Перейти к контенту
КАЗАХСТАНСКИЙ ЮРИДИЧЕСКИЙ ФОРУМ
Гость Айдос Сайланбайұлы

Қаншалықты заңға сәйкес?

Рекомендуемые сообщения

Гость Айдос Сайланбайұлы

Құрметті әріптестер! Орыс тілді форумда неғып мемлекеттік тілде пікірімізді жаза алмаймыз? Тыйым салғандары қаншалықты заңға, Ата заңға сәйкес келеді?

Біз Қазақстанда тұрмаймыз ба? Қазақстанда мемлекеттік тіл - қазақ тілі емес пе? Заң форумы осы Қазақстанда өсіп өніп отыр емес пе?

Поделиться этим сообщением

Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

Меніңше, бұл сүрақ форум иелеріне арналған сияқты. Бір тақырыпта тіл туралы емес, басқа бір мәселе жөнінде дау болып жатқанда "форум жеке меншікті болғандықтан, қойылатын талаптар осы форумның иелерінің құзырында" деп жауап болған. Форум негізі ғаламтордың ішінде, бұнда тек қазақстандықтар ғана қатыспайды. Осыған байланысты, менің ойымша әзірше өзіміздің кішкене форумымызды дамытуымыз жөн болады. Уақыт керек. Сабыр сақтап, әрі қарай алға жылжу керек.

Поделиться этим сообщением

Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

Құрметті әріптестер! Орыс тілді форумда неғып мемлекеттік тілде пікірімізді жаза алмаймыз? Тыйым салғандары қаншалықты заңға, Ата заңға сәйкес келеді?

Біз Қазақстанда тұрмаймыз ба? Қазақстанда мемлекеттік тіл - қазақ тілі емес пе? Заң форумы осы Қазақстанда өсіп өніп отыр емес пе?

Менім ойымша қазақ тілде пікір алмасуға форум иелері қарсы емес сияқты.

P.S. Қате жазған жағдайда, дұрыстауларыңызға /қателікті көрсетуге/ рұқсат етемін.

Поделиться этим сообщением

Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

Қатесіз ешкім жазбайды деп айта алмаймын. Қателіктер болып тұрады. Бірақ тақырыптарды бірігіп талқыласақ, қателер де жойылады. Мысалы, мен орыс мектебінде оқыдым. Алайда, отбасымызда марқұм әкеміз ана тілімізде сөйлескенімізді қалайтын. Ой-өрістін қазақша болғанын дұрыс деп санасақ, Қазақ тілінде көбірек кітап оқу керек екенін түсіндім. Ал таңдаған кәсібіміз өз тілімізде әлсіз дамыған екені барлымызға мәлім. Әдебиеттін де аз болғаны өз ықпалын тигізді. ІІМ Жоғары мектебін бітірдім. Сонда қазақ болімшесінің де тыңдаушылары дәрістердің орыс тілінде жүргізілетіне өте қиналатын. Бұл өте күрделі мәселе. Сондықтан осы кезден бастап кәсібімізге байланысты бір-бірлерімізбен қазақ тіліндегі хаттармен, хаттамалармен, шешімдермен бөлісейік.

Поделиться этим сообщением

Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

Дұрыс Айдостікі, сізге горчичник көрсетпесе болды әйтеуір :wub: Ал Сәкеннің сөзіне қарасам мен бір басқа елде жүріп, кешірімді түрде, өз тілімде ғаламторда сөйлесуге сұрап тұрған сияқтымын. "Көзiңдi аш, оян қазақ, көтер басты" деген сөздердің мәні заманға сай мазмұны басқа мәнмен тола бастаған сыңайлы.

Президент мырза сізге, Мастер Феске, Ахметоваға, Жалайыр бауырыма өте риза болдым.Өздеріңнің көзқарастарыңды жақсылап, дәйекті түрде, бұлтартпас айғақтармен дәлелдеп шықтыңдар. Бірақ біраз қандастар "Іштен шыққан жау - жаман ", - деген мақалды дәлелдеді. Абай атамыз айтқан ғой; Біріңді қазақ бірің дос, көрмесеңіз істің бәрі бос,- деп. Халқымызда мақал бар ғой: Жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас,-деп. Сондықтан: Бір жеңнен- қол, бір жағадан бас шығарайық.

