Перейти к контенту
КАЗАХСТАНСКИЙ ЮРИДИЧЕСКИЙ ФОРУМ

Рекомендуемые сообщения

Құрметті әріптестер!

Сіздер ана тініде қандай әдебиет оқисыздар?

Өзім болсам қазақ тарихшысы Ермухан Бекмахановтың жазған кітаптарын оқиын деген ниеттемін. Оқығандар бар ма? Мектеп кезінде осы кісінің жазған оқулықтарыменен Қазақстан тарихын оқыған сияқтымын.

Поделиться этим сообщением


Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

Ә.Нұрпейісовтың "Қан мен тер" трилогиясына қолым тимей жүр. Соны бір отырып оқу керек деп ойлаймын.

Тарихты айтсақ, кішкентай кезімде "Көшпенділерді" оқыдым, өте ұнады, М.Ауэзовтың "Абай жолы" кітабын әкем күнде алдына отырғызып алып оқытатын :)

Поделиться этим сообщением


Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

Ә.Нұрпейісовтың "Қан мен тер" трилогиясына қолым тимей жүр. Соны бір отырып оқу керек деп ойлаймын.

Тарихты айтсақ, кішкентай кезімде "Көшпенділерді" оқыдым, өте ұнады, М.Ауэзовтың "Абай жолы" кітабын әкем күнде алдына отырғызып алып оқытатын :)

Шынымды айтсам "Абай жолын" оқи алмадым. Өте қиын болып көрінді :confused:

Интернеттен Бекмахановтың кітабының орысшасын ғана таптым.

Поделиться этим сообщением


Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

Адамның жасы қырықтан асқан кезде көбінесе поэззияны оқығың келіп тұрады екен. Мақатаевтың өлеңдерін кейде алып оқимын. Сонда да Б.Момышұлының өзі туралы жазған "Ұшқан ұя" деген кітабын оқып бітіп қалдым.

Поделиться этим сообщением


Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

Шынымды айтсам "Абай жолын" оқи алмадым. Өте қиын болып көрінді :confused:

Интернеттен Бекмахановтың кітабының орысшасын ғана таптым.

Келісемін, оқып мазмұнын бірден түсіну өте қиын. Мен орыс мектебінде оқыдым ғой :) Бірақ сонын арқасында ана тілімді меңгере білдім.

Поделиться этим сообщением


Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах
Гость Қазақ баласы

Асссалом ағалейкум, жамағат. Қазақ әдебиеті мен үшін қте қызықты тақырып. Қазақ романдарының ішінен соңғы оқығаным және ерекше ұнағаны Қажығұмар Шабданұлының "Қылмыс" романы. Бұны, меніңше, жүрегі "қазақпын" деп соғатын әр адам оқып шығу керек.

Поделиться этим сообщением


Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах
Гость Қазақ баласы

Тағы да айтарым - қазақ әдебиетін қызығатын адам жаңадан ашылған www.writers.kz сайтынан "Жұлдыз" журналы мен "Қазақ әдебиеті" газетінің материалдарын оқи алады. Журналда жаңа романдар мен әңгімелір жүйелі түрде жарияланады.

Поделиться этим сообщением


Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

Тағы да айтарым - қазақ әдебиетін қызығатын адам жаңадан ашылған www.writers.kz сайтынан "Жұлдыз" журналы мен "Қазақ әдебиеті" газетінің материалдарын оқи алады. Журналда жаңа романдар мен әңгімелір жүйелі түрде жарияланады.

ООО! Көп рахмет! Ол сайттан кітап өшіруге болама?

Поделиться этим сообщением


Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

Бала кезімде қазақ жазушыларының кітаптарын сүйсініп оқитынмын. Қазіргі кезде солардың айналымда азайып кеткеннен кейін бе, әлде қай жазушының қандай кітап шығарып жатқанын білмегеннен кейін бе қазақша әдебиеттерді оқудан қалдық. Бірнеше жыл бұрын, мектепте оқитын інімнің әдебиет кітабынан оқиғалардың үзіндісін оқушы едім. Ал енді соларды оқиын десем, кітаптың авторын, атын ұмытып қалыппын. :biggrin: :confused:

Поделиться этим сообщением


Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

Адамның жасы қырықтан асқан кезде көбінесе поэззияны оқығың келіп тұрады екен. Мақатаевтың өлеңдерін кейде алып оқимын. Сонда да Б.Момышұлының өзі туралы жазған "Ұшқан ұя" деген кітабын оқып бітіп қалдым.

