Перейти к контенту
КАЗАХСТАНСКИЙ ЮРИДИЧЕСКИЙ ФОРУМ
Сакен

Неке қию рәсімі. Басынан өткізгендер бар ма арамызда?

Рекомендуемые сообщения

Саламатсыздар ма, құрметті форумшылар!

Жақында үйленіп, отбасы болдық :)

Енді жұбайымызбен мұсылманша мешітте некемізді қиямыз ба деп отырмыз.

Осыған орай пікір алыссақ қалай қарайсыздар?

Некелеріңіз меітте заңды қиылса кімде қандай сезімдер туындады? Көзқарастарыңыз қандай осы рәсімге? Мүмкін кейбіреулеріңізде осыған байланысты қызық оқиғалар болды ма?

Мен өз басым біртүрлі қызық көрем, бірақ бұл рәсім өте терең оймен өту керек деп түсінемін. Соңғы уақытта шын мұсылмандыққа бетбұрыс алсам ба деген ой бар. Өйткені бойымнан неше түрлі жағдайлар өтіп барады.

Осы мәселеге де қалай қарайсыздар?

Поделиться этим сообщением


Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

Сакен, Шын жүректен құттықтаймын!!! Бақытты болындар!

Неке қию туралы іштене айталмаймын, өйткены басымнан өткен емес.

менің ойымша, жаныңда шын сенсең Қудайға - сол жеткілікті сияқты, бірақ ол менің "сугубо индивидуальный" пікірім.

сорри фо май инглиш.)))

Поделиться этим сообщением


Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

Құттықтаймын!!! Жаңа отбасыңызға тек қана бақыт тілеймін. Озім үйленген кезде, мешітке барып алдын-ала неке қидық. Бірақ жас болғандықтан рәсімге толықтай, окінішке орай, мән бермедім. Әйтеуір керек бір дәстүр ғой деп қоя бердім. Есімде қалғаны неке суын ішіп, сыйлық тартып, "Ля иляха ил-лаллах Мухаммадур расулуллах" үш рет айткызған еді. Әрине, жас келген сайын ең басты рәсім ол неке қию екендігін түсінесін.

Поделиться этим сообщением


Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

Рахмет, бауырым! Мен де осы жасқа келіп енді енді түсініп келе жатырмын. Теледидарда бір арна бар, атауын ұмытып қалдым, Құранның сүрелерін жазып оқиды, мағынасын түсіндіреді, сонда біраз жақсы өсиеттер бар екендігін аңғардым. Әсіресе дәл осы мен сияқты ерлі зайыптылар арасындағы қатынастар туралы. Қызықтырады. Көп мәселені білмейміз. Жеңіл қараймыз. Ал заңгер үшін өте пайдалы заттар айтылады, мысалы және ең бастысы: әрбір сөзіңді бас заңға сүйкеніп айту керектігі. Бізде сот барысында (ссылка на законодательство) деп айтамыз гой. Сол сияқты, исламды таратушылар да Құранда айтылған сөзге ғана сүйкену керек екен.

Поделиться этим сообщением


Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

Бәрекелді, Сакен, шын жүрекпен құттықтаймын! Неке мынжылдық болсын) !

Менің ойымша мешітте неке қию бұл діңі, және шариат бойынша міндет.

Алланың , күәлер алдында аңт бересің. Жүректе иман болса, берген аңтты өмір бәқи орындау міндетсің .

Соңғы уақытта шын мұсылмандыққа бетбұрыс алсам ба деген ой бар.

ИншаАллах, Сакен.

Поделиться этим сообщением


Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

Сол теледидар "Асыл Арна" атылады!

Қысқаша айтқанда өзіне көп оқү керек (тиянақты бастаунан), сонда нақты білім аласың.

Мүнкің біздің зангерлер де, мүсылманша ПФке жетеміз))

Поделиться этим сообщением


Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

Саламатсыздар ма, құрметті форумшылар!

Жақында үйленіп, отбасы болдық :)

Енді жұбайымызбен мұсылманша мешітте некемізді қиямыз ба деп отырмыз.

Осыған орай пікір алыссақ қалай қарайсыздар?

Некелеріңіз меітте заңды қиылса кімде қандай сезімдер туындады? Көзқарастарыңыз қандай осы рәсімге? Мүмкін кейбіреулеріңізде осыған байланысты қызық оқиғалар болды ма?

Мен өз басым біртүрлі қызық көрем, бірақ бұл рәсім өте терең оймен өту керек деп түсінемін. Соңғы уақытта шын мұсылмандыққа бетбұрыс алсам ба деген ой бар. Өйткені бойымнан неше түрлі жағдайлар өтіп барады.

