777 Опубликовано 27 Августа 2008 Жалоба Опубликовано 27 Августа 2008 Бұл қазағымыздың рушылдығына қатысты ғой деп ойлаймын, руластар, бір атадан тұғандар біріне-бірі көмек, жақсы жерде отырса, өзінің ағайындарын да сол айналаға тартатын әдеті бар емес па. Мүмкін қателесетін шығармын, бірақ мағынасын солай түсінемін Жаугершілік заман. Қалмақтардан қашып келе жатқан бір қазақ жолда жаяулатып қашып бара жатқан інісін көреді. Сол кезде артында отырған баласына бұрылып: “Атасы бөлек аттан түс, атасы бір кел атқа мін” – деп, аттың артында отырған баласының орнына інісін отырғызып жаудан аман алып қалған екен. Көріп отырғаныңыздай, бұл керісінше қазақтың мәрттігіне айтылған сөздер. Өз баласының орнына бауырының қымбатырақ екендігін білдіріп тұр. Бұрындары қазақта байлық пен билікті баласына қалдырғаннан гөрі інісіне қалдырғанды жөн санаған. Тарихты қарасаңыздар екі ғана “қателік” бар: бірі хандықты баласына қалдырған, екіншісі қарадан шығып хан болған туралы. Қай хандар екендігін дәл қазір атын атап, түсін түстеп бере алмай отырмын (есте жоқ).
Гость Айдос Сайланбайұлы Опубликовано 27 Августа 2008 Жалоба Опубликовано 27 Августа 2008 Итің жаман деген де өлгенім-ай.
PRESIDENT Опубликовано 27 Августа 2008 Жалоба Опубликовано 27 Августа 2008 Өзімдікі дегенде өгіз қара күшім бар, кісінікі дегенде анау-мынау ісім бар.
gulnaz Опубликовано 27 Августа 2008 Жалоба Опубликовано 27 Августа 2008 Жаугершілік заман. Қалмақтардан қашып келе жатқан бір қазақ жолда жаяулатып қашып бара жатқан інісін көреді. Сол кезде артында отырған баласына бұрылып: “Атасы бөлек аттан түс, атасы бір кел атқа мін” – деп, аттың артында отырған баласының орнына інісін отырғызып жаудан аман алып қалған екен. Көріп отырғаныңыздай, бұл керісінше қазақтың мәрттігіне айтылған сөздер. Өз баласының орнына бауырының қымбатырақ екендігін білдіріп тұр. Бұрындары қазақта байлық пен билікті баласына қалдырғаннан гөрі інісіне қалдырғанды жөн санаған. Тарихты қарасаңыздар екі ғана “қателік” бар: бірі хандықты баласына қалдырған, екіншісі қарадан шығып хан болған туралы. Қай хандар екендігін дәл қазір атын атап, түсін түстеп бере алмай отырмын (есте жоқ). Тарихын білмегендер мен сияқты түсінуі мүмкін. Бірақ қазіргі кезде бауырынан баласы жақын болып жүрген ағайындар көп кездесіп жатыр, сондайды талай кездестіріп жүрмін, өз басымнан өтпеген, өтпей-ақ қойсын деп тілеймін, бауырларым өз бастарымен үй-жай болғанда көрерміз.
777 Опубликовано 27 Августа 2008 Жалоба Опубликовано 27 Августа 2008 Тарихын білмегендер мен сияқты түсінуі мүмкін. Бірақ қазіргі кезде бауырынан баласы жақын болып жүрген ағайындар көп кездесіп жатыр, сондайды талай кездестіріп жүрмін, өз басымнан өтпеген, өтпей-ақ қойсын деп тілеймін, бауырларым өз бастарымен үй-жай болғанда көрерміз. Гүлеке, сіз керісінше бауырларыңыздан (төркініңізден) гөрі бала-шаға қамын ойласаңыз, ал жолдасыңыз бауырлар қамымен әуре болса...
gulnaz Опубликовано 27 Августа 2008 Жалоба Опубликовано 27 Августа 2008 Қызды кім айттырмайды, қымызды кім ішпейді
gulnaz Опубликовано 27 Августа 2008 Жалоба Опубликовано 27 Августа 2008 Гүлеке, сіз керісінше бауырларыңыздан (төркініңізден) гөрі бала-шаға қамын ойласаңыз, ал жолдасыңыз бауырлар қамымен әуре болса... Бұл арман ба, әлде........ Қыз баладан әке-шешесіне жақын ешкім болмайды, біздер төркіннің де қамын, баланың да қамын ойлайтын жандармыз, біз үшін екеуі де бірдей жақын жандар :bow:
PRESIDENT Опубликовано 27 Августа 2008 Жалоба Опубликовано 27 Августа 2008 Дос — егіз, дұшпан — сегіз.
777 Опубликовано 27 Августа 2008 Жалоба Опубликовано 27 Августа 2008 Дос — егіз, дұшпан — сегіз. Мұныңыз мықты екен, бұрын-соңды естімеппін...солай деңіз... Битке өкпелеп тоныңды отқа жақпа.
