Serzhan Опубликовано 28 Марта 2015 Жалоба Опубликовано 28 Марта 2015 Төмендегі талапты сақтамауында қандай салдары бар?Әкімшілік кодексте жауапкершілік жоқ.Ал азаматық қатаныстарда ше? Бір тілде жасалған шарт немесе еңбек шарты заңсыз деп таныла алады ма?15-бап. Мәмiлелер тiлi Қазақстан Республикасында жеке және заңды тұлғалардың жазбаша нысанда жасалатын барлық мәмiлелерi қажет болған жағдайда басқа тiлдердегi аудармасы қоса берiлiп, мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде жазылады. Шетелдiк жеке және заңды тұлғалармен жазбаша нысанда жасалатын мәмiлелер мемлекеттiк тiлде және тараптар үшiн қолайлы тiлде жазылады. Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушылары мәмілелердi мемлекеттiк тілде және (немесе) орыс және (немесе) ағылшын тiлдерiнде жасасуға құқылы.
Убик Опубликовано 30 Марта 2015 Жалоба Опубликовано 30 Марта 2015 Төмендегі талапты сақтамауында қандай салдары бар?Ал азаматық қатаныстарда ше?Бір тілде жасалған шарт немесе еңбек шарты заңсыз деп таныла алады ма?http://forum.zakon.kz/index.php?/topic/57913-последствия-несоблюдения-требований-к-языку-сделки/&page=1Мазмұны:Жауапкершілік жоқ.Бір тілде жасалған шарт немесе еңбек шарты заңсыз деп таныла алмайды.
Zhalair Мухали Опубликовано 30 Марта 2015 Жалоба Опубликовано 30 Марта 2015 Парламент қай мақсатты көздеген екен осы бапты заңнамамызға еңгізген кезде. Ешкандай пайдасы жоқ.
Dastan ARDAGI Опубликовано 9 Апреля 2015 Жалоба Опубликовано 9 Апреля 2015 Құрметті әріптестер! Жас маманға кеңес берулеріңізді сұраймын) Сот ісін жүргізу тіліне байланысты сұрақ туындап отыр. Біздің мекеме сотқа талап-арызды қазақ тілінде берген болатын, бірақ қосымшасындағы құжаттардың барлығы орыс тілінде болды. Судья талап-арызды қарап, талап-арызды қозғалыссыз қалдыру туралы ұйғарым шығарды. Ұйғарымда талапкер сотқа өз талаптарын негіздейтін мән-жайларды растайтын құжаттарды қазақ тіліне аударып, көшірмесін жіберу керек делінген. Осыған байланысты бізге, яғни, талапкерге талап-арыз тілін заңнама бойынша орыс тіліне ауыстыруға рұқсат бар ма? (қосымшадаға құжаттарды қазақ тіліне аудару өте көп уақытты алып отыр)
Zhalair Мухали Опубликовано 11 Апреля 2015 Жалоба Опубликовано 11 Апреля 2015 Құрметті әріптестер! Жас маманға кеңес берулеріңізді сұраймын) Сот ісін жүргізу тіліне байланысты сұрақ туындап отыр. Біздің мекеме сотқа талап-арызды қазақ тілінде берген болатын, бірақ қосымшасындағы құжаттардың барлығы орыс тілінде болды. Судья талап-арызды қарап, талап-арызды қозғалыссыз қалдыру туралы ұйғарым шығарды. Ұйғарымда талапкер сотқа өз талаптарын негіздейтін мән-жайларды растайтын құжаттарды қазақ тіліне аударып, көшірмесін жіберу керек делінген. Осыған байланысты бізге, яғни, талапкерге талап-арыз тілін заңнама бойынша орыс тіліне ауыстыруға рұқсат бар ма? (қосымшадаға құжаттарды қазақ тіліне аудару өте көп уақытты алып отыр) Менің ойымша судья қателік жіберіп отыр. Сіз осы ұйғарымға жеке шағым беруінізге болады. Мәселен, Казақстан Республикасының азаматтық іс жұргізу кодексінің 14 баптың 4 бөлігіне сәйкес Азаматтық сот ісін жүргізуге қатысушы адамдарға басқа тілде жазылған істің заң бойынша қажетті іс материалдарының сот ісін жүргізу тіліне сот тегін аударып беруді қамтамасыз етеді. Сот процесіне қатысушы адамдарға сотта сөйленген сөздің басқа тілде айтылған бөлігін сот ісін жүргізу тіліне тегін аударып беру қамтамасыз етіледі. Сіздің талап-арызға қосымша ретінде берілген құжаттар сот ісі материалдары болып есептеледі. Осыған байланысты судья шығарған ұйғарым заңсыз. Ал орыс тіліне аудару туралы былай деп ойлаймын - жоғарыда көрсетілген 14 баптың 2 бөлігіне сәйкес Егер істі бірінші сатыдағы сотта қарауға дайындық барысында талапкердің өз өкілі талап арыз (арыз) берген тілді білмейтіндігі анықталса, онда сот талапкердің жазбаша өтінішхаты бойынша сот ісін жүргізу тілін өзгерту туралы ұйғарым шығарады. Бірақ, мекеменің қазақ тілің білмейтінің қалай дәлелдейсіз?))
Рекомендуемые сообщения
Создайте аккаунт или авторизуйтесь, чтобы оставить комментарий
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи
Создать аккаунт
Зарегистрировать новый аккаунт в нашем сообществе. Это несложно!
Зарегистрировать новый аккаунтВойти
Есть аккаунт? Войти.
Войти