Перейти к контенту
КАЗАХСТАНСКИЙ ЮРИДИЧЕСКИЙ ФОРУМ
Гость Айдос Сайланбайұлы

Жүрек түршігерлік жағдай

Рекомендуемые сообщения

Гость Айдос Сайланбайұлы

Менің осы Алматы қаласында тұратын құда баламнан естіген оқиға: Жақында досымыздың әйелін жерлеп қайттық дейді.

Оның бір досы өзінің үйінде, әр түрлі жұмыс істегенге бір қарақалпақ жұмысшы ұстапты. Үй иесі жоқ болған кезде әлгі жұмысшы сол үйдің әйелін (шамамен 30-35 жастағы) 4-жерден пышақтап, ваннаға жатқызып, мәйіттің үстіне 4-жасар тірі сол үйдің қызын отырғызып кетіпті. Үйінен не алғанын білмейді. Екі ұялы телефонын алып қашып кетіпті. Полиция сол телефондарға звондап жүріп әлгі қылмыскер - хайуанды ұстапты.БАсқа сөз жоқ. Жаңағы 4-жасар қыз 4-5 күн сөйлей алмай жүріп, барып тілі шығыпты.Әкесіне: Папа мамама барайықшы , -депті. Жан түршігерлік жағдай. Осы оқиғаны естіп жаман болып кеттім. Осы біздің халық жаман сенгіш, ақкөңіл, кім болса соны жұмысшы ретінде алып, бала-шағасымен қалдырып риза болып жүреді.(мақтанып менде үйде жұмысшы, күтуші өзбек, қалпақ бар деп) Менің айтайын дегенім, ағайын кім-көрінген келімсектерге сенуге болмайды(ала тақия, қалпақ болсын). Халқымызда айтады ғой: Өзіңдікі өлтірмейді, жат жарылқамайды деп.

Изменено пользователем Айдос Сайланбайұлы

Поделиться этим сообщением

Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

Қайдам... бұл оқиға әрине сұмдык екен. Бырақ, мен айтайын дегенім, осыдан быраз жыл бұрын мені өлтіріп кете жаздаған кәдімгі өзіміздің қазақ жігіттері. Құдай сақтады, аман қалдым. Қылмыстын аты қылмыс, қылмыскерлердің ұлты жоқ деп ойлаймын.

Изменено пользователем Перчинка

Поделиться этим сообщением

Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

Қазыр көптеген ел осы қарақалпақтардын қыздарын жалдап, кішкентайларын табыстап "няня" ретінде үйлерінде қалдырып кетеді. Біреудін ойында не бар екенін білмейміз ғой.

Мүмкін олардын мақсаты - қарапайым қазақтын тұрмыс жағдайын біліп кету шығар

Поделиться этим сообщением

Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

Мїмкін олардын маќсаты - ќарапайым ќазаќтын тўрмыс жаєдайын біліп кету шыєар

Олардын маќсаты - табысты жумыс, сондыќтан Ќараќалпаќстанда жумыс жоќ.

Поделиться этим сообщением

Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах
Гость Айдос Сайланбайұлы

Қазыр көптеген ел осы қарақалпақтардын қыздарын жалдап, кішкентайларын табыстап "няня" ретінде үйлерінде қалдырып кетеді. Біреудін ойында не бар екенін білмейміз ғой.

Мүмкін олардын мақсаты - қарапайым қазақтын тұрмыс жағдайын біліп кету шығар

Осы күтушілергеҰ(няняға) аз ақша төлейміз,-деп мәз болады. Мен тағы бір сұмдық естігенмін: осы күтушілер балалар жыламасын деп тамаққа ұйқтайтын дәрілер қосып береді екен. Бала байғұс әке-шешесі келгенше ұйықтайды, күтушінің мазасын алмайды екен. Мен осы күтушілерге 100 % сенбеймін.

Ал, Алматыдағы асхана, кафе, мейрамханаларды қараңыз. Сонда тамақ пісіретін, шашлық пісіретін кімдер? Олардың денсаулығы қалай, медкомиссиядан өтті ма? Олардың туберкулез, бурцулез ауырама. ауырмайма оны ешкім білмейді. Біздің тексерушілерге 1000-5000 берсең болды, жұмысыңды істей бер дейді. Халық өлмесе одан әрі. Сіз көрші елдерге барып, сөйтіп жүріп көрші, ақшаңды сыпырып, өзіңді қуып шықсын! Е, болашақты қашан ойлаймыз!

