Homo Morales Опубликовано 20 Сентября 2011 Жалоба Share Опубликовано 20 Сентября 2011 Салем, әріптестер! Қазақ тіліндегі тақырыптарды көбейтуге менде өз 5 тиынымды қосайын. Мүмкін форумда бұл тақырып бұрын талқыланған болар, бірақ мен таппадым. Жағдай мынадай: Жер қойнауын пайдалану туралы заңында Жер қойнауын пайдаланушының міндеттері ретінде келесі міндет қаралған: Ішкі құжаттаманы қоса алғанда, іс-қағаздарын жүргізуге, сондай-ақ қажет болған жағдайларда басқа тілдердегі аудармасын қоса бере отырып, жазбаша түрде жасалатын мәмілелерді қазақ және орыс тілдерінде жазуға немесе орыс тілінде: Вести делопроизводство, включая внутреннюю документацию, а также излагать сделки, совершаемые в письменной форме, на казахском и русском языках с приложением в необходимых случаях перевода на других языках Дәл осындай мәтінде, жер қойнауын пайдаланушылармен Үкіметтің арасында жасалған келісім-шарттарға толықтырулар енгізілді. Яғни Жер қойнауын пайдаланушылар (мұнай компаниялары және т.б.) өзінің ішкі құжатнамасын қазақ және орыс тілдерінде қатар жүргізуі тиіс. Бұның барлығы жақсы ғой, тек келісім-шарттарды және өзге де мәмілелерді қазақша жасау қиынға соғатын сиақты. Осыған байланысты сұрақ: 1. Мәмілелерге қатысты, Заңмен қойылған жоғарыдағы талаптарды орындамау, сол мәмілелердің жарамсыздығына алып келуі мумкін бе? 2. Жер қойнауын пайдаланушылар арасында, осы талаптарды орындап бастағандар бар ма? Қателеспсем форумда осыған уқсас тақырып қозғалған. Онда Бас прокуратурасынын тусіндірмесіне сәйкес, келісім-шарттар жарамды деген пікірлер айтылған. Бірақ ол кезде Тіл туралы заңдағы норма туралы болған. Ол заңдағы мәтін басқаша. Жоғарыда келтірілген нормада тура айтылған. Жауап күтемін :drowning: Цитата Ссылка на комментарий Поделиться на других сайтах More sharing options...
Zhalair Мухали Опубликовано 20 Сентября 2011 Жалоба Share Опубликовано 20 Сентября 2011 Менің ойымша егерде мәміле аталған заңда белгіленген тәртіпте жасалмаса /екі тілде жасалмаса/, онда сол мәміле, ҚР АК-тың 158 - ші бабына сәйкес, жарамсыз болып табылуы мүмкін. Цитата Ссылка на комментарий Поделиться на других сайтах More sharing options...
Айдос Сайланбайұлы Опубликовано 20 Сентября 2011 Жалоба Share Опубликовано 20 Сентября 2011 (изменено) Менің ойымша да, мазмұны заң талаптарына сәйкес келмейтін мәмілелер жарамсыз болуы мүмкін. ҚР АК 158 бабы . Изменено 20 Сентября 2011 пользователем Айдос Сайланбайұлы Цитата Ссылка на комментарий Поделиться на других сайтах More sharing options...
Homo Morales Опубликовано 20 Сентября 2011 Автор Жалоба Share Опубликовано 20 Сентября 2011 Жалайыр, Айдеке, рахмет! Егер, аталған талаптарды орындамау, шыныменде мәмілелердің жарамсыздығына алып келсе, жоғарыдағы заң кабылданған сәттен бастап жер қойнауын пайдаланушылардың жасаган мәмілелері жарамсыз болып шығуы қауіпі анық. Орта есеппен, бір жер қойнауын пайдаланушының 1 жылда жасалатын келісім-шарттарының жалпы сомасы шамамен 15 млрд. тенгені құрайды. Бұл орта есеппен алғанда. Одан алде кайда жоғары соммалар да бар. Мұнай компанияларының контрагенттері немесе мүдделі мемлекеттік органдар, осы жағдайды тиімді пайдаланып кетуі әбден мумкін. Цитата Ссылка на комментарий Поделиться на других сайтах More sharing options...
