Перейти к контенту
КАЗАХСТАНСКИЙ ЮРИДИЧЕСКИЙ ФОРУМ
Zhalair Мухали

Мүлікті және мүліксіз талап

Рекомендуемые сообщения

Құрметті әріптестер! Қолданыстағы заңнамаға сәйкес даулардың мүлікті және мүліксіз деген санаттарға жіктелуі қарастырылған. Осыған байланысты бір сұрағым бар. Талапкер талап арызда талап қоюдың негіздемесі ретінде келесіні жазыпты:

1. Шартты бұзу туралы

2. Жауапкерге шарт бойынша төленген ақша соммасың қайтару міндеттің жүктеу

Қалай ойлайсыздар, екінші талап мүлікті ма, жоқ мүліксіз ба?

Поделиться этим сообщением


Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

Мүлікті деп ойлаймын.

Одан басқа тәжірибеге қарасақ, соттар бюджетке қаржыны көбірек түскенін қалайды :)

Изменено пользователем Сакен

Поделиться этим сообщением


Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

Мен де солай ойлап жүргенмін. Жағдай былай болып жатыр: Егер заңға сүйенетін болсақ, онда сот, осы талап арызды қабылдауға құқысы болған жоқ, өйткені екінші талап бойынша мемлекеттік баж мүлікті талаптарға тиісті соммамен төленген емес. Бірақ сот осындай түсініксіз талап арызды қабылдап, сонымен қатар, қазіргі кезде талапкердің талап арызды қамтамасыз ету жөніңдегі арызы қарастыруда. Менің ойымша екінші талап біріншіге байланысты болғандықтан арест деген шараны қолдануға ерте. Тіпті Жоғары соттың нормативтік қаулысына сәйкес, мүліксіз талаптарда арест деген шара қолданылмайды. Тағы айтатын болсақ, шартты бұзу алдындағы міндетті түрдегі әрекеттерді талапкер жасамаған. Мысалы, заң бойынша талап арызды берудің алдында талапкер шарт бұзу туралы ұсынысты екінші тарапқа жіберуге тиіс. Осы фактілердің өзі талап арыздың қайтарылуына бірден-бір негізі болып табылады. Мен судьяға жаңадығай сұрақтарды қойсам, ол жоқ, бұл деген мүліксіз талап деп қатырды. :smoke:

Ертең кезекті сот отырысы болады Медеу ауданының сотында. Қалай болады екен деп отырмын :crazy:

Изменено пользователем Zhalair Мухали

Поделиться этим сообщением


Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

Ешқандай күмәнім жоқ, ол мүлікті талап. Бірақ өкінішке орай, сот талап арызды қабылдағаннан кейін талапкерді бажды қосымша төлеуге мәжбүр ете алмайды. Соттың құзіретінде ондай өкілеті жоқ. Хотя амал жоқтан судьяның әрекеттеріне қалалық сотқа шағымды жазуға пайдалы болады деп ойлайм.

Тағы айтатын болсақ, шартты бұзу алдындағы міндетті түрдегі әрекеттерді талапкер жасамаған. Мысалы, заң бойынша талап арызды берудің алдында талапкер шарт бұзу туралы ұсынысты екінші тарапқа жіберуге тиіс.

Судья конкретно қуып жатыр, ол осы негізде талап арызды қараусыз қалдыруға тиісті. Жалпы, ондайға күдікпен қарау керек, істің нәтижесінде соттың мүддесі болуы мүмкін.

Судьяның әрекеттері Тәжихановтікіне ұқсайды.

:crazy:

Поделиться этим сообщением


Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

менің ойымша - мүлікті талап.

Изменено пользователем Q-100

Поделиться этим сообщением


Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

Жігіттер, рахмет қенестеріне. Бүгін судьяға тағыда түсіндіріп көрейін. Елімайдың айтқаны дұрыс - қабылдап қойғаннан кеиін сот талакперді бажды төле деп мәжбүрлеуге құқысы жоқ. Енді судья, өзін қорғап қалу үшін талаптарды мүліксіз деп әрі қарай тануға әбден ықтимал :crazy:

Поделиться этим сообщением


Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

Судья талап арызды қабылдаған кезде, іспен дұрыс таңыспаған секілді))) Кешегі сот отырысында судья 249 баптын 1-ші тармағына сәйкес істі қараусыз қалдыру туралы отініш беруін сурады.

Поделиться этим сообщением


Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

Өтінішті жазып кеңсеге тапсырғаннан кейін, екінші тараптын өкілі сот отырысында сол арызды қанағаттандыруына қарсы болды. Оның ойы бойынша бұл әрекет талапкердің құқығын бұзады деп айтты, өйткені 249 бап бойынша іс қараусыз тек қана істі қабылдау кезінде қалу мүмкін. Миым ашып кетті, бір жағынан талапкердін айтқаны дұрыс деген ойдамын. Уақытында дұрыс іспен таңыспаған судьяда онбайды. Енді менің ойымша судья ұсынылған талаптар шенберінде істі қарауға тиіс. Қалай ойлайсыздар?

Поделиться этим сообщением


Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах
Гость
Ответить в этой теме...

×   Вы вставили отформатированный текст.   Удалить форматирование

  Допустимо не более 75 смайлов.

×   Ваша ссылка была автоматически заменена на медиа-контент.   Отображать как ссылку

×   Ваши публикации восстановлены.   Очистить редактор

×   Вы не можете вставить изображения напрямую. Загрузите или вставьте изображения по ссылке.

Зарузка...

  • Недавно просматривали   0 пользователей

    Ни один зарегистрированный пользователь не просматривает эту страницу.

  • Upcoming Events

    No upcoming events found
  • Recent Event Reviews

×

Важная информация

Правила форума Условия использования