Поделиться этим сообщением

Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

Не деген масқара, құдай сақтасын, иманды болсын. Ал қатігезді тірідей көму қажет :hi:

Поделиться этим сообщением

Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах
Гость Айдос Сайланбайұлы

Не деген масқара, құдай сақтасын, иманды болсын. Ал қатігезді тірідей көму қажет :hi:

Президент мырза қалыңыз қалай? Көрінбей кеттіңіз ғой?

Поделиться этим сообщением

Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

Президент мырза қалыңыз қалай? Көрінбей кеттіңіз ғой?

Айдеке бәрі де аман есен, интернетті жұмыста бүгін жөндеді, ал үйде инетпен не болғаны туралы бөлек тақырып жасадым :hi:

Өзіңіз қалайсыз, үй іші түгел аман есен ба?

Поделиться этим сообщением

Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

Менің қарақалпақ, өзбек дегендерге аллергиям бар. Шын мәнінде арам, қу, сатқын халық. Қылмысты жасап алғаннан соң, бірін бірі сатып, жала жауып кетеді.

Нур, Ұлтшылдықты таратпаңыз! Перчинка айтқандай, қылмыскердің ұлты жоқ. Ол нәрсе адамның рухани мәдениетіне байланысты. Дүниеде әр бір ұлтта дұрысты да, қасиетсіз да азаматтар бар. Қазақтар да олардың ерекшелігі емес

Изменено пользователем Льдинка

Поделиться этим сообщением

Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

Менің осы Алматы қаласында тұратын құда баламнан естіген оқиға: Жақында досымыздың әйелін жерлеп қайттық дейді.

Оның бір досы өзінің үйінде, әр түрлі жұмыс істегенге бір қарақалпақ жұмысшы ұстапты. Үй иесі жоқ болған кезде әлгі жұмысшы сол үйдің әйелін (шамамен 30-35 жастағы) 4-жерден пышақтап, ваннаға жатқызып, мәйіттің үстіне 4-жасар тірі сол үйдің қызын отырғызып кетіпті. Үйінен не алғанын білмейді. Екі ұялы телефонын алып қашып кетіпті. Полиция сол телефондарға звондап жүріп әлгі қылмыскер - хайуанды ұстапты.БАсқа сөз жоқ. Жаңағы 4-жасар қыз 4-5 күн сөйлей алмай жүріп, барып тілі шығыпты.Әкесіне: Папа мамама барайықшы , -депті. Жан түршігерлік жағдай. Осы оқиғаны естіп жаман болып кеттім. Осы біздің халық жаман сенгіш, ақкөңіл, кім болса соны жұмысшы ретінде алып, бала-шағасымен қалдырып риза болып жүреді.(мақтанып менде үйде жұмысшы, күтуші өзбек, қалпақ бар деп) Менің айтайын дегенім, ағайын кім-көрінген келімсектерге сенуге болмайды(ала тақия, қалпақ болсын). Халқымызда айтады ғой: Өзіңдікі өлтірмейді, жат жарылқамайды деп.

Рас айтасыз. Біз олардың арзан жұмыс күшіне қызығып, ұйге кіргізіп, балаларымызды сеніп тапсырып кетеміз. Ал шын мәніне келгенде олардын қолында анықтамасы бар ма, ол анықтама болған күнде сенімді рас анықтама ма, олар өз жұртында дұрыс адам болдыма, есі дұрыс па, мүмкін қашып жүрген қылмыскер немесе ауру адам ба - білмейміз.

Поделиться этим сообщением

Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах
Гость Айдос Сайланбайұлы

Нур, Ұлтшылдықты таратпаңыз! Перчинка айтқандай, қылмыскердің ұлты жоқ. Ол нәрсе адамның рухани мәдениетіне байланысты. Дүниеде әр бір ұлтта дұрысты да, қасиетсіз да азаматтар бар. Қазақтар да олардың ерекшелігі емес

Мен осы 20 жылдан астам әртүрлі жұмыстармен, сол ала тақия елінің халқымен араласып жүрмін. Жұмыста жасаттым, дерлік бәрі, мүмкін 99% ті бетіңе күліп тұрып, айналып кетсең артыңнан тас лақтыруы ғажап емес. Жақсы ака деп тұрып , алдап кетеді.