Просто Пэт Опубликовано 20 Сентября 2011 Жалоба Share Опубликовано 20 Сентября 2011 Менің ойымша жарамсыз болып табылмайды. Цитата Ссылка на комментарий Поделиться на других сайтах More sharing options...
Zhalair Мухали Опубликовано 20 Сентября 2011 Жалоба Share Опубликовано 20 Сентября 2011 Менің ойымша жарамсыз болып табылмайды. Неге? Цитата Ссылка на комментарий Поделиться на других сайтах More sharing options...
Просто Пэт Опубликовано 20 Сентября 2011 Жалоба Share Опубликовано 20 Сентября 2011 Менде Қр-ның заңдарының қазақшасы жоқтығынан, орысша жазайын :-) Конституция ст.7 2. В государственных организациях и органах местного самоуправления наравне с казахским официально употребляется русский язык. Согласно Постановлению Конституционного Совета РК от 8 мая 1997 года № 10/2: «Данная конституционная норма понимается однозначно, что в государственных организациях и органах местного самоуправления казахский и русский языки употребляются в равной степени, одинаково, независимо от каких-либо обстоятельств». Постановление Конституционного Совета Республики Казахстан от 8 мая 1997 года № 10/2 Об обращении Президента Республики Казахстан в соответствии Конституции Республики Казахстан представленного на подпись Президенту Республики Казахстан Закона Республики Казахстан "О языках в Республике Казахстан", принятого Парламентом Республики Казахстан 12 марта 1997 года Данная конституционная норма понимается однозначно, что в государственных организациях и органах местного самоуправления казахский и русский языки употребляются в равной степени, одинаково, независимо от каких-либо обстоятельств. Закон РК "О языках в РК" Статья 5. Употребление русского языка В государственных организациях и органах местного самоуправления наравне с казахским официально употребляется русский язык. Согласно Постановлению Конституционного Совета РК от 8 мая 1997 года № 10/2: «Данная конституционная норма понимается однозначно, что в государственных организациях и органах местного самоуправления казахский и русский языки употребляются в равной степени, одинаково, независимо от каких-либо обстоятельств». Цитата Ссылка на комментарий Поделиться на других сайтах More sharing options...
Zhalair Мухали Опубликовано 20 Сентября 2011 Жалоба Share Опубликовано 20 Сентября 2011 Жоқ, келіспеймін)) Өйткені Сіз көрсеткен нормалар тек қана тілге қатысты, ал біздің талқылап отырғанымыз заңмен белгіленген жеке шарттың мазмұны Цитата Ссылка на комментарий Поделиться на других сайтах More sharing options...
KZ Lawyer Опубликовано 20 Сентября 2011 Жалоба Share Опубликовано 20 Сентября 2011 Жоқ, келіспеймін)) Өйткені Сіз көрсеткен нормалар тек қана тілге қатысты, ал біздің талқылап отырғанымыз заңмен белгіленген жеке шарттың мазмұны Бұл жерде ҚР АК 158 бабы қолданылана алмайды. Себебі келісім-шарттың мазмұны (содержание) мен оның қазақ тіліндегі нұсқасы екеуі мүлдем екі басқа нәрселер. Цитата Ссылка на комментарий Поделиться на других сайтах More sharing options...
Homo Morales Опубликовано 20 Сентября 2011 Автор Жалоба Share Опубликовано 20 Сентября 2011 Менде Қр-ның заңдарының қазақшасы жоқтығынан, орысша жазайын :-) Сіз келтірген заң нормалары, казақ емес орыс тілінің казақ тілімен тең қатар қолданылатындығы жайында. Жер қойнауын пайдалану заңында тек қазақ тілінде іс қағаздар жүргізу немесе орыс тілінде жүргізбеу туралы айтылмаган. Қазақ тілімен орыс тілінде қатар іс қағаз жүргізу, орыс тілінің мүддесіне қайшы келмейді ғой Цитата Ссылка на комментарий Поделиться на других сайтах More sharing options...
