Гость Абзал Самбет Опубликовано 22 Марта 2015 Жалоба Опубликовано 22 Марта 2015 менің інім ұялы телефондар дүкенінен телефон сатып алған еді. Бір күннен кейін ол телефонды қайтіп тапсырмақ болған. Бірақ олар қайтып алмады. Цитата
дизайнер Опубликовано 25 Марта 2015 Жалоба Опубликовано 25 Марта 2015 Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралыҚазақстан Республикасының 2010 жылғы 4 мамырдағы № 274-IV Заңы30-бап. Сатушының (дайындаушының) тиісті сападағы да, тиісті емес сападағы да тауарды сату кезіндегі міндеттері 1. Мыналарды: 1) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды; 2) іш киімді; 3) шұлық-ұйық бұйымдарын; 4) жануарлар мен өсімдіктерді; 5) метрлеп сатылатын тауарларды, атап айтқанда, барлық түрдегі талшықтардан жасалған маталарды, тоқыма және перделік кенеп матаны, жасанды теріні, кілем бұйымдарын, тоқыма емес материалдарды, ленталарды, шілтерді, таспаны, сымдарды, бауларды, кәбілдерді, линолеумды, багетті, пленканы, клеенканы қоспағанда, егер тиісті сападағы азық-түліктік емес тауар пайдаланылмаса, оның тауарлық түрі, тұтынушылық қасиеттері, пломбалары, заттаңбалары, сондай-ақ тауарды сатып алу фактісін растайтын құжат сақталса, егер шартта неғұрлым ұзақ мерзім белгіленбесе, тауар сатып алынған күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде сатушы (дайындаушы) оны айырбастауды немесе қайтаруды қамтамасыз етуге міндетті. Егер тауарды сатып алу фактісін растайтын құжат жоғалған немесе қандай да бір себептермен тұтынушыға берілмеген жағдайда, егер тұтынушы осы сатушыдан (дайындаушыдан) сатып алу фактісін дәлелдесе, онда тауарды айырбастау немесе қайтару жүргізілуге тиіс. Цитата
Рекомендуемые сообщения
Join the conversation
You can post now and register later. If you have an account, sign in now to post with your account.
Note: Your post will require moderator approval before it will be visible.