Айдос ассалаумейкум! Сіз осы аватарыңызда Б.Момышұлының суретін қолданып жүрдіңіз. Көптен бері сұрағым келгені, Сіз Жамбыл облысынансыз ба?

Тақырыптан ауытқығаныма кешірім өтінемін...

Поделиться этим сообщением


Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

Айдос ассалаумейкум! Сіз осы аватарыңызда Б.Момышұлының суретін қолданып жүрдіңіз. Көптен бері сұрағым келгені, Сіз Жамбыл облысынансыз ба?

Тақырыптан ауытқығаныма кешірім өтінемін...

Уағалейкумассалам! Иә, Бауыржан Момышұлын ұлтымыздың бір туар, айтқанын екі етпейтін, халқын елін ойлаған азамат болғандығына бас иіп, сол кісіні сыйлаймын. Сондықтан сол кісінің суретін аватар етіп қолданғанмын. Бірақ, мен осы Алматы облысының тумасымын.

Поделиться этим сообщением


Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

Бала кезімде "Бадырған" журналын жазғызып алатынбыз. Қазіргі кезді сондай журналдар бар ма, жоқ па, білмеймін. Қызыма туыстар "Ғасырдың алтын қазынасы" атты кітап сыйлады, оның ішінде сол "Балдырған" журналының шығарылымдарынан ең қызықты тақырыптары жинақталған екен. Уақыт болса, оқиын деп жүрмін.

Поделиться этим сообщением


Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

Біздің жұмыста қызметкерлердің барлығын міндетті түрде қазақстандық газет пен журналдарға жазылдырады.

Солай, мен Астана деген журналды алып жүрмін. Екі жағынан да оқылады: бір басынан ортаына дейін қазақша, екінші жағынан ортасына дейін орысша. Біраз қызық тақырыптар кездеседі. Арасында жаңалықтар да бар, тарихи поэмалар да бар, еліміздің қайраткерлері өмірбаяндары қызық.

Поделиться этим сообщением


Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

Бала кезімде "Бадырған" журналын жазғызып алатынбыз. Қазіргі кезді сондай журналдар бар ма, жоқ па, білмеймін. Қызыма туыстар "Ғасырдың алтын қазынасы" атты кітап сыйлады, оның ішінде сол "Балдырған" журналының шығарылымдарынан ең қызықты тақырыптары жинақталған екен. Уақыт болса, оқиын деп жүрмін.

Ия, менде "Балдырған" журналын оқитынмын. Өткен аптада осы сұрақты өзіме қойып, шынында да, осы журнал қазіргі кезде шығады ма, жоқ әлде жабылып қалды ма екен деп ойлап қойдым. Бірақ, бір-екі жыл бұрын бір газеттен бе, телеарнадан ба осы журналдың шығып жүргені туралы естіп-біліп едім. "Балдырған" мені кітап оқуға үйреткен алғашқы басылым еді... Сосын "Ақ желкен" деген журнал да бар еді, қателеспесем...

Поделиться этим сообщением


Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

Қазір Интернет беттерінен "Балдырған" журналының сайтын іздеп көріп едім, біршама мәліметтер бар сияқты. Алайда, сайттың өзін таба алмадым. Соған қараған да бар сияқты. Алла бұйырса, қызым өссе осы, журналды міндетті түрде жаздырып алып, оқытамын.

Поделиться этим сообщением


Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

Жетінші сыныпта оқып жүрген кезімде "Абай жолы" трилогиясын оқып шыққанмын. Сол кезде қазақ әдебиетінің тарландарымен жазылған шығармаларға сондай үйір болдым. Бірінен соң бірін оқимын. "Қан мен тер" шығармасымен де сол кезеңде таныстым. Мектептен келе салысымен, басқаның бәрін ысырып қойып, кітапқа жабыса кететінмін. Менің бұншылықты кітапқұмарлығыма анамның қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалимасы болуы зор рөл атқарған болуы керек. Ал кітаптар сөрелерде көз тұндырып, толып тұратын. Қайсысы керек, іліп ал да ыңғайлы, ешкім мазаламайтын жер тауып алып, кітап хикаясына беріле бер.:biggrin:

Поделиться этим сообщением


Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах
Гость Қонақ

Өте қызық тақырып!бүгін ғана қазақ әдебиет туралы әріптеспен сөйлестім! барлықтарыңыз ұнаған кітаптарыңызды жазсаныз жақчы болар еді! ана тілімді жақсарту ниеттемін!