Enya Опубликовано 20 Сентября 2011 Жалоба Share Опубликовано 20 Сентября 2011 (изменено) Патриотка, сіз келтірген заң үзіндісінде мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарындағы қазақ тілімен қоса орыс тілінің бірге жүруі айтылған ғой. Ал автордың сұрағы басқашалау, жер қойнауын пайдаланушылар, мұнай ж-е т.б. компанияларында (яғни заңды тұлғалар) іс жүргізу қағаздарын және сатып алу-сату т.б. мәмілелерінің қазақша мәтінін жасамасақ, құжаттар жарамсыз болып таныла ма деген сұрақ туындап отыр, менің ойымша жартылай жарамсыз болып танылады, себебі қандай да бір мемлекеттік мекемеге жүгіне қалсаңыз, сіз көрсеткен заңға сүйеніп, қазақша мәтінін талап етуі мүмкін (жеке пікірім). Изменено 20 Сентября 2011 пользователем Enya Цитата Ссылка на комментарий Поделиться на других сайтах More sharing options...
Enya Опубликовано 20 Сентября 2011 Жалоба Share Опубликовано 20 Сентября 2011 Біздің бір компания - жер қойнауын пайдаланушы блып табылады. Іс қағаздары, мәмілелер т.б. құжаттар тек орыс тілінде жасалады, әзірше (қуанышқа / өкінішке орай ) сіз көрсеткендей мәселелер туындап көрмепті. Цитата Ссылка на комментарий Поделиться на других сайтах More sharing options...
KZ Lawyer Опубликовано 20 Сентября 2011 Жалоба Share Опубликовано 20 Сентября 2011 (изменено) менің ойымша жартылай жарамсыз болып танылады, Мүлдем олай емес. Келісім-шарттың қазақ тіліндегі баламасының болу/болмауы келісім-шарттың мазмұны (мәтіні) болып табылмайды. Келісім-шарттың мазмұны анайы түрде айтқанда тараптардың құқығы мен міндеттерін, оның орындалу тәртібін белгілейді және к-ш-тың қазақша баламасының болмауы оның жарамсыздығына әкеп соқтырар себеп болып табылмайды. Изменено 20 Сентября 2011 пользователем KZ Lawyer Цитата Ссылка на комментарий Поделиться на других сайтах More sharing options...
Homo Morales Опубликовано 20 Сентября 2011 Автор Жалоба Share Опубликовано 20 Сентября 2011 Себебі келісім-шарттың мазмұны (содержание) мен оның қазақ тіліндегі нұсқасы екеуі мүлдем екі басқа нәрселер. Егер, заң, келісім-шарттың мазмұны қазақ тілінде болу керек деп тұрса да, ма? Жер қойнауын пайдалану туралы заң, мәмілелердің қазақша нұсқасы болу керектігін міндеттеп турған жоқ. Заң, келісім-шарттарды қазақ тілінде жасауды міндеттеп тур, жане егер қажет болса, орыс немесе өзге тілдердің нұсқасын пайдалануга болады дейді. дәлірек айтсақ, аталған заң, жер қойнауын пайдаланушыларға келісім-шарттарын қазақ тілінде жасауын, яғни келісім-шарттардың мазмұны қазақ тілінде болуын бекітіп тұр. ИМХО. Цитата Ссылка на комментарий Поделиться на других сайтах More sharing options...
Zhalair Мухали Опубликовано 20 Сентября 2011 Жалоба Share Опубликовано 20 Сентября 2011 Ал 157 баптын 1 тармағын қолдансақ? Мәмiленiң нысанына, мазмұнына және қатысушыларына, сондай-ақ олардың ерiк бiлдiру бостандығына қойылатын талаптар бұзылған жағдайда мүдделi адамдардың, тиiстi мемлекеттiк органның не прокурордың талабы бойынша мәмiле жарамсыз деп танылуы мүмкiн. Цитата Ссылка на комментарий Поделиться на других сайтах More sharing options...
