд Бельгермен сұхбатты оқыдыңыз ба? Сонда біздің ана тіл туралы тамаша айтқан!

Айдос, құрметті әріптес, кешірім сұраймын, бірақ менің пікірім тек осы форумға қатысты. Жалпы қазақ тілінің байлығы туралы сөз жоқ, бұл үшін мен өзім кез келгенмен дауласа аламын :shocked: қажет болса соғысуға дайынмын

Опубликовано

Алған сабағым - маған әлі үйренетінім көп. Осыған байланысты, Патриотка, сізбен келісемін. Осы бағытта құзау керек жумысты.

PS:Осы абзацты жазып болғанша ақ тер-қара терге түстім. Соншалықты қиын маған.

Опубликовано (изменено)

Жігіттер, раһмет сіздерге. Негізі, үйде, достарымен менде бәрі қазақша. Айтайын дегенім, проблема жұмыста қазақ тілін қолдану. Жазуын жазамын ғой, бірақ қанша ұақыт кетеді. Грамматика тіпті жәйымен қалады. Суффикс, префикс бір бірімен кетеді шатасып. Менің қарындасым кейде күледі: "сен не дегеніңді білесің бе", деп.

Кітап оқу - тамаша ой, бірақ кешке кітап турмақ, теледидарды да көргім келмейді. Абайдың "Қара сөздерін" алып оқин деп жоспарлап қойғанмын )) Қайдағы оқыған! Ол кітап қайда жатқанында білмеймін. Рас, жалқаулық та бар. Ничо, Москва тоже не сразу не строилась ))

Изменено пользователем Нуржан
Опубликовано

Маған да қазақ тілінде сұхбаттасу оңайға тимейді :shocked: Он жыл қазақ мектебінде не істеп жүргеніме таң қаламын кейде. Алматыда туылып өскендіктен бе, қазақ мектебінде оқып жүріп арамызда орысша ғана сөйлесіп үйреніп қалдық.

Менің ойымша тек қана заң мәселелерін талқылаумен қоймай, қазақ тілінде Сәкен айтқандай, жай әңгімелессек, қазақша пікір алысуды тезірек үйренерміз.

ТСО-дай бөлім ашу керек болып тұрған сияқты.

Опубликовано

Барлыққа сәлем, осы әнгімені менде қолдаймын, себебі ана тілің әңгiме тәжiрибесi маған да жетпейтұр. Жұмыс ретінде болса да, жай әнгіме болса да.

күлкілі әңгіме:

Танертең аулада екі көрші әйел кездесіп қалады. Бірі екіншісіне – Не ауырып қалдың ба ертемен дәрігер шығып бара жатыр еді ғой, – десе, екіншісі сенің үйіңнен күнде солдаттар шығып бара жатқанда соғыс басталды ма- деп сұрамаймын ғой – депті екіншісі.

Опубликовано

Әріптестер, бастмаларыңызды толығымен қолдаймын! Мемлекеттік тілді дамытуға ат салысайық! Әрине, бұл бағытта сан алуан қиындықтар бар. Мысалы, мен қызмет атқаратын мекемеде жалғыз қаракөзбін, барлық іс-құжаттар тек орыс тілінде жүргізіледі, бір сөзбен айтқанда, тіл саласындағы заңнама талаптары толығымен сақталмайды. Осы орайда, мен мекемедегі барлық іс-құжаттар қазақ тілінде де болу керек деген қортынды жазып бердім, бірақ ол әлі өз нәтижесін берген жоқ.

Опубликовано

Өте орынды бастама, бәрі өзімізге байланысты емеспе? Өзіміз өз ара қазақша сүхбаттасқанға кім қашан кедергі болып еді? Ешкім! Мысалы, байқасаңыз екі үйғыр немесе курд, шешен кездесе қалса бір бірімен өз тілінде сөйлеседі, ал біз болсақ кілең қазақтың ішінде бір өзге үлт болса, орысшаға көшеміз. Өзіміз тым жүмсақпыз және де бір бірімізді қолдамаймыз. Өзімізден бастайық, ағайын! Өзіміз қазақше сөйлемесек, басқа үлт өкілінен қазақ тілін игерүді талаб ету қандай құқымыз бар?

