Жакентай Опубликовано 24 Января 2012 Жалоба Опубликовано 24 Января 2012 Құрметті қатысушылар, менде келесідей сұрақ туындады, көмек берулеріңізді сұраймын. Атқару өндірісі кезеңінде біздің борышкер банкрот болады да, конкурстық басқарушы тағайындалады. Ал ол борышкердің несиеберушілері жетіп жатыр? яғни көп. Ендігі кезекте, егер конкурстық басқарушы борышкердің мүліктерін сатқан жағдайда, бірінші кезекте қандай қарыздары жабылуы қажет. Цитата
Жакентай Опубликовано 24 Января 2012 Автор Жалоба Опубликовано 24 Января 2012 Құрметті қатысушылар, менде келесідей сұрақ туындады, көмек берулеріңізді сұраймын. Атқару өндірісі кезеңінде біздің борышкер банкрот болады да, конкурстық басқарушы тағайындалады. Ал ол борышкердің несиеберушілері жетіп жатыр? яғни көп. Ендігі кезекте, егер конкурстық басқарушы борышкердің мүліктерін сатқан жағдайда, бірінші кезекте қандай қарыздары жабылуы қажет. :blink: Цитата
Zhalair Мухали Опубликовано 24 Января 2012 Жалоба Опубликовано 24 Января 2012 Заңға сәйкес, бірінші кезекте өмірге және денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу, және алименттік төлемдер қарастырылған. Цитата
Жакентай Опубликовано 24 Января 2012 Автор Жалоба Опубликовано 24 Января 2012 (изменено) Заңға сәйкес, бірінші кезекте өмірге және денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу, және алименттік төлемдер қарастырылған. Менің білгім келгені несие берушілердің арасынан кімге бірінші кезекте қарастырылады? Қарызының мөлшері көп болғанына ма немесе бірінші болып атқару өндірісіне тапсырылғанына ма? бірінші болып шешім шыққанына ма? Немесе басқа да жолдары бар ма? Изменено 24 Января 2012 пользователем жасиков Цитата
Жакентай Опубликовано 24 Января 2012 Автор Жалоба Опубликовано 24 Января 2012 несие берушілердің барлығы дерлік қарызды өндіріп алу бойынша. Цитата
Q100 Опубликовано 24 Января 2012 Жалоба Опубликовано 24 Января 2012 "Банкроттық туралы" ҚР 1997 жылғы 21 қаңтардағы № 67 Заңының 75-бап. "Конкурстық массаны бөлу кезегi":2. Таратылатын банкрот өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн жауап беретiн азаматтардың жалақыдан және (немесе) өзге кірістен ұсталған алименттерді, сондай-ақ талаптарды төлеу бойынша талаптары тиiстi уақтылы төленетiн капиталға айналдыру арқылы бiрiншi кезекте қанағаттандырылады. 3. Еңбек шарты бойынша жұмыс істеген адамдарға еңбегіне ақы мен өтемдер, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар бойынша еңбекақыдан ұсталған міндетті зейнетақы жарналарын төлеу бойынша берешектерді өтеу, сондай-ақ авторлық шарттар бойынша сыйақы төлеу жөніндегі есеп айырысулар, осы Заңның 78-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, екінші кезекте жүргізіледі. 4. Кредиторлардың таратылған банкрот мүлкінің кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемелері бойынша талаптары қамтамасыз ету сомасы шегінде үшінші кезекте қанағаттандырылады. 5. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер жөнiндегi берешек төртiншi кезекте өтеледi. 6. Басқа кредиторлармен есеп айырысу осы Заңға және басқа да Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес бесiншi кезекте жүргiзiледi. Цитата
Жакентай Опубликовано 24 Января 2012 Автор Жалоба Опубликовано 24 Января 2012 Менің білейін дегенім кредиторлармен есеп айырылысу кезінде кезекке тұрғызу қалай жүргiзiледi. Менің алдымда аталған борышкерге қатысты 10-ға жуық несиберушілер қарызды өндіріп алу бойынша шешімін алып койган, жане менен кейін де алып жатыр. Ал борышкердің мүлкі шектеулі, мүмкін тек алдыңғы шешім шыққандардын тек 5-ін ғана қанағаттандырар. Маған борышкердің сол мүлкіне үмітім бар ма немесе жоқ па? Қалайша сол мүлікке талас жүргізсем болады. Барлығымызда қарызды өндіріп алу бойынша шешімдеріміз бар, бірақ біреуімізде ертерек, біреуінікі кешірек алынған. Цитата
Zhalair Мухали Опубликовано 24 Января 2012 Жалоба Опубликовано 24 Января 2012 Несие берушілердің талаптырының реестрі болуы қажет. Ол реестр банкротттық туралы азаматтық іс жүргізу барысында бекітіледі. Цитата
Жакентай Опубликовано 24 Января 2012 Автор Жалоба Опубликовано 24 Января 2012 Несие берушілердің талаптырының реестрі болуы қажет. Ол реестр банкротттық туралы азаматтық іс жүргізу барысында бекітіледі. Түсінікті болды, рахмет. :blink: Цитата
Рекомендуемые сообщения
Join the conversation
You can post now and register later. If you have an account, sign in now to post with your account.
Note: Your post will require moderator approval before it will be visible.