Поделиться этим сообщением

Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

:wub:

Егер бәріміз тіл ғана емес, басқа да мәселені жанымыздан, жүрегімізден өткізсек шешім оң болады!

Поделиться этим сообщением

Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

Әйгілі тақырыпта Елімай дурыс бір мәселені айтты.

Темы создаются на русском, и мне кажется, надо разрешить отвечать в них на казахском. Отвечать написавшему на казахском можно на русском. Я думаю, что и для развития форума, и для изучения казахского, пользы от этого будет больше.

Бұны екі қолмен қолдаймын. Бірақ ереженің аты ереже. Қайталап айтсам, бұл форумның өз иесі мен өз елбасы бар. Алғашқыдан бастап қабылданған ережелер мен талаптар бар. Сондықтан да әзірше тәртіпті сақтауымызға мәжбүрміз.

Бірақ сол елбасы, Лоскутов И.Ю. мырза меніңше әділ кісі, ойы да қимыл-қозғалысы да біздің бастамамызға кедергі жасамауын көрсетеді.

Барлығы өз қолымызда.

Поделиться этим сообщением

Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

Бірақ сол елбасы, Лоскутов И.Ю. мырза

Форумға арнап айтсаңыз да, құлаққа бір түрлі естіледі екен :shuffle: Ренжімеңіз, бірақ Елбасымыз бізде біреу ғана :wub:

Поделиться этим сообщением

Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

Бұны екі қолмен қолдаймын. Бірақ ереженің аты ереже.

Ереже деген догма болмауы керек, қоғам қатынастары өзгере келе нормативті реттеуіш құралдары да өзгереді, ол табиғат.

Поделиться этим сообщением

Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

Форумға арнап айтсаңыз да, құлаққа бір түрлі естіледі екен :shuffle: Ренжімеңіз, бірақ Елбасымыз бізде біреу ғана :wub:

Ия, Елбасы бізде біреу. Форумбасы деп жазуым жөн болар еді. Немесе "елбасы" деген сөзді тырнақшаға алуым керек еді. Бірақ бір-бірімізді түсінген болатын шығармыз деп ойладым. Есіңізде шығар сол бір Елбасы /Лидер Нации/ деген атақ туралы көп әңгіме болды. Сонда да осы форумның басшысын күліп-ойнап Форумбасы, өзіміздің Лидеріміз деп атап едік.

Ал ережелерге қайтып келсек, олар догма болмауына келіссемін, бірақ олар өзгермегенше мен соларды сақтауым қай жері дұрыс емес.

Дұрыс түсініңіз. Мен псевдо-, жалған патриот болғым келмейді. Ұрыс-жанжал менің бойыма сінбеген. Ақыл-оймен, сабырлық сақтап та реттеуіш құралдарды өзгертіп, нәтижеге келуге болады деп ойлаймын да сенемін.

Поделиться этим сообщением

Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

Сәке дұрыс емес деген жоқпын ғой, соларды өзгертуге тырысайық деп айтуым ғой.

Ал псевдо патриот туралы не айтқыңыз келгенін түсінбедім. Өз тілің үшін ұрыс төбелеске бару жалған патриоттық десеңіз мен сондай болғаным онда.

Өкінішке орай ақылды мен сабырлықты көп адамдар әлсіздікке теңестіреді. Ұрыс жанжалға мені (басқа да тілді қорғаған әріптестерімді) бір қадам жақын деп ойламайтын шығарсыз деп сенемін.

Поделиться этим сообщением

Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах
Гость Айдос Сайланбайұлы

Лидерлеріңнің жауабын оқыған шығарсыңдар, 2 тілде жазуға рұқсат жоқ. Әзірше ешқайсысының үйренгісі келіп тұрған жоқ. Қажеттілік тумаса, ешкім үйренбейді.