777 Опубликовано 27 Августа 2008 Жалоба Опубликовано 27 Августа 2008 Бұл арман ба, әлде........ Қыз баладан әке-шешесіне жақын ешкім болмайды, біздер төркіннің де қамын, баланың да қамын ойлайтын жандармыз, біз үшін екеуі де бірдей жақын жандар Кез-келген жігіттің арманы және неге суын ішкенде молда Құран сүрелерінен үзінді келтіреді: Егер өз әке-шешең немесе күйеуіңнің әке-шешесі немесе басқа да бір жандар күйеуіңнің айтқанына қарсы тапсырма берсе күйеуіңнің айтқанын істе. Күйеуіңнің айтқанын бір жағдайда ғана істемеуге болады: егер темекі, арақ-шарап сияқты зинақорлық мақсаттарда жұмсаса... Оның үстіне төркінді ойлай берген жігіттерді тығырыққа тірейді, өйткені ол жігіттің үш жұртының бірі, сен арқылы бір жұртпен араласып отырған келеңсіздеу...сондықтан өзінің жұртындай бола алмай жатады. Бостандық бер, үш жұртқа бірдей қарауға, ал сен судай сіңіп, тастай бат. Сенде пәленшенің қатыны деген ғана титул бар, басқа титул ешкімге керек емес, саған да, оған да, жұртқа да.
PRESIDENT Опубликовано 27 Августа 2008 Жалоба Опубликовано 27 Августа 2008 Аналы баланың өзі тоқ, анасыз баланың көзі тоқ.
gulnaz Опубликовано 27 Августа 2008 Жалоба Опубликовано 27 Августа 2008 Кез-келген жігіттің арманы және неге суын ішкенде молда Құран сүрелерінен үзінді келтіреді: Егер өз әке-шешең немесе күйеуіңнің әке-шешесі немесе басқа да бір жандар күйеуіңнің айтқанына қарсы тапсырма берсе күйеуіңнің айтқанын істе. Күйеуіңнің айтқанын бір жағдайда ғана істемеуге болады: егер темекі, арақ-шарап сияқты зинақорлық мақсаттарда жұмсаса... Оның үстіне төркінді ойлай берген жігіттерді тығырыққа тірейді, өйткені ол жігіттің үш жұртының бірі, сен арқылы бір жұртпен араласып отырған келеңсіздеу...сондықтан өзінің жұртындай бола алмай жатады. Бостандық бер, үш жұртқа бірдей қарауға, ал сен судай сіңіп, тастай бат. Сенде пәленшенің қатыны деген ғана титул бар, басқа титул ешкімге керек емес, саған да, оған да, жұртқа да. Неке суын ішіп әзір көргенім жоқ , молданың оқығанын да естіген емеспін, өйткені қатысқан емеспін. Менің тәрбием бойынша екі жұртты да жақын көргенбіз, бірақ әкемнің тәрбиесімен біз бірінші орында әкемнің туыстарын жақын тартамыз.
PRESIDENT Опубликовано 27 Августа 2008 Жалоба Опубликовано 27 Августа 2008 (изменено) бірақ әкемнің тәрбиесімен біз бірінші орында әкемнің туыстарын жақын тартамыз. ол тәрбиенің мәні неде? мақал Ана жақсылығын ауырсаң білерсің, қайын жақсылығын қыдырсаң білерсін. Изменено 27 Августа 2008 пользователем PRESIDENT
Zhamit Опубликовано 27 Августа 2008 Жалоба Опубликовано 27 Августа 2008 (изменено) Кез-келген жігіттің арманы және неге суын ішкенде молда Құран сүрелерінен үзінді келтіреді: Егер өз әке-шешең немесе күйеуіңнің әке-шешесі немесе басқа да бір жандар күйеуіңнің айтқанына қарсы тапсырма берсе күйеуіңнің айтқанын істе. ......................................................................... сөзіңіз дұрыс! Бұл шаңырақтын мықтылығын білдіреді. Менімше ерлі зайыптылар бірінші өз отбасының қамын ойлау қажет. Өз әйеліңмен түсінүшілік болмаса, тұғандарыңа қай ақылыңды айтып қалай қол үшіңді бере аласың? Негізі, ерлі зайыптының арасына ешкім кіріспеуі жөн. Өйткені семьядағы маселені өздерінен басқа ешкім шеше алмайды. Ал балаңнан тұғаның жақын ба деген орынсыз сұрақ, адамның пейілі кең болса жүрегінде барлығына да орын табылады. Изменено 27 Августа 2008 пользователем Zhamit
PRESIDENT Опубликовано 27 Августа 2008 Жалоба Опубликовано 27 Августа 2008 сөзіңіз дұрыс! Бұл шаңырақтын мықтылығын білдіреді. Менімше ерлі зайыптылар бірінші өз отбасының қамын ойлау қажет. Өз әйеліңмен түсінүшілік болмаса, тұғандарыңа қай ақылыңды айтып қалай қол үшіңді бере аласың? Негізі, ерлі зайыптының арасына ешкім кіріспеуі жөн. Өйткені семьядағы маселені өздерінен басқа ешкім шеше алмайды. Ал балаңнан тұғаның жақын ба деген орынсыз сұрақ, адамның пейілі кең болса жүрегінде барлығына да орын табылады. Осындай ой тұжырымынан кейін сіздің қазақ тілін енді оқып жүрмін дегеніңізге сенуім саяздады :bow:
Гость Айдос Сайланбайұлы Опубликовано 27 Августа 2008 Жалоба Опубликовано 27 Августа 2008 Бойдақтың түске дейін есі бар, түстен кейін есі жоқ.
