Гость МОЛОДОЙ Опубликовано 22 Августа 2008 Жалоба Share Опубликовано 22 Августа 2008 Иә, "І" әріп артық екен. Мысалы былай мағынасы, сіз банктен кредит алып, оны төлей алмай, қарыз болып батып кетіп, ешкімге айтпай жүре бересіз Туыстарыңыз біреуден естіп,сурайды, сен банкке қарыз екенсің ғой деп. Сіз айтасыз, жоқ, қарыз емеспін, бәрі жақсы, деп . Бір күні сот орындаушылар келіп , елдің көзінше, абыройыңызды айрандай төгіп, үйіңізден сізді шығарып , заттарыңызды көшеге лақтырып кеткенде, сонда ел айтады "Ойбұй, міне, ауыруды жасырсаң, өлім әшкерлейді. Қарыз екенін мойындамай қойып еді"- деп. Рахмет! Керемет түсіндіру. Ссылка на комментарий Поделиться на других сайтах More sharing options...
PRESIDENT Опубликовано 22 Августа 2008 Жалоба Share Опубликовано 22 Августа 2008 Қызды асырай алмаған күң қылады, Ұлды асырай алмаған құл қылады. Жібекті түте алмаған жүн қылады, қызды күте алмаған күң қылады. Кәрі қыз ер таңдамайды, Өлген ер жер таңдамайды. Ссылка на комментарий Поделиться на других сайтах More sharing options...
Adonia Опубликовано 22 Августа 2008 Жалоба Share Опубликовано 22 Августа 2008 Көз қорқақ, қол батыр Ссылка на комментарий Поделиться на других сайтах More sharing options...
PRESIDENT Опубликовано 22 Августа 2008 Жалоба Share Опубликовано 22 Августа 2008 Бойдақтарға және болашақ құдаларға арналады Көп беріп, көргенді жерден қыз алсаң, тік тұрып мейманыңа қызмет етер, аз беріп көргенсіз жерден қыз алсаң, қойныңа жатқанын да міндет етер. Ссылка на комментарий Поделиться на других сайтах More sharing options...
Гость Айдос Сайланбайұлы Опубликовано 23 Августа 2008 Жалоба Share Опубликовано 23 Августа 2008 Жетектеп жүріп аңға қосқан тазы, аң алмас. Ссылка на комментарий Поделиться на других сайтах More sharing options...
Zhamit Опубликовано 25 Августа 2008 Жалоба Share Опубликовано 25 Августа 2008 Дос жылатып айтар, дўшпан кїлдіріп айтар. Досыѕмен кґп сґйлеспе, жолынан ќалар, дўшпаныѕмен кґп сыйласпа, сырыѕды алар. Ссылка на комментарий Поделиться на других сайтах More sharing options...
777 Опубликовано 25 Августа 2008 Жалоба Share Опубликовано 25 Августа 2008 Ерте тұрған жігіттің ырысы артық, Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық. Ссылка на комментарий Поделиться на других сайтах More sharing options...
gulnaz Опубликовано 25 Августа 2008 Жалоба Share Опубликовано 25 Августа 2008 Қарға баласын аппағым дер. Кірпі баласын жұмсағым дер Ссылка на комментарий Поделиться на других сайтах More sharing options...
Adonia Опубликовано 25 Августа 2008 Жалоба Share Опубликовано 25 Августа 2008 Кемпір кемпірге "Апа" депті. Ссылка на комментарий Поделиться на других сайтах More sharing options...
gulnaz Опубликовано 25 Августа 2008 Жалоба Share Опубликовано 25 Августа 2008 Жігіт жанған шоқ блсын Шоқ болмаса, жоқ болсын Аты атанбаған жігіттен, аты атанған төбе артық Ссылка на комментарий Поделиться на других сайтах More sharing options...
PRESIDENT Опубликовано 25 Августа 2008 Жалоба Share Опубликовано 25 Августа 2008 Қайта шапқан жау жаман, Қайтып келген қыз жаман. Ссылка на комментарий Поделиться на других сайтах More sharing options...
Гость Айдос Сайланбайұлы Опубликовано 25 Августа 2008 Жалоба Share Опубликовано 25 Августа 2008 Қазақтын жауы - қазақ. Мына мақалды бірнеше рет естігенмін. Оның мағынасын, мәнін қалай түсінесіздер? Менің ойым: Бұл мақал сол репрессия, колективтендіру кезінде шыққан деп ойлаймын. Өйткені, сол кезде біздің бетке ұстар азаматтар қырылып кетті ғой. Соны Мәскеуде отырып, Стекең қайдан білген, егерде осы жерде отырған өзіміздің бауырларымыз бірін-бірі көрсетпесе. Сондықтан, Абай атамыздың айтқан сөзі өте орынды "Біріңді қазақ бірің дос,көрмесеңіз істің бәрі бос". Ссылка на комментарий Поделиться на других сайтах More sharing options...