Поделиться этим сообщением

Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

Сәке дұрыс емес деген жоқпын ғой, соларды өзгертуге тырысайық деп айтуым ғой.

Ал псевдо патриот туралы не айтқыңыз келгенін түсінбедім. Өз тілің үшін ұрыс төбелеске бару жалған патриоттық десеңіз мен сондай болғаным онда.

Өкінішке орай ақылды мен сабырлықты көп адамдар әлсіздікке теңестіреді. Ұрыс жанжалға мені (басқа да тілді қорғаған әріптестерімді) бір қадам жақын деп ойламайтын шығарсыз деп сенемін.

О не дегеніңіз, Жәке! Сізді өте сыйлаймын және сіз туралы жаман ой келмейді.

Псевдопатриот денгенім - ол өзі ана тілін білмей, өз тарихы мен салт-дәстүрлерін білмей, бойында тек өр-көкіректен басқа еш нәрсе болмай-ақ тіл туралы сұхбаттарда ұрыс-керістің алды болып жүретіндер. Бұл негізі, жалпы айтылған сөз. Ал нақтырақ айтсам - бұл біздің Парламентте отырғандардың көбісіне қатысты. Ал бұл форумда барлығымыз заңгерміз, соңдықтан да заңға сүйеніп әрекет жасау қажет деп ойлаймын.

Басқа форумшылар туралы айтпаймын, өйткені сырттан өсек-сөз шығарады деген атаққа ие болғым келмейді, өзімнің пікірім бар, бірақ сол пікірім мүмкін біреулермен қайшы болар. Уақыт көрсетеді кімнің кім екенін.

Изменено пользователем Сакен

Поделиться этим сообщением

Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

О не дегеніңіз, Жәке! Сізді өте сыйлаймын және сіз туралы жаман ой келмейді.

:smile:

Поделиться этим сообщением

Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

Сәлеметсіздер ме ағайындар!

Мен Сіздерге өте ризамын! Бірінші рет мен айтуым керек: мен орыс мектебінде оқыдым. Менің отбасымда тек қана орысша сөйледік, себебі менің әкем (марқұм) қазақ тілің білмеді. Менің ата-әжем - өте ақылды адамдар: атам қазақ тілінің филологияның мұғалімі болды, әжем Қазақстан тарихы мұғалімі болды. Бірақ біз бірге тұрмадық.. Менің ана тілім өте жаман болды, бірақ мен өткен жылда мұғаліммен үйрене бастадым. Әрине, мен қазақ тіліңі жақсы білмеймің, бірақ осы маған өте керек. Осы мәсілі арқасында менің қазақ тілімнің денгейі өседі деп ойлаймын. Бірінші рет ақылы болса, екінші рет талап болса, үшінші рет араласу болса - оңда бәрі жақсы болады деп ойлаймын. Маған өте қыйн, себебі маған қазақша араласу керек. Сіздердің денгейіңіз өте жақсы мен үшін, себебі мен бәрің түсунбеймің. Ең бірінші маған менің сөз байлығым өсу керек. Мен, Сіздерге рахмет айтамын!

Қәтелерім болса - кешеріңіздер!

Поделиться этим сообщением

Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

Менде Северянка сияқты орыс мектебінде оқығанбын. Жоғары оқу орныңда орысша оқып алдым. Бірақ ауылда туылғандықтан қазақ тілінде сөйлейтімін. Өкінішке орай дұрыс сөйлесемде грамматика жағынан көптеген қателерді әлі күнге дейін жіберіп қоямын. Соған байланысты қателерім болса көрсетуінізді сұраймын. Алдындағы тақырыпта шектен шыққан зат айтпаған сияқтымыз. Соншама қарсы болады деп ойламап едім, тіпті қуып шығаруға дайын болды. Барлығы дұрыс айтылсада, көңілім орынына түспей тұрған сияқты. Ақырында кішірейіп тұрғанымызба? Өзіміздің қара көз бауырларымыз қарындасымыздарға қарап ішім күйеді. Қарасаныз қазақ тілін түкке тұрғызғысы келмейді. Олар әрекеттерімен сондай мәнкурттік білдіріп отырса, қалғандарына не деп айтамыз? Мырс күліп отырған шығар белгілі тұлғалар.....