Homo Morales Опубликовано 20 Сентября 2011 Автор Жалоба Share Опубликовано 20 Сентября 2011 Ал 157 баптын 1 тармағын қолдансақ? Мәмiленiң нысанына, мазмұнына және қатысушыларына, сондай-ақ олардың ерiк бiлдiру бостандығына қойылатын талаптар бұзылған жағдайда мүдделi адамдардың, тиiстi мемлекеттiк органның не прокурордың талабы бойынша мәмiле жарамсыз деп танылуы мүмкiн. Жоқ, келмейтін сияқты. Нысана деп тұрғаны, жазбаша немесе ауызша нысаналар. АК-де осы туралы арнайы бап болу керек. Цитата Ссылка на комментарий Поделиться на других сайтах More sharing options...
Enya Опубликовано 20 Сентября 2011 Жалоба Share Опубликовано 20 Сентября 2011 Мүлдем олай емес. Келісім-шарттың қазақ тіліндегі баламасының болу/болмауы келісім-шарттың мазмұны (мәтіні) болып табылмайды. Келісім-шарттың мазмұны анайы түрде айтқанда тараптардың құқығы мен міндеттерін, оның орындалу тәртібін белгілейді және к-ш-тың қазақша баламасының болмауы оның жарамсыздығына әкеп соқтырар себеп болып табылмайды. Келіспеймін. Автор қойған сұрақ мынадай: 1. Мәмілелерге қатысты, Заңмен қойылған жоғарыдағы талаптарды орындамау, сол мәмілелердің жарамсыздығына алып келуі мумкін бе? ал заң талабы мынау: Ішкі құжаттаманы қоса алғанда, іс-қағаздарын жүргізуге, сондай-ақ қажет болған жағдайларда басқа тілдердегі аудармасын қоса бере отырып, жазбаша түрде жасалатын мәмілелерді қазақ және орыс тілдерінде жазуға түсінігі біреу - құжатнама және мәмілелер екі тілде жүргізілуге тиіс делінген. Цитата Ссылка на комментарий Поделиться на других сайтах More sharing options...
Айдос Сайланбайұлы Опубликовано 20 Сентября 2011 Жалоба Share Опубликовано 20 Сентября 2011 Аталған заңды қарап шығып, келісімшартты жарамсыз деп тану келесі жағдайларда болатынына көзім жетті: 74-бап. Келiсiмшартты жарамсыз деп тану 1. Мыналар: 1) жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстың жарамсыз деп танылуы; 2) осы Заңда белгiленген мiндеттi талаптардың келiсiмшартта болмауы; 3) құзыреттi органға немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органына оның осы тұлғамен келiсiмшарт жасасу жөнiндегi шешiмiне әсер еткен көрiнеу дәйексiз ақпарат берудiң анықталуы; 4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негiздер келiсiмшартты жарамсыз деп тануға негiз болып табылады. 2. Жарамсыз деп танылған келiсiмшарт, оның жарамсыздығымен байланыстыларды қоспағанда, құқықтық салдарға әкеп соқпайды және оны жасасқан кезден бастап жарамсыз болады. Келiсiмшартты жарамсыз деп тану жер қойнауын пайдаланушыны Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келiсiмшарттық аумақты мемлекетке қайтару және жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операциялардың зардаптарын жою жөнiндегi мiндеттемелердi орындаудан босатпайды. Ал негізінде Тіл туралы заңға сәйкес, барлық келісімшарт екі тілде дайындалу керек, бірақ көп жағдайда практикада бір тілде дайындалады. Бірақ, оған мемлекеттік органдар ештеңе деп жатқан жоқ, егерде қолға алса, мүмкін жарамсыз деп тануы. Қолға алмаса, жабулы қазан жабулы түрінде, бір тілде дайындай беруге болатын сияқты. Цитата Ссылка на комментарий Поделиться на других сайтах More sharing options...
Просто Пэт Опубликовано 20 Сентября 2011 Жалоба Share Опубликовано 20 Сентября 2011 Егер, заң, келісім-шарттың мазмұны қазақ тілінде болу керек деп тұрса да, ма? Менің айтайын дегенім конституция бойынша орыс тілі қазақ тілімен қатар қолданыла алады. Сондықтан, біріншіден, келісім-шарттың орысша болса оны жарамсыз деп тану заіңсыз. Ал екіншіден, сіз айтқан заңның бұл талабы конституцияға сәйкес келмейді. Цитата Ссылка на комментарий Поделиться на других сайтах More sharing options...