Осы мәселеге де қалай қарайсыздар?

Шын жүректен құттықтаймын, ұзағынан болсын. Беталысыңыз жаман емес, ниетіңіз қабыл болып шын мұсылман болуыңызға тілектеспін.. ))

Ал неке рәсіміне келер болсақ - өте жауапты және маңызды сәт екендігі күмәнсіз, құдайдың алдында үлкен жауапкершілік артып өмірдің жаңа кезеңіне жолдама аласыз.. Оны тек бір неке күнінің керекті атрибуты ретінде емес, мойныңызға Алла алдында өзіңіз және жанұяңыз үшін жауапкершілік алатындығыңызды түсінуіңіз қажет, осыны түсінетін деңгейге жеткен сияқтысыз, ол өте қуанышты жағдай )))

1 постыңызда біраз мәселені қозғаған сияқтысыз... Мәселен мені мына жағдай толғандырады - ажырасқан кезде шариат заңына сәйкес талах процедурасын өткзген адамдар бар ма екен, уйленген кезде мешіттен өткен болса, онда айрылысқан кезде де мұсылманша айрылысу керек қой заңдысынан басқа...

Изменено пользователем Enya

Поделиться этим сообщением


Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

Сол теледидар "Асыл Арна" атылады!

Қысқаша айтқанда өзіне көп оқү керек (тиянақты бастаунан), сонда нақты білім аласың.

Мүнкің біздің зангерлер де, мүсылманша ПФке жетеміз))

Өте орынды ұсыныс. Мен қолдаймын, уағыздар тыңдап, көрген-білгенімізді жазып, оқып көп нәрсенің бетін ашып алуға болады. барлығымыз мұсылман дінінің қыр сырларын біліп алсақ өмір сүру оңайырақ болатынына өте сенімдімін.

Өзім ислам дінінің жан жақтылығына, таза, өмірдің барлық жақтарын, сәттерін қамти алатынына таңданысымды жасырмаймын. "Уникальный" дін екендігі күмәнсіз, алайда кейбір шоғырланған топтың немесе тұтас мемлекеттердің қолында ойыншық болып, адамдарға ислам әлемі жөнінде қате пікір туындатып отырғандығы өте өкінішті жағдай...

Поделиться этим сообщением


Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

Теледидардан көп мәселелерді талқылап жатыр, хиджаб, паранжа, 2 әйел алушылық, әйелдің жұмыс істемей үйде отыруы, зинақорлық тағы басқа... Осылардың әрқайсысын тақырыптарға бөліп жан жақты талқылауға болады, себебі біз тек жай ғана өмір тұрығысынан емес заңгер тұрғысынан да қарастыратынымыз анық.

Бұрыннан бері қазақша тақырыптарды ашып, әңгіме дүкен құрсақ деген ой бар еді, Сәкен жарайсыз, көш бастағаныңыз дұрыс болды.

Өкініштісі біраз жазуға уақыттың тапшылығы кедергі етеді, бірақ сонда да барынша атсалысуға тырысамын )))))

Әйелдер қауымын да тыңдау да сіздер үшін қызық шығар деп ойлаймын, толғандырар мәселелер аз емес қой ))

Изменено пользователем Enya

Поделиться этим сообщением


Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

Көп рахмет тілектеріңізге!

Кеше әдейі сол арнаны қарап, атауы "Асыл арна" екенін еске алдым. Күшті арна. Жап жас балдар өмірді көрген кісілер секілді жан жақты дамыған.

Шынымен де, өмірдегі құбылыстағы әрбір сұраққа нақты жауап бар.

Сол сияқты неке қийғанда да, ажырасқанда да адам өз і өзін қалай ұстау керектігін айтады, қандай әрекет жасайтынын айтады.

Мысалы, мен ажырасқанмын. Жаңадан үйленіп неке қияйын деп жатырмын. Осы сәт мен үшін өте маңызды болып келіп тұр, өйткені келешекте өателік жасауға құқымыз жоқ.

Тақырыптың мәні де сол, білетінімізбен бөлісіп, пікір алысу.

Поделиться этим сообщением


Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

Тағыда айтакетеймың, ен манызды ислами әр тақырыпта, менің ойымша, ол тиянақты бастаунан білім алу.

Себебі қазір қазақ тілінде ислам әдебиет өте аз, орыс тілінде кітаптар жетеді, бірақ кейде онын дәлелдері шүбәландырады.

Өзім біздің Алматы орталық мешітінің сайтында, және Ш.Аляутдиновтың сайтында көп мәлімет аламын.