Поделиться этим сообщением

Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах
Гость Айдос Сайланбайұлы

Біздің қара көздердің талаптары Северянканың талабындай болса, тіл мәселесі баяғыда шешілетін еді. Мақал бар ғой: Талаптыға нұр жауады,- деген. Северянка ханым, сізге әрқашанда көмек көрсетуге дайынбыз. Ана тіліңізді керекті деңгейге жеткізуіңізге тілектеспін!

Поделиться этим сообщением

Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах
Гость Айдос Сайланбайұлы

Менде Северянка сияқты орыс мектебінде оқығанбын. Жоғары оқу орныңда орысша оқып алдым. Бірақ ауылда туылғандықтан қазақ тілінде сөйлейтімін. Өкінішке орай дұрыс сөйлесемде грамматика жағынан көптеген қателерді әлі күнге дейін жіберіп қоямын. Соған байланысты қателерім болса көрсетуінізді сұраймын. Алдындағы тақырыпта шектен шыққан зат айтпаған сияқтымыз. Соншама қарсы болады деп ойламап едім, тіпті қуып шығаруға дайын болды. Барлығы дұрыс айтылсада, көңілім орынына түспей тұрған сияқты. Ақырында кішірейіп тұрғанымызба? Өзіміздің қара көз бауырларымыз қарындасымыздарға қарап ішім күйеді. Қарасаныз қазақ тілін түкке тұрғызғысы келмейді. Олар әрекеттерімен сондай мәнкурттік білдіріп отырса, қалғандарына не деп айтамыз? Мырс күліп отырған шығар белгілі тұлғалар.....

Бауке бауырым, сіздің ана тілінде жазған пікірлеріңізге қарап, ана тілін тамаша біледі деп ойлаймын. Мақал бар ғой Іштен шыққан жау жаман ,- деген. Сол іштен шығып жатқан туысқандар қиын болып отыр ғой. Жаңағы күліп, ештеңге білгісі келмей отырғандар, кеңес дәуірінің тәтті дәмін тартып, бізді аса жақсы көрмейтін адамдар ғой. Байқап отырсаң, кейінгі тәуелсіздіктен кейінгі туғандар қарсы шығып отырған жоқ. Сондықтан, бәрі жаман емес. Ақырындап, барлық шаруа біраз заңгерлер айтқандай, эволюциялық жолмен болады. Тек біз оған қолымыздан келгенше көмектесуіміз керек.

Поделиться этим сообщением

Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

Бауке бауырым, сіздің ана тілінде жазған пікірлеріңізге қарап, ана тілін тамаша біледі деп ойлаймын. Мақал бар ғой Іштен шыққан жау жаман ,- деген. Сол іштен шығып жатқан туысқандар қиын болып отыр ғой. Жаңағы күліп, ештеңге білгісі келмей отырғандар, кеңес дәуірінің тәтті дәмін тартып, бізді аса жақсы көрмейтін адамдар ғой. Байқап отырсаң, кейінгі тәуелсіздіктен кейінгі туғандар қарсы шығып отырған жоқ. Сондықтан, бәрі жаман емес. Ақырындап, барлық шаруа біраз заңгерлер айтқандай, эволюциялық жолмен болады. Тек біз оған қолымыздан келгенше көмектесуіміз керек.

Әрине бірден барлығы қазақ тілінде сөйлеп кетпейді. Бастаманың өзіне қарсы болғандардың ойын түсінбедім. Тіпті оқып үйренгілері келмейді. Орыс тіріне ешқандай қарсылығым жоқ, егер адамға солай ынғайлы болса сөйлей берсін. Бірақ оған мемлекеттік тіл мәртебесін беруге /біраз қатысушылардың пікірі/ болмайды, ол бірден дұрыс емес және провокациялық ұсыныс деп ойлаймын. Неге екенің айтып жатсамда, түсінбегендей болып отыр. Менің пікірімше осы тақырыпты белгілі адамдар /халықтын пікірін қарандар деген мақсатпен/ арнайы ашып, әрі қарай талқылап отырған сияқты...........

