Перейти к контенту
КАЗАХСТАНСКИЙ ЮРИДИЧЕСКИЙ ФОРУМ

Рекомендуемые сообщения

Опубликовано

Құрметті әріптестер қазақ атамыз мақал-мәтелмен сөздің сәнін келтіріп, мәнін жасырған... :crazy:

Күнделікті әрқайсымыз бір-бір мақал-мәтел жазып, өз тілімізді дамытуға үлес қосып, көзге көп шалуды көздейік.

Бастайық.

Жігітке жеті өнер де аз!

  • Ответы 541
  • Created
  • Последний ответ

Top Posters In This Topic

Опубликовано (изменено)

Көк кептер түріне қарамай, әулие ағаштың басына қоныпты.

Изменено пользователем Adonia
Гость Айдос Сайланбайұлы
Опубликовано

Жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас.

Қоянды қамыс өлтіреді, жігітті намыс өлтіреді.

Әкеге қарап ұл өсер, Шешеге қарап қыз өсер.

Өзіңдікі өлтірмейді, жат жарылқамайды.

Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті.

Ойыма түскені осы. Әлі көп мақалдар бар.

Опубликовано

Құрметті әріптестер қазақ атамыз мақал-мәтелмен сөздің сәнін келтіріп, мәнін жасырған... :crazy:

Күнделікті әрқайсымыз бір-бір мақал-мәтел жазып, өз тілімізді дамытуға үлес қосып, көзге көп шалуды көздейік.

Бастайық.

Жігітке жеті өнер де аз!

Толықтай қолдаймын, алайда қайсысы мақал қайсысы мәтел екендигин айта кетсеңіздер дұрыс болар еді, өтініш...

Өз кезегінде:

мақал:

Балалы үй - базар,

Баласыз үй - мазар.

мәтел:

қызға қырық үйден тыю, қала берсе құлдан да тыю.

Опубликовано

алайда қайсысы мақал қайсысы мәтел екендигин айта кетсеңіздер дұрыс болар еді

Ұятта қалатын болдым-оу :crazy::crazy:

Ажыратпай-ақ қойсақ қайтер екен...

Гость Айдос Сайланбайұлы
Опубликовано

Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар.

Қыз елдің көркі, гүл жердің көркі.

Атаңа не көрсетсең, алдыңа сол келер.

Опубликовано

Төртеу түгел болса аспандағы келеді, алтау ала болса ауыздағы кетеді!

Гость Айдос Сайланбайұлы
Опубликовано

Су ішкен құдығыңа түкірме.

Сумен жер көгереді, батамен ел көгереді.

Гость Айдос Сайланбайұлы
Опубликовано

Жігітті өлтіретін намыс, қоянды өлтіретін қамыс! :crazy:

Кешіріңіз Молодой, бұл мақал айтылып кеткен!

Үйдің жақсысы ағашынан, жігіттің жақсысы нағашыдан.

Опубликовано

Казагымыздын сози откир де орынды айтылганы рас, кез-келгенин казирги кезге дейин яр турли жагдайларда колдануга болады. Мысалы, сот хатшыларына мына мател сайкес деп ойлаймын -

Айдаганы бес ешки, ыскырыгы жер жарады :crazy:

Ата данкымен кыз отер,

Мата данкымен боз отер, - бул соз белгили жяне абыройлы жогары оку орындарын битирген мамандарымызга келип тур.

Аштыкта жеген куырдактын дами ауыздан кетпейди, - бир кездери бир тындырган исине мактана беретин адамдарга айтамын :crazy:

P.S. Жумыс орнымда казак шрифтысы орнатылмаган екен, кеширерсиздер...

Опубликовано

Кешіріңіз Молодой, бұл мақал айтылып кеткен!

Айдос кешірім сұраймын :crazy: айып етпеңіз :crazy:

Опубликовано

сот хатшыларына мына мател сайкес деп ойлаймын -

Айдаганы бес ешки, ыскырыгы жер жарады :biggrin:

:hi: керемет... :hi: керемет... :lol:

Нысанаға дәл тигіздіңіз :hi:

Опубликовано

Алтынды көрсе періште де жолдан таяды - деп өзі бір нәрсені бүлдіріп қойып, осы мәтелге сілтеме жасап, сүттен ақ болып шығуға тырысады :biggrin:

  • Недавно просматривали   0 пользователей

    • Ни один зарегистрированный пользователь не просматривает эту страницу.
  • Upcoming Events

    No upcoming events found
  • Recent Event Reviews


×

Важная информация

Правила форума Условия использования