Қаншама біздің бауырларды алдап, ақшасын алып қашып кетіп жатқандар бар. Біздің бауырлар бәрібір оқығаны бар, оқымағаны бар аңқау.

Поделиться этим сообщением

Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах
Гость МОЛОДОЙ

Айдос, сизбес кишкене келиспеймин. Жогарыда айтылгандай ол халыкка, ултка байланысты емес. :hi:

Поделиться этим сообщением

Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

Екі жақтікі де дұрыс, өйткені әр халықтың өзінің бойына тән қасиеттері болады, жақсы да жаман да. Арамдық, екіжүзділік, ішітарлық бір халыққа тән болса, екіншісіне еріншектік, аңқаулық, сенімшілік тән. Әрине, пайызбен айтқанда 80 ге 20, 80 пайызы өз халқына тән қасиетті ал қалғаны өзгеше де болуы мүмкін. Ал өзбек ағайын туралы айтылғанмен де жанама келісемін, өзім Шымкентте туып өстім, айта аламын, бірақ сонша өзбектің ішінен бір-екеуін ғана өзгеше дер едім

Изменено пользователем PRESIDENT

Поделиться этим сообщением

Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

Осы күтушілергеҰ(няняға) аз ақша төлейміз,-деп мәз болады. Мен тағы бір сұмдық естігенмін: осы күтушілер балалар жыламасын деп тамаққа ұйқтайтын дәрілер қосып береді екен. Бала байғұс әке-шешесі келгенше ұйықтайды, күтушінің мазасын алмайды екен. Мен осы күтушілерге 100 % сенбеймін.

Ал, Алматыдағы асхана, кафе, мейрамханаларды қараңыз. Сонда тамақ пісіретін, шашлық пісіретін кімдер? Олардың денсаулығы қалай, медкомиссиядан өтті ма? Олардың туберкулез, бурцулез ауырама. ауырмайма оны ешкім білмейді. Біздің тексерушілерге 1000-5000 берсең болды, жұмысыңды істей бер дейді. Халық өлмесе одан әрі. Сіз көрші елдерге барып, сөйтіп жүріп көрші, ақшаңды сыпырып, өзіңді қуып шықсын! Е, болашақты қашан ойлаймыз!

"Абайдың ЖИЫРМА ҮШІНШІ СӨЗі

Біздің қазақты оңдырмай жүрген бір қуаныш, бір жұбаныш дегендер бар.

Оның қуанышы - елде бір жаманды тауып, я бір адамның бұл өзі қылмаған жаманшылығы шықса, қуанады. Айтады: құдай пәленшеден сақтасын, о да адаммын деп жүр ғой, оның қасында біз сәулелі кісінің бірі емеспіз бе, оған қарағанда мен таза кісі емеспін бе? - деп. Оған құдай тағала айтып па, пәленшеден тәуір болсаң болады деп? Я білгендер айтып па, әйтеуір өзіңнен наданшылығы асқан, я жаманшылығы артылған кісі табылса, сен жаманға қосылмайсың деп? Жаманға салысып жақсы бола ма? Жақсыға салысып жақсы болады дағы. Жүз ат бәйгеге қосылса, мен бәйге алдым деген сөз болса, алдыңда неше ат бар деп сұрар, артыңда неше ат бар еді деп сұрағанның несі сөз? Мен бес аттан, он аттан ілгері едім дегеннің несі қуаныш?"

Изменено пользователем Перчинка

Поделиться этим сообщением

Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

Нысанаға дәл тидіңіз Перчинка!

:hi: Рахмет!

"Біз бүгін ардақты ақынымыз марқұм Абайдың рухына дұға қылып, қараңғы заманда шырақ жаққан басшымыздың есімі, құрметі, терең мағыналы асыл сөзі атадан балаға, немереден шөбереге үзілмей сақталуын тілейміз. Зәредей шүбә етпейміз, Абайдың өлген күнінен қанша алыстасақ, рухына сонша жақындармыз. Үнемі бұл күйде тұрмас, халық ағарар, өнер-білімге қанар, сол күндері Абай құрметі күннен күнге артылыр. Бірінші ақынымыз деп қадірін халқы жиі-жиі зиарат етер, халық - пенен Абай арасы күшті махабатпен жалғасар. Ол күндерді біз көрмеспіз, бірақ біздің рухымыз сезер, қуанар."