Поделиться этим сообщением

Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах
Гость Айдос Сайланбайұлы

Әрине бірден барлығы қазақ тілінде сөйлеп кетпейді. Бастаманың өзіне қарсы болғандардың ойын түсінбедім. Тіпті оқып үйренгілері келмейді. Орыс тіріне ешқандай қарсылығым жоқ, егер адамға солай ынғайлы болса сөйлей берсін. Бірақ оған мемлекеттік тіл мәртебесін беруге /біраз қатысушылардың пікірі/ болмайды, ол бірден дұрыс емес және провокациялық ұсыныс деп ойлаймын. Неге екенің айтып жатсамда, түсінбегендей болып отыр. Менің пікірімше осы тақырыпты белгілі адамдар /халықтын пікірін қарандар деген мақсатпен/ арнайы ашып, әрі қарай талқылап отырған сияқты...........

Бәрі жаман емес. 2002-2003 жылғы тіл туралы талқылауды оқысаң, шаштарың тік тұрады. Қазір қанша айтқанмен, қарсыластардың сағы сынды, саусақпен санарлық. Менің ойымша оған жүйкеңді құртып қайтесің.

Поделиться этим сообщением

Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

Менің ойымша оған жүйкеңді құртып қайтесің.

Дұрыс айттын, бауырым. :smile:

Поделиться этим сообщением

Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

Құрметті әріптестер, Сіздерге рахметімді айтқым келеді, себебі қазақ тілі оқудан бас тартып және бұл парызды мойындамай, ана тіліміздін жоғары деңгейін төмендеу фактілер осы форумда әлбетте. Бұл жағдайға қарсы шығып, форумда жеті жылдық мерзімнің ішінде бірінші рет банмен марапатталдым )). Бүленіп жалғыз қалмағаныма ризамын.

Менің ұлтшылғым жоқ деп сезем, өйткені басқа ұлттардан достарым көп. Олардың бәрі Отанымызды құрметтеп, қазақ тіліміздің оқуын азаматтық міндет болуын түсінеді.

Бүкіл қоғамымыз осы азаматтық борыш ұғынуға тиіс.

Өзімнің қазақ тілі білімнің дәрежесі кемдігін көнем сондықтан бір-бірімізге көмек көрсетуге шақырамын

Изменено пользователем Джинджер

Поделиться этим сообщением

Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

Менің пікірімше осы тақырыпты белгілі адамдар /халықтын пікірін қарандар деген мақсатпен/ арнайы ашып, әрі қарай талқылап отырған сияқты...........

Мен де осындай ойдамын. Кейінгі кезде осындай тақырыптар көбейіп кетті, тек бұл форумда ғана емес. Байқағаным - біреулер әдейі осы мәселені көтеріп жатқан сияқты.

Поделиться этим сообщением

Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

Құрметті әріптестер! Орыс тілді форумда неғып мемлекеттік тілде пікірімізді жаза алмаймыз? Тыйым салғандары қаншалықты заңға, Ата заңға сәйкес келеді?

Біз Қазақстанда тұрмаймыз ба? Қазақстанда мемлекеттік тіл - қазақ тілі емес пе? Заң форумы осы Қазақстанда өсіп өніп отыр емес пе?

Вообще-то наделся на порядочность и предоставил полную свободу в казахскоязычном разделе.

Ввиду подобных высказываний тема сворачивается, обсуждение заканчивается, все новые реплики заканчиваются банами.

Могу лишь порекомендовать, как налогоплательщикам, потребовать открытия желаемого вами форума на сайтах МЮ, ВС или ГП. Получится- с удовольствием присоединимся, тоже как налогоплательщики.

Поделиться этим сообщением

Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах
Гость
Эта тема закрыта для публикации сообщений.

  • Недавно просматривали   0 пользователей

    Ни один зарегистрированный пользователь не просматривает эту страницу.

  • Upcoming Events

    No upcoming events found
  • Recent Event Reviews

×

Важная информация

Правила форума Условия использования