KZ Lawyer Опубликовано 20 Сентября 2011 Жалоба Share Опубликовано 20 Сентября 2011 (изменено) Заң, келісім-шарттарды қазақ тілінде жасауды міндеттеп тур, жане егер қажет болса, орыс немесе өзге тілдердің нұсқасын пайдалануга болады дейді. дәлірек айтсақ, аталған заң, жер қойнауын пайдаланушыларға келісім-шарттарын қазақ тілінде жасауын, яғни келісім-шарттардың мазмұны қазақ тілінде болуын бекітіп тұр. ИМХО. Ал егер де орыс тілінде жасалған келісім шартқа мемлекет өз тарапынан келісімін танытып, соның нышаны ретінде қол қойса, қалайша ол келісім-шарттың жарамсыздығын аталған негіздер бойынша талап ете алмақ? Меніңше мемлекет тарапынан бұл барып тұрған далбасалық әрекет болмақ. Изменено 20 Сентября 2011 пользователем KZ Lawyer Цитата Ссылка на комментарий Поделиться на других сайтах More sharing options...
Айдос Сайланбайұлы Опубликовано 20 Сентября 2011 Жалоба Share Опубликовано 20 Сентября 2011 Менің айтайын дегенім конституция бойынша орыс тілі қазақ тілімен қатар қолданыла алады. Сондықтан, біріншіден, келісім-шарттың орысша болса оны жарамсыз деп тану заіңсыз. Ал екіншіден, сіз айтқан заңның бұл талабы конституцияға сәйкес келмейді. мәмілелерді қазақ және орыс тілдерінде жазуға- деп тұр. Сондықтан Конституцияға сәйкес келеді. Цитата Ссылка на комментарий Поделиться на других сайтах More sharing options...
Homo Morales Опубликовано 20 Сентября 2011 Автор Жалоба Share Опубликовано 20 Сентября 2011 Аталған заңды қарап шығып, келісімшартты жарамсыз деп тану келесі жағдайларда болатынына көзім жетті: 74-бап. Келiсiмшартты жарамсыз деп тану 1. Мыналар: Бул бапта /74/ тек жер қойнауын пайдаланушымен Үкіметтің арасындағы келісім-шартты жарамсыз деп танудын негіздері келтірілген. Менін айтып отырғаным барлық келісім-шарттар туралы, заңды тұлғалармен жасалғандарды да қосқанда. Цитата Ссылка на комментарий Поделиться на других сайтах More sharing options...
Homo Morales Опубликовано 20 Сентября 2011 Автор Жалоба Share Опубликовано 20 Сентября 2011 Ал егер де орыс тілінде жасалған келісім шартқа мемлекет өз тарапынан келісімін танытып, соның нышаны ретінде қол қойса, қалайша ол келісім-шарттың жарамсыздығын аталған негіздер бойынша талап ете алмақ? Меніңше мемлекет тарапынан бұл барып тұрған далбасалық әрекет болмақ. Мемлекеттің келісімі, шарттың жарамды не жарамсыздығына әсер етпейді. Цитата Ссылка на комментарий Поделиться на других сайтах More sharing options...
KZ Lawyer Опубликовано 21 Сентября 2011 Жалоба Share Опубликовано 21 Сентября 2011 (изменено) Мемлекеттің келісімі, шарттың жарамды не жарамсыздығына әсер етпейді. Жарамсыз деп тану негізі ретінде келісім-шарттың қазақ тілінде жазылмағандын сылтаурату ма?! Өтінемін! Бұл біле білсеңіз мемлекет тарапынан да жіберілген қателік болып есептеледі. Изменено 21 Сентября 2011 пользователем KZ Lawyer Цитата Ссылка на комментарий Поделиться на других сайтах More sharing options...
Homo Morales Опубликовано 22 Сентября 2011 Автор Жалоба Share Опубликовано 22 Сентября 2011 KZ Lawyer, сіздің соңғы екі постыңызды түсінбедім. Цитата Ссылка на комментарий Поделиться на других сайтах More sharing options...
Рекомендуемые сообщения
Join the conversation
You can post now and register later. If you have an account, sign in now to post with your account.
Note: Your post will require moderator approval before it will be visible.