Поделиться этим сообщением


Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах
Гость Алаш баласы

Баларға арналған ең жақсы журналдардың бірі "Жыл - он екі ай" басылымы деп оқығанмын. Олардың сайттары жөнінде естімедім. Дүңгіршектерде, басқа сауда орындарында сатылмайды, яғни тек жазылып алуға болады.

Поделиться этим сообщением


Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах
Гость Алаш баласы

Қалың әдеби журналдардан тағы "Жалынды" атауға болады. Ол енді ай сайын шығып қалаларда сатылады, табуға болады.

Басқа журналдардан "Ақиқат" пен "Үркерді" атар едім. Олар да ай сайын шығу керек. Екеуінде де әдеби жарияланымдар болады. Екеуінің де кейбір материалдарын kazgazeta.kz сайтынан оқуға болады. "Ақиқатты" дүңгіршектерден сатып алуға болады, мәселен Алматыда, ал бірақ "Үркерді" сауда орындарында өз басым көрген емеспін.

Поделиться этим сообщением


Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах
Гость Алаш баласы

Меніңше, қазіргі қазақ тіліндегі журналдардың ішінде ең танымал және ең сапалы және де ең қызықтылар санатына "Жұлдыздар отбасы" және "Аңыз адамды" жатқызуға болады. Бұлар енді әдеби басылым болмаса да қазіргі қазақ журнал баспасөзінің көшбасшылары екені ақиқат.

Поделиться этим сообщением


Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах
Гость Алаш баласы

Бірнеше жыл бұрын Жақсылық Самитұлының "Сергелдең" деген үш кітаптан тұратын романын оқыдым. Ол роман Шығыс Түркістандағы қазақтардың қиын-қыстау тіршілігі жөнінде, қытайларға қарсы халық қозғалысы туралы дүние. Марқұм жазушы қазақ әдебиетіне өзінің үлесін қосып үлгерді. Бұл роман оқыған жанның көңілін қалдырмас.

Поделиться этим сообщением


Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

Бала кезімде "Қазақстан әйелдері" деген анам жаздырып алған журналды оқығанмын .

Қазір жігітім екеуміз көркем әдебиеттi кітаптарды сатып алуға жоспарлаймыз. Оның кiтаптары келелi политология бойынша.

Осында көрcетiлген "Қан мен тер" алып көрейін

Изменено пользователем Джинджер

Поделиться этим сообщением


Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах
Гость Алаш баласы

Қазақтың әдебиет сүйер қауымына тағы айтайын дегенмін, әсіресе қазақ романын оқығысы келетіндерге.

Біріншіден, марқұм академик Рымғали Нұрғалидың "Қазақтың 100 романы" деген зерттеуін оқуға кеңес берер едім. Ол зерттеуді кітапханалардан табуға болады.

Екіншіден, қазір мемлекеттің тапсырысымен "Жазушы" баспасында "Қазақтың жүз романы" сериясымен таңдаулы 100 роман бастырылып шығып жатыр. Ол кітаптарды баспадан да, сауда орындарынан да сатып алуға болады.

Поделиться этим сообщением


Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах
Гость Алаш баласы

Айтпақшы, Бауыржан Момышұлы жөнінде әңгіме қозғалғандықтан бірер сөзімді қосайын.

Біірншіден, ол кісі Мұхтар Әуезовпен бірге дүние жүзіне ең танымал қазақ жазушысы. Сол екеуінің атағы бүкіл жер жүзіне жайылды.

Екіншіден, Б. Момышұлы бірнеше романның авторы ("Ұшқан ұя", "Москва үшін шайқас", "Курляндия майданы" және т.б.) және тағы бір ерекшелігі - ол кісі тура М. Әуезов сияқты орысша да, қазақша да тең жоғары дәрежеде жазды. Бірақ Әуезов, менін білуімше, романдарын орысша жазған емес.

Үшіншіден, жақында "Өнер" баспасынан Б. Момышұлының 30-томдық шығармалар жинағы шықты.

Поделиться этим сообщением


Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах
Гость
Ответить в этой теме...

×   Вы вставили отформатированный текст.   Удалить форматирование

  Допустимо не более 75 смайлов.

×   Ваша ссылка была автоматически заменена на медиа-контент.   Отображать как ссылку

×   Ваши публикации восстановлены.   Очистить редактор

×   Вы не можете вставить изображения напрямую. Загрузите или вставьте изображения по ссылке.

Зарузка...

  • Недавно просматривали   0 пользователей

    Ни один зарегистрированный пользователь не просматривает эту страницу.

  • Upcoming Events

    No upcoming events found
  • Recent Event Reviews

×

Важная информация

Правила форума Условия использования