Міржақып Дулатов

Поделиться этим сообщением

Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах
Гость Айдос Сайланбайұлы

"Абайдың ЖИЫРМА ҮШІНШІ СӨЗі

Біздің қазақты оңдырмай жүрген бір қуаныш, бір жұбаныш дегендер бар.

Оның қуанышы - елде бір жаманды тауып, я бір адамның бұл өзі қылмаған жаманшылығы шықса, қуанады. Айтады: құдай пәленшеден сақтасын, о да адаммын деп жүр ғой, оның қасында біз сәулелі кісінің бірі емеспіз бе, оған қарағанда мен таза кісі емеспін бе? - деп. Оған құдай тағала айтып па, пәленшеден тәуір болсаң болады деп? Я білгендер айтып па, әйтеуір өзіңнен наданшылығы асқан, я жаманшылығы артылған кісі табылса, сен жаманға қосылмайсың деп? Жаманға салысып жақсы бола ма? Жақсыға салысып жақсы болады дағы. Жүз ат бәйгеге қосылса, мен бәйге алдым деген сөз болса, алдыңда неше ат бар деп сұрар, артыңда неше ат бар еді деп сұрағанның несі сөз? Мен бес аттан, он аттан ілгері едім дегеннің несі қуаныш?"

Перчинка ханым егер сіз менің жазғаныма, жауап ретінде жазсаңыз, ол Абай атамыздың қара сөзі бұл тақырыпқа мүлде келмейді. Бұл қара сөзде қазақтың ішіндегі мәселелерді айтқан. Менің жазып ортырғаным бүкіл халқымыздың, балаларымыздың қауіпсіздігі, болашағы. Қазақта айтады: Ел болам десең - бесігіңді түзе-деп. Егер біз бесігімізді басқа тәрбиесі жетіспеген адамдарға беріп қойсақ, ертең біздің болашағымыз не болады? Қандай ұрпақ өсіреміз? Сондықтан Перчинка ханым, сіздің келтірген сөзіңіз орынды емес.

Поделиться этим сообщением

Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах
Гость Айдос Сайланбайұлы

Нысанаға дәл тидіңіз Перчинка!

Закария мырза, менің айтып отырған адамдар сіздің туыстарыңыз ғой деймін!

Перчика ханымның айтқан сөзі орынсыз.

Поделиться этим сообщением

Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

Перчинка ханым егер сіз менің жазғаныма, жауап ретінде жазсаңыз, ол Абай атамыздың қара сөзі бұл тақырыпқа мүлде келмейді. Бұл қара сөзде қазақтың ішіндегі мәселелерді айтқан. Сондықтан Перчинка ханым, сіздің келтірген сөзіңіз орынды емес.

Иә, бұл қара сөзде өзін өзге ұлттан артық санау, өз кемшілігінің бар екендігіне қарамай өзгелердің кемшілігіне әуес болу сиақты қазаққа тән қасиеттер туралы айтылған. Сіздің жоғарыда айтқан сөздеріңізден осы қара сөзде айтылған казаққа тән қасиеттер көрініс табады. Перчинка келтірген қара сөз дәл келеген сиақты.

Егер біз бесігімізді басқа тәрбиесі жетіспеген адамдарға беріп қойсақ, ертең біздің болашағымыз не болады? Қандай ұрпақ өсіреміз?

Міне осы жерде дұрыс айттыңыз! Тәрбиесі жетіспеген ұлттарға емес адамдарға сенуге болмайды.

Изменено пользователем Zakaria_M

Поделиться этим сообщением

Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

Закария мырза, менің айтып отырған адамдар сіздің туыстарыңыз ғой деймін!

Перчика ханымның айтқан сөзі орынсыз.

Жоқ, менің туыстарым емес.

Поделиться этим сообщением

Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах
Гость Айдос Сайланбайұлы

Иә, бұл қара сөзде өзін өзге ұлттан артық санау, өз кемшілігінің бар екендігіне қарамай өзгелердің кемшілігіне әуес болу сиақты қазаққа тән қасиеттер туралы айтылған. Сіздің жоғарыда айтқан сөздеріңізден осы қара сөзде айтылған казаққа тән қасиеттер көрініс табады. Перчинка келтірген қара сөз дәл келеген сиақты.

