Перейти к контенту
КАЗАХСТАНСКИЙ ЮРИДИЧЕСКИЙ ФОРУМ
Айдос Сайланбайұлы

Төтенше жағдайлар бөлімінің тексеруі

Рекомендуемые сообщения

Бідің фирманың қоймасын, өрт сөндірушілер тексеріп нұсқама қағаз (предписание) жазып кетіпті. Оны орындамаған соң сотқа қызметті тоқтату туралы талап арыз беріпті. Біз өрт сөндірушілердің айтқанының бәрін жасап қойдық. Енді дүйсенбі күні сотта, қойманың қызметін тоқтатпау үшін, тағы не айтсақ екен? Осындай сотқа қатысқан кімнің тәжірбиесі бар?

Изменено пользователем Айдос Сайланбайұлы

Поделиться этим сообщением


Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах
Гость Алаш баласы

Менің білуімше, өрт сөндірушілері нұсқаманы бергеннен кейін сонда көрсетілген мерзім біткен соң қайтадан тексеріс өткізу керек. Немесе тексерілген компания тезірек, яғни мерзімінен бұрын көрсетілген кемшіліктерді жойып, қойылған талаптарды орындап өрт сөндірушілеріне жазбаша жауап беріп қайта тексеріс өткізуге шақыра алады. Сол қайта тексеріс кезінде тексерілген компания қойылған талаптарды орындалмағаны анықталса, сонда ғана олар сотқа беріп сіздердің компанияларыңыздың қызметін тоқтатуын талап етуі қақылары бар, өйткені сіздердің қызметтеріңіз ондай жағдайда қауіпті болмақ. Ал сіздер бәрін реттеп орындаған болсаңыздар, онда олардың талаптары негізсіз болады ғой.

Менің ондай істерім болған, сонда бір істе судьяның бірінші сұрағы "анықталған кемшіліктер жойылып, қойылған талаптар орындалды ма әлде жоқ па" болды. Біз бәрін көрсетіп дәлелдедік, тек бір ғана талапты орынай алмадық, бірақ ол мүмкін емес болатын. Сонда сот шешімі біздің пайдамызға шығарылды.

Поделиться этим сообщением


Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

Нұсқама берілген соң оны нұсқамада көрсетілген мерзімде орындау керек. Мерзім шегіне жеткен кезде жоспардан тыс тексеру жүргізіледі. Нұсқама талаптарының орындалмағаны анықталса, іс қарауға сотқа жіберіледі.

Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнаманы соттардың қолдануының кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 26 қарашадағы №18 Нормативтік қаулысының 3 тармағының 3 бөлігіне сәйкес "егер соттың белгілеген мерзімінде қажетті әрекеттерді (шараларды) жүзеге асыру - қызметті тоқтата тұру арқылы құқық бұзушылық жойылса немесе құқық бұзушылық белгіленген мерзімде жойылмаса не қызметіне тыйым салу түрінде оны жою мүмкін болмаса, көрсетілген әкімшілік жазалау шараларын қолдануға болады". (Применение указанных мер административного взыскания возможно в случаях, когда нарушение устранимо проведением необходимых действий (мероприятий) в срок, установленный судом для их устранения - в виде приостановления деятельности, либо нарушение не было устранено в установленный срок или его устранение невозможно - в виде запрещения деятельности).

Жоғарыдағыны ескере келе, істі қарау барысында сот мерзім белгілеу арқылы құқық бұзушылықты жою жою мүмкін екендігін анықтаса ғана қызметін тоқтата тұру туралы жазаны қолдана алады. Бұл жаза тағайындамас бұрын, соттың алдымен құқық бұзушылықтың көлемін, оның қазіргі уақыттағы жағдайын анықтауы тиіс екендігін білдіреді.

Қазіргі уақытта Сіздің нұсқаманың талаптарын орындағандарыңыз туралы дерек-дәйектемелерді сот отырысында көрсетуіңіз және дәлелдеуіңіз қажет. Сонымен бірге осы ақпараттардың көшірмесін мемлекеттік өртке қарсы қызмет орындарына жолдаңыз. Құқық бұзушылықтың жойылғандығын анықтау, тексеру өткізу арқылы ғана мүмкін болса, құқық бұзушылықтың толық жойылғандығын хабарлап, мемлекеттік өртке қарсы қызмет орнына қайта жоспардан тыс тексеру өткізу туралы өтініш жолдаңыз. Өтінішті жолдағаныңыз туралы сотқа хабарлап, ӘҚБтҚРК-нің 647 бабының 2 тармағының негізінде істің қаралу мерзімін тексеру жүргізілу кезеңіне ұзартуды сұраңыз.

647-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарау мерзiмдерi

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзуге қатысушылардан өтiнiштер түскен жағдайда не iстiң мән-жайларын қосымша анықтау қажет болған кезде iстiң қаралу мерзiмiн iстi қараушы судья, орган (лауазымды адам) ұзартуы мүмкiн, бірақ ол бір айдан аспайтын, ал, салық мiндеттемесiн орындауға байланысты iстер бойынша, шағым беру мерзiмiнiң кезеңiне ұзартуы мүмкiн.

Поделиться этим сообщением


Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

Join the conversation

You can post now and register later. If you have an account, sign in now to post with your account.

Гость
Ответить в этой теме...

×   Вы вставили отформатированный текст.   Удалить форматирование

  Допустимо не более 75 смайлов.

×   Ваша ссылка была автоматически заменена на медиа-контент.   Отображать как ссылку

×   Ваши публикации восстановлены.   Очистить редактор

×   Вы не можете вставить изображения напрямую. Загрузите или вставьте изображения по ссылке.

Зарузка...

  • Недавно просматривали   0 пользователей

    Ни один зарегистрированный пользователь не просматривает эту страницу.

  • Upcoming Events

    No upcoming events found
  • Recent Event Reviews

×

Важная информация

Правила форума Условия использования