Опубликовано

Әңгімеміз қандай болса да, анау жаман мынау дұрыс деген тақырыптан сақтанайық. Айтайын дегенім, ешкімді ренжітіп алмайық. Мысалы, мен мемлекеттік тілдің проблемаларын емес, қазақ тілге тиісті мәселелерді талқылайық дегенім. Бәріміз білеміз қазіргі кезде шала қазақ-нағыз қазақ деген тақырыптар мода болып баратыр. Осыдан аулақ болайық, себебі шала-нағыз деген - далбаса сөз.

Опубликовано

Мен әскерде болғанда, бұрынғы Кеңес үкіметінің республикаларынан барлық ұлттар өкілі қызмет етті. Сонда олардың әрқайсысы өз ана тілінде сөйлесетін, тек біздің бауырлар өз ана тілінде сөйлесе алмайтын. Содан кейін якуттер өз ана тілінде сөйлесе алмайтын.

Опубликовано

Мен әскерде болғанда, бұрынғы Кеңес үкіметінің республикаларынан барлық ұлттар өкілі қызмет етті. Сонда олардың әрқайсысы өз ана тілінде сөйлесетін, тек біздің бауырлар өз ана тілінде сөйлесе алмайтын. Содан кейін якуттер өз ана тілінде сөйлесе алмайтын.

Ассалаусағалейкум Азмаматтар! Қазақта мақал бар өзге тілдің бәрін біл, ӨЗ ТІЛІҢДІ ҚҰРМЕТТЕ деген, өзіміз Қазақ даласында туғаннан кейін өз тілімізді өзіміз көтемесек кім көтереді, депутаттар констетуцияның бабынан орыс тілі ресми тіл деген бапты алып тастауға қарсы болып отыр, мен түбегейлі қарсымын, олар Ресейде депутат немесе сенат болып отырған жоқ, олар ҚАЗАСТАН Республикасында халыққа қызмет көрсетіп отырғаны жерде қазақ тілін алға қою керек екендігін біле тұра, қазақша не сөйлесе не жаза алмағандықтан алып тастауға қарсы екені айтпасада анық. ендігі 5 жыл осылай болып тұратын болса қазақ тілі құрып кететіндігіне шүбам жоқ, жалпы қазақ тіліне жаны депутат азамматтар бар, бірақ оларды қолдайтын депутаттар аз болып тұрғаны, әттең...

Мен ҚР азаматы ретінде қазақ тілін қолдауға қол ұшын беруге әзірмін. Атырау, Маңғыстау областарында қазақ тілі жақсы дамуған, көбіне Орал,Ақтөбе, солтүстік Қазақстан, шығыс Қазақтан, Орталық Қазақстан, Алматы, шымкент, Ел орда Астана қалаларында қазақ тілі әлсіз, екендігін бәріне мәлім, сондықтанда сіздерден сұранарым нағыз қазақ болсақ қазақ тілін дамытайық?

Опубликовано

Орал,Ақтөбе, солтүстік Қазақстан, шығыс Қазақтан, Орталық Қазақстан, Алматы, шымкент, Ел орда Астана қалаларында қазақ тілі әлсіз

Шымкент бұл тізімде артық деп есептеймін

Join the conversation

You can post now and register later. If you have an account, sign in now to post with your account.
Note: Your post will require moderator approval before it will be visible.

Гость
Ответить в этой теме...

×   Вы вставили отформатированный текст.   Удалить форматирование

  Допустимо не более 75 смайлов.

×   Ваша ссылка была автоматически заменена на медиа-контент.   Отображать как ссылку

×   Ваши публикации восстановлены.   Очистить редактор

×   Вы не можете вставить изображения напрямую. Загрузите или вставьте изображения по ссылке.

  • Недавно просматривали   0 пользователей

    • Ни один зарегистрированный пользователь не просматривает эту страницу.
  • Upcoming Events

    No upcoming events found
  • Recent Event Reviews


×

Важная информация

Правила форума Условия использования