Перейти к контенту
КАЗАХСТАНСКИЙ ЮРИДИЧЕСКИЙ ФОРУМ

Рекомендуемые сообщения

Біздің мекемеде шетелден келген маман мастер-класс өткізбек.

Бірақ, оның көрсететін нәрселері біздің заң бойынша лицензияның болуын талап етеді. Сұрақ мынандай болып тұр - сол мастер-классты өткізу үшін біздің мекемеге лицензия алу қажет пе, әлде сол маманның өз қолындағы лицензиясы жеткілікті бола ма?

Поделиться этим сообщением

Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

Сіздің сұрағыңызға нақты жауапты "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы N 214 Заңынан табуға болады.

11-бап. Лицензиялау салалары

Мынадай:

1) өнеркәсiп; P070626, P080080, P951894

2) атом энергиясын пайдалану;

3) улы заттар айналымы; P070493, P070757

4) техникалық қауiпсiздiк;

5) көлiк; P070534

6) есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы;

7) ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету; P070505

8) жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзу үшiн арнайы техникалық құралдар;

9) қару-жарақ, әскери техника және жекелеген қару түрлерiнiң, жарылғыш заттар және олар қолданыла отырып жасалған бұйымдар айналымы; P070692

10) ғарыш кеңiстiгiн пайдалану;

11) ақпараттандыру және байланыс;

12) бiлiм беру;

13) бұқаралық ақпарат құралдары;

14) ауыл және орман шаруашылықтары, жерге орналастыру, геодезия және картография; P070449

15) денсаулық сақтау;

16) жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсету; P070601, P070551, P070457, P070454, P070419, P070402, P070480, P070686

17) ойын бизнесi; V074576

18) ветеринария;

19) «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ережелерi ескерiле отырып, сот-сараптама;

20) мәдениет;

21) қаржы саласы және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызмет; V022062, V011532, V085256

22) сәулет, қала құрылысы және құрылыс; қараңыз.P100607

23) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк нышандарын дайындау; P040392

24) алынып тасталды - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

25) этил спиртi мен алкоголь өнiмдерiн, темекi өнiмдерiн өндiру және олардың айналымы;

26) алынып тасталды - ҚР 2009.07.04 N 167-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

27) тауарлар экспорты мен импорты;

28) тауар биржалары салаларындағы қызметтiң жекелеген түрлерi лицензиялануға тиiс.

Сіз көрсетілетін мастер-класстың нақты түр-сипатын жазсаңыз заңгерлер қауымы тез жауап қайтарар еді.

Менің ойымша жоғарыда аталған ешбір сала мастер-класс көрсетуге келмейді. Мастер-класс дегеніміз тренингке ұқсайтын шара емес пе...

Поделиться этим сообщением

Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

Біздің мекемеде шетелден келген маман мастер-класс өткізбек.

Бірақ, оның көрсететін нәрселері біздің заң бойынша лицензияның болуын талап етеді. Сұрақ мынандай болып тұр - сол мастер-классты өткізу үшін біздің мекемеге лицензия алу қажет пе, әлде сол маманның өз қолындағы лицензиясы жеткілікті бола ма?

Мастер-класс - (ағылшын тілінен masterclass: master – қандайда бір облыста мықты + class – оқу, сабақ) – қатысушылардың алдыңғы тәжірбиелермен ауысуы, кәсіпқойлық деңгейлерін көтеретін технологияларға, әртүрлі методикамен практикалық білімдерін заманауи формадағы оқыту треннинг семинарлары болып табылады.

Сондықтан, менің ойымша лицензияның керегі жоқ.

Изменено пользователем Айдос Сайланбайұлы

Поделиться этим сообщением

Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

Жауап бергендеріңізге үлкен рахмет!

Сондықтан, менің ойымша лицензияның керегі жоқ.

Мен де осылай ойлаймын, бірақ біздің тексеруші органдарымызды білгендіктен, солардың алдында жауап бере алатындай негіздер болса жақсы болатын еді.

Поделиться этим сообщением

Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

Мен де осылай ойлаймын, бірақ біздің тексеруші органдарымызды білгендіктен, солардың алдында жауап бере алатындай негіздер болса жақсы болатын еді.

Поделиться этим сообщением

Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

Ол денсаулық сақтау саласындағы мастер-класс, хирургиялық. Біздің мекеме де медицина саласында қызмет көрсетеді, бірақ қызметтің бұл түріне бізде лицензия жоқ.

Шетелдік хирург мастер-класс өткізген кезде шынайы операция жасайтын болар. Ол бір реттік іс-шара болса да, медициналық қызметке жатады, яғни формальды түрде болса да, ондай іс-шара медициналық қызметке лицензиясы бар мекеме атынан өткізілгені дұрыс (лицензияның берілу тәртібі - Медициналық және фармацевтикалық қызметтiң бiлiктiлiк талаптары мен лицензиялау ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2301 Қаулысы).

Мысалы "Центр израильской медицины" сондай операцияларды жиі өткізеді ғой - шетелден хирург, стоматолог келіп операциялар өткізеді. Яғни олар бір рет лицензияны алды. Содан кейін шетелден мамандарды шексіз алып келе береді.

Бір медициналық орталықпен шарт жасасып мастер-класс өткізіңіздер. Яғни сіздер агент ретінде хирургты тауып беретін сияқты боласыздар, сол қызмет үшін медициналық орталық сіздерге ақшаны аударсын. Мастер-классқа келген көрермендер және пациент тек мед.орталықпен қарым-қатынасқа түсу керек (солардың шотына ақша төлейді, шарт жасасады т.б.).

Субъективті ойым осы...

Поделиться этим сообщением

Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

Бір медициналық орталықпен шарт жасасып мастер-класс өткізіңіздер. Яғни сіздер агент ретінде хирургты тауып беретін сияқты боласыздар, сол қызмет үшін медициналық орталық сіздерге ақшаны аударсын. Мастер-классқа келген көрермендер және пациент тек мед.орталықпен қарым-қатынасқа түсу керек (солардың шотына ақша төлейді, шарт жасасады т.б.).

Субъективті ойым осы...

Қазір соны ойластырып жатырмыз. Жауабыңызға үлкен рахмет.

Поделиться этим сообщением

Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах
Гость
Ответить в этой теме...

×   Вы вставили отформатированный текст.   Удалить форматирование

  Допустимо не более 75 смайлов.

×   Ваша ссылка была автоматически заменена на медиа-контент.   Отображать как ссылку

×   Ваши публикации восстановлены.   Очистить редактор

×   Вы не можете вставить изображения напрямую. Загрузите или вставьте изображения по ссылке.

Зарузка...

  • Недавно просматривали   0 пользователей

    Ни один зарегистрированный пользователь не просматривает эту страницу.

  • Upcoming Events

    No upcoming events found
  • Recent Event Reviews

×

Важная информация

Правила форума Условия использования