Міне осы жерде дұрыс айттыңыз! Тәрбиесі жетіспеген ұлттарға емес адамдарға сенуге болмайды.

Закария мырза, жаңағы біреудің жарын, біреудің қызын, біреудің анасын аса айуандықпен өлтірген ол кемшілік емес, ол хайуан, ол МАЛ. Ол қазақтың ішіндегі мінездерге мүлде сәйкес келмейді. Абай дың қара сөздер бұл жерге қолдануға келмейді. Тағы да қайталап айтам, бұл ішкі мәселе. Менің айтып отырғаным Халықтың денсаулығы! Біздегі жүрген келімсектердің денсаулығын тексермей жұмысқа алу, ол біздің халықтың денсаулығын құрту, елдің қауіпсіздігіне қатер төндіру.Ол түкте мінездің кемшілігі емес. Денсаулығын тексермей біздің халықтың балаларын бақтыру, ол өзінің, біздің халықтың болашағын ойламау! Қайдағы мінез! Қайдағы Абайдың ҚАРА СӨЗІ ЗАКАРИЯ мырза!

Изменено пользователем Айдос Сайланбайұлы

Поделиться этим сообщением

Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

Закария мырза, жаңағы біреудің жарын, біреудің қызын, біреудің анасын аса айуандықпен өлтірген ол кемшілік емес, ол хайуан, ол МАЛ. Ол қазақтың ішіндегі мінездерге мүлде сәйкес келмейді. Абай дың қара сөздер бұл жерге қолдануға келмейді. Тағы да қайталап айтам, бұл ішкі мәселе. Менің айтып отырғаным Халықтың денсаулығы! Біздегі жүрген келімсектердің денсаулығын тексермей жұмысқа алу, ол біздің халықтың денсаулығын құрту, елдің қауіпсіздігіне қатер төндіру.Ол түкте мінездің кемшілігі емес. Денсаулығын тексермей біздің халықтың балаларын бақтыру, ол өзінің, біздің халықтың болашағын ойламау! Қайдағы мінез! Қайдағы Абайдың ҚАРА СӨЗІ ЗАКАРИЯ мырза!

Сіздің халықтың денсаулығы мен жумыс алдында денін тексеру турасында айтқан сөздеріңізге еш қарсылығым жоқ. Тіпті оны қолдаймын да. Менің сөздерім, сіздің қарақалпақ пен өзбек ұлттарын түгелімен жауыз, хайуан және т.б. нәрселерге теңегеніңіз турасында болып отыр. Кейде біздің ұлтшылдығымыз шегінен шығып тәкәппарлыққа, мақтаншақтыққа көшіп кетеді. Абайдың қара сөзі де осы мәселелерге қатысты орынды қолданылды.

Құрметті Айдеке! Жеке адамдардың әрекетінің негізінде, бүкіл топқа, ұлтқа және халыққа баға берілмейді!!!

Поделиться этим сообщением

Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

жігіттер, бұл сөз сайысы бұл жерде орынсыз, бізге ауызбіршілік қажет, әрине өзінін пікірін айтуға кез келген адам құқықлы, бырақ менің ойымша ҚАЗАҚ өзге елмен кез келген қатынасқа түскен жағдайда менің елім, жұртым, отаным деп күйіп тұру керек. Сондай ақ, өзіміздін қаракөздерімізге қол тұрмақ - тіл үшін тигізбеуге тиіспыз.

Әрине, жасыратын жай емес - өзімізден де бар, мысалы: солтүстікіміздегі елдін өкілдері қасымызда тұрғанда (біреу болсада) бәріміз сол тілде сөйлеп кетемізғой

Поделиться этим сообщением

Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах
Гость
Ответить в этой теме...

×   Вы вставили отформатированный текст.   Удалить форматирование

  Допустимо не более 75 смайлов.

×   Ваша ссылка была автоматически заменена на медиа-контент.   Отображать как ссылку

×   Ваши публикации восстановлены.   Очистить редактор

×   Вы не можете вставить изображения напрямую. Загрузите или вставьте изображения по ссылке.

Зарузка...

  • Недавно просматривали   0 пользователей

    Ни один зарегистрированный пользователь не просматривает эту страницу.

  • Upcoming Events

    No upcoming events found
  • Recent Event Reviews

×

Важная информация

Правила форума Условия использования