777 Опубликовано 25 Августа 2008 Жалоба Share Опубликовано 25 Августа 2008 Жігіт жанған шоқ блсын Шоқ болмаса, жоқ болсын Аты атанбаған жігіттен, аты атанған төбе артық Ойпырмай, сол қызды-ай...Гүлеке, мақтамен бауыздап жатырсыз ғой жігіттерді...Аты атанғаныңыз бар ма екен қасыңызда? Ссылка на комментарий Поделиться на других сайтах More sharing options...
gulnaz Опубликовано 25 Августа 2008 Жалоба Share Опубликовано 25 Августа 2008 Ойпырмай, сол қызды-ай...Гүлеке, мақтамен бауыздап жатырсыз ғой жігіттерді...Аты атанғаныңыз бар ма екен қасыңызда? Жігіттердің қыздар туралы кейбір жазғанарын оқып намыстанып жатқаным ғой, бірақ қанша намыстанғанмен қазақ жай айтпаған ғой. Ал қасымда атанған болсын атанбаған болсын ол жігіттің бар жоғы сізді неге сонша мазалап отыр екен? :crazy: Ссылка на комментарий Поделиться на других сайтах More sharing options...
PRESIDENT Опубликовано 25 Августа 2008 Жалоба Share Опубликовано 25 Августа 2008 Қой өссе — отын соры, Қыз өссе — үйдің соры. Ссылка на комментарий Поделиться на других сайтах More sharing options...
gulnaz Опубликовано 25 Августа 2008 Жалоба Share Опубликовано 25 Августа 2008 Ел мақтаған жігітті қыз жақтаған Ссылка на комментарий Поделиться на других сайтах More sharing options...
gulnaz Опубликовано 25 Августа 2008 Жалоба Share Опубликовано 25 Августа 2008 Жақсы әйел жігітке біткен бақ Ссылка на комментарий Поделиться на других сайтах More sharing options...
PRESIDENT Опубликовано 25 Августа 2008 Жалоба Share Опубликовано 25 Августа 2008 Қыз кезінде бәрі жақсы, жаман қатын қайдан шығады? Ссылка на комментарий Поделиться на других сайтах More sharing options...
Гость МОЛОДОЙ Опубликовано 25 Августа 2008 Жалоба Share Опубликовано 25 Августа 2008 Қыз кезінде бәрі жақсы, жаман қатын қайдан шығады? Соны мен де білмеймін :crazy: Ссылка на комментарий Поделиться на других сайтах More sharing options...
PRESIDENT Опубликовано 25 Августа 2008 Жалоба Share Опубликовано 25 Августа 2008 Соны мен де білмеймін Гүлназ білетін шығар :crazy: Ссылка на комментарий Поделиться на других сайтах More sharing options...
gulnaz Опубликовано 25 Августа 2008 Жалоба Share Опубликовано 25 Августа 2008 жақсы әйел жаман еркекті түзетеді жаман теке сүзіскек жаман еркек тырысқақ жақсы әйел жарым ырыс жақсы әйел жарының жақсысын асырар, жаманын жасырар Ссылка на комментарий Поделиться на других сайтах More sharing options...
gulnaz Опубликовано 25 Августа 2008 Жалоба Share Опубликовано 25 Августа 2008 Гүлназ білетін шығар Оны алғанда көз байланып байқамаған еркек өзінен көрсін. Бұл мақал еркектердің сұлу қыз көргенде адам тану қасиетінен айрылып бастары ұрынып, кейін реніштен пайда болған деп ойлаймын Ссылка на комментарий Поделиться на других сайтах More sharing options...
Гость Айдос Сайланбайұлы Опубликовано 25 Августа 2008 Жалоба Share Опубликовано 25 Августа 2008 Атыңнан айрылсаң да, Ер-тоқымыңнан айрылма, қатыныңнан айрылсаң да, қазан-ошағыңнан айрылма қазан-ошағыңнан айырылсаң да, Халқыңнан айрылма Ссылка на комментарий Поделиться на других сайтах More sharing options...
777 Опубликовано 25 Августа 2008 Жалоба Share Опубликовано 25 Августа 2008 Жігіттердің қыздар туралы кейбір жазғанарын оқып намыстанып жатқаным ғой, бірақ қанша намыстанғанмен қазақ жай айтпаған ғой. Ал қасымда атанған болсын атанбаған болсын ол жігіттің бар жоғы сізді неге сонша мазалап отыр екен? 28 қарашада Мәжілістен Сенатқа көпәйелалушылық туралы нормасы бар заң жобасы өтуі керек еді... ...ойланып отырғаным... :clap: Ссылка на комментарий Поделиться на других сайтах More sharing options...
PRESIDENT Опубликовано 25 Августа 2008 Жалоба Share Опубликовано 25 Августа 2008 Күйеусіз әйел үйде тұрмас, баусыз оймақ қолда тұрмас. Бұлт шығып жаңбыр жаумай елді алдайды, әйелдің айлакері ерді алдайды. Бақпаса мал кетер, қарамаса, әйел кетер. Еркек сөйлесе — жол ашылады, әйел сөйлесе еті ашылады. Ерін сыйлаған әйел, елін де сыйлайды. Қатын ашуланса қазан қайнатар. Ссылка на комментарий Поделиться на других сайтах More sharing options...
Рекомендуемые сообщения