1 постыңызда біраз мәселені қозғаған сияқтысыз... Мәселен мені мына жағдай толғандырады - ажырасқан кезде шариат заңына сәйкес талах процедурасын өткзген адамдар бар ма екен, уйленген кезде мешіттен өткен болса, онда айрылысқан кезде де мұсылманша айрылысу керек қой заңдысынан басқа...

қызықты сұрақ. Ондай рәсім толық мұсылман жанүяда сақталады шығар.

Поделиться этим сообщением


Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

қызықты сұрақ. Ондай рәсім толық мұсылман жанүяда сақталады шығар.

Сонда қалай болғаны? Ажырасқан кезде егер бірінші неке бұзылмаса, онда ер адам бірінші әйелін асырап жағдайын жасауға міндетті ғой. Бұл жерде шариат бойынша ер адамның екі отбасы бар деп есептелетін сияқты секілді))

Поделиться этим сообщением


Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

Сонда қалай болғаны? Ажырасқан кезде егер бірінші неке бұзылмаса, онда ер адам бірінші әйелін асырап жағдайын жасауға міндетті ғой. Бұл жерде шариат бойынша ер адамның екі отбасы бар деп есептелетін сияқты секілді))

Сакеннен сұрау керек))

Қысқаша болса осында мәлімет бар, 9 тармақ : http://azan.kz/article/show/id/263.html

Поделиться этим сообщением


Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

Сонда қалай болғаны? Ажырасқан кезде егер бірінші неке бұзылмаса, онда ер адам бірінші әйелін асырап жағдайын жасауға міндетті ғой. Бұл жерде шариат бойынша ер адамның екі отбасы бар деп есептелетін сияқты секілді))

Естігеніңіз бар шығар, шариат бойынша еркек адам әйеліне 3 рет Мен сенімен ажырасамын деп айтуы тиіс, әрине бұл жерде куәгерлердің де болуы шарт, әйтпесе ажырасқаныңызды қайтіп дәлелдейсіз. Сонан соң 1 жыл күтесіз, себебі 1-ші әйеліңіз екіқабат болуы мүмкін.

Изменено пользователем Enya

Поделиться этим сообщением


Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

Мысалы, мен ажырасқанмын. Жаңадан үйленіп неке қияйын деп жатырмын. Осы сәт мен үшін өте маңызды болып келіп тұр, өйткені келешекте өателік жасауға құқымыз жоқ.

Тақырыптың мәні де сол, білетінімізбен бөлісіп, пікір алысу.

Пендешілік жасап қателесу - әрбір адам баласына тән құбылыс. Екінші рет әрине зор жауапкершілікпен қадам жасауға тырысасыз, бірақ құдай бетін әрі қылсын, дәм тұздарыңыз жараса қалмаса, ажырасқаннан басқа жол жоқ.. Өз өзіңізді қинамайсыз ғой. Менің айтарым тек шыдамдылық, көрегенділік танытып жанұяны барынша сақтап қалуға тырысу керек, ал егер жұбайыңыз бақытсыз болса - ұстап тұрудың не шыдаудың қажеті жоқ.

Поделиться этим сообщением


Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

ол түсінікті... Жалайыр Сакеннің жағдайды ойлап жатқан шығар))

Қиналатын ештеңе жоқ :rolleyes: Есі түзу, басы бар атпалдай азамат мұсылман жолына түссе не ислам діні жайлы сауатын ашса әр сұрағына жауап табады.

Изменено пользователем Enya

Поделиться этим сообщением


Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

Ондай рәсім толық мұсылман жанүяда сақталады шығар.

Неге...? Онда неке рәсімі кезінде мешітке барудың қажеті шамалы шығар, бәрібір алда жалда ажырасып жатса - шариат заңымен ажыраспайды ғой. Осыдан соң 1 ойға келдім - мешітке барып неке қидыру - формальды түрде өтетін процесс сияқты, ол қайдан бастау алды? Неге адамдар мешітке барып ант су ішеді де, артынша оңай ойланбастан ажыраса салады..?

Поделиться этим сообщением


Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

Өйткені көп адам немқұрайлы қарайды бұл мәселеге.

Бұл жөнінде ауруханада жатқанымда палатада бірге ем алған бір жігіт жақсы жақсы түсініктер берді.

Және де шариятқа сүйеніп дәлелдемелер берді.

Поделиться этим сообщением


Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

Қиналатын ештеңе жоқ :rolleyes: Есі түзу, басы бар атпалдай азамат мұсылман жолына түссе не ислам діні жайлы сауатын ашса әр сұрағына жауап табады.