gulnaz Опубликовано 27 Августа 2008 Жалоба Опубликовано 27 Августа 2008 Осындай ой тұжырымынан кейін сіздің қазақ тілін енді оқып жүрмін дегеніңізге сенуім саяздады Кейбірде үлкен ағаларым мені ызаландырғысы келіп "Ертең бауырларымнан қатыным жақын болады" деп қалжыңдайды. Шынында кейде сондай ағаларымыздың қылықтарын көріп ішім қатты ашиды. Кейде МЕН деген талай жігіттердің қасындағы әйелінің сөзін сойлейтініне түсінбеймін, егер ол әйелі ақылды болса жақсы ғой
Гость МОЛОДОЙ Опубликовано 27 Августа 2008 Жалоба Опубликовано 27 Августа 2008 Кез-келген жігіттің арманы және неге суын ішкенде молда Құран сүрелерінен үзінді келтіреді: Егер өз әке-шешең немесе күйеуіңнің әке-шешесі немесе басқа да бір жандар күйеуіңнің айтқанына қарсы тапсырма берсе күйеуіңнің айтқанын істе. Күйеуіңнің айтқанын бір жағдайда ғана істемеуге болады: егер темекі, арақ-шарап сияқты зинақорлық мақсаттарда жұмсаса... Оның үстіне төркінді ойлай берген жігіттерді тығырыққа тірейді, өйткені ол жігіттің үш жұртының бірі, сен арқылы бір жұртпен араласып отырған келеңсіздеу...сондықтан өзінің жұртындай бола алмай жатады. Бостандық бер, үш жұртқа бірдей қарауға, ал сен судай сіңіп, тастай бат. Сенде пәленшенің қатыны деген ғана титул бар, басқа титул ешкімге керек емес, саған да, оған да, жұртқа да. Дұрыс айтасыз! Толығымен келісем.
gulnaz Опубликовано 27 Августа 2008 Жалоба Опубликовано 27 Августа 2008 Адал адамның аты азып, тоны тозбас
Гость Айдос Сайланбайұлы Опубликовано 27 Августа 2008 Жалоба Опубликовано 27 Августа 2008 Кейбірде үлкен ағаларым мені ызаландырғысы келіп "Ертең бауырларымнан қатыным жақын болады" деп қалжыңдайды. Шынында кейде сондай ағаларымыздың қылықтарын көріп ішім қатты ашиды. Кейде МЕН деген талай жігіттердің қасындағы әйелінің сөзін сойлейтініне түсінбеймін, егер ол әйелі ақылды болса жақсы ғой Осы туралы тамаша мақал бар: Емшек берген ары жат, --шық берген бері жат.
777 Опубликовано 27 Августа 2008 Жалоба Опубликовано 27 Августа 2008 сөзіңіз дұрыс! Бұл шаңырақтын мықтылығын білдіреді. Менімше ерлі зайыптылар бірінші өз отбасының қамын ойлау қажет. Өз әйеліңмен түсінүшілік болмаса, тұғандарыңа қай ақылыңды айтып қалай қол үшіңді бере аласың? Негізі, ерлі зайыптының арасына ешкім кіріспеуі жөн. Өйткені семьядағы маселені өздерінен басқа ешкім шеше алмайды. Ал балаңнан тұғаның жақын ба деген орынсыз сұрақ, адамның пейілі кең болса жүрегінде барлығына да орын табылады. Аттың үстіне екуіңіз ғана сиясыз ғой, сондықтан бала ма, іні ма соны таңдағанда абай болыңыз...
gulnaz Опубликовано 27 Августа 2008 Жалоба Опубликовано 27 Августа 2008 :biggrin: осынша уақыттан бері жиып теріп келген мақалаларым таусылып қалды :bow:
Adonia Опубликовано 27 Августа 2008 Жалоба Опубликовано 27 Августа 2008 Қателеспесем, тойдын болғанынан боладысы қызық деген мақал бар емес пе.
Гость Айдос Сайланбайұлы Опубликовано 27 Августа 2008 Жалоба Опубликовано 27 Августа 2008 Қателеспесем, тойдын болғанынан боладысы қызық деген мақал бар емес пе. Құда мың жылдық, күйеу жүз жылдық.
PRESIDENT Опубликовано 27 Августа 2008 Жалоба Опубликовано 27 Августа 2008 Мамам осы мақалды айтып тұрады! Атадан жақсы ұл туса, есіктегі басын төрге апарар, атадан жаман ұл туса, төрдегі басын есікке апарар.
Рекомендуемые сообщения