келесемің әр сұрағына жауап табылады

Неге...? Онда неке рәсімі кезінде мешітке барудың қажеті шамалы шығар, бәрібір алда жалда ажырасып жатса - шариат заңымен ажыраспайды ғой. Осыдан соң 1 ойға келдім - мешітке барып неке қидыру - формальды түрде өтетін процесс сияқты, ол қайдан бастау алды? Неге адамдар мешітке барып ант су ішеді де, артынша оңай ойланбастан ажыраса салады..?

Бүл жерде де келесемің - бірақ формальды рәсім емес, ал дәстүр сияқты деп саналады көбісімен. Орысша айтқандай "Неке аспандарда қамалады", сондықтан қарттар да некены мешітке міндеттүрде барғызады.

Поделиться этим сообщением


Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

Өйткені көп адам немқұрайлы қарайды бұл мәселеге.

Бұл жөнінде ауруханада жатқанымда палатада бірге ем алған бір жігіт жақсы жақсы түсініктер берді.

Және де шариятқа сүйеніп дәлелдемелер берді.

Ал Саке, онда қысқаша жазбайсымба, өзің тұсінген бойынша

Поделиться этим сообщением


Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

Мен түсінгенім, әр адамның ішінде, ішкі дүниесінде бір үлкен құдырет бар. Бұл біріншіден. Сол құдыретті дұрыс пайдалану керек, дұрыс бағытқа жұмсау керек.

Екіншіден, адамның ой-өрісі, пиғылы, көзқарастары таза болу керек. Осыдан бастасақ, мұсылман дінінің кереметтері ашылатын сияқты.

Мен үшін жанұяны құру өте күрделі қиын мәселе болғандықтан, ең бастысы осындан бастап қателіктерді жібергім келмеді. Ал шариятта көрсетілген жүріс-тұрсыс әдеттерді сақтасақ қате жіберу мүмкіндігі минимумға келеді деген ой басымды алып кетті :)

Поделиться этим сообщением


Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

Орысша айтқандай "Неке аспандарда қамалады".

құдай берген "транслэйт нүкте кз"- ай :lol:

Некелер аспанда қиылады десеңіз тезірек миыма қонар еді, ренжімеңіз, жазбасқа болмай қалды. :biggrin:

Көш жүре түзеледі дейді ғой, ойларымызбен көп бөліссек - қазақшамыз да жақсарып қалар.

Поделиться этим сообщением


Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

:shuffle: сол сөздерді қалай аударамың деп қиналдым ))

Көш жүре түзеледі дейді ғой, ойларымызбен көп бөліссек - қазақшамыз да жақсарып қалар.

:druzja:

Поделиться этим сообщением


Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

Мен түсінгенім, әр адамның ішінде, ішкі дүниесінде бір үлкен құдырет бар. Бұл біріншіден. Сол құдыретті дұрыс пайдалану керек, дұрыс бағытқа жұмсау керек.

Екіншіден, адамның ой-өрісі, пиғылы, көзқарастары таза болу керек. Осыдан бастасақ, мұсылман дінінің кереметтері ашылатын сияқты.

Мен үшін жанұяны құру өте күрделі қиын мәселе болғандықтан, ең бастысы осындан бастап қателіктерді жібергім келмеді. Ал шариятта көрсетілген жүріс-тұрсыс әдеттерді сақтасақ қате жіберу мүмкіндігі минимумға келеді деген ой басымды алып кетті :)

Келісемін әрине, егер адам қандай да бір іске өз ойымен, қалауымен келгісі келмесе - ешнәрсенің берекеті болмайды. Жанұялық меселеде - мен 2 жақтан тек балансты сақтауды сұрар едім, әрқайсысы өз орнын білу керек, әйел - өзінің, еркек - өзінің. Еркектің жұмысына әйелдің араласпауы керек, ал әйелдің жұмысына еркектің.

Осы орайда Сәкен сізге сұрақ - жұбайыңыз сіздің осы ниетіңізге дайын ба? себебі, мұсылман әйелі еркекпен тең тұрмайды және жауапкершіліктің мол екенін білесіз ғой...

Поделиться этим сообщением


Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах
Гость
Ответить в этой теме...

×   Вы вставили отформатированный текст.   Удалить форматирование

  Допустимо не более 75 смайлов.

×   Ваша ссылка была автоматически заменена на медиа-контент.   Отображать как ссылку

×   Ваши публикации восстановлены.   Очистить редактор

×   Вы не можете вставить изображения напрямую. Загрузите или вставьте изображения по ссылке.

Зарузка...

  • Недавно просматривали   0 пользователей

    Ни один зарегистрированный пользователь не просматривает эту страницу.

  • Upcoming Events

    No upcoming events found
  • Recent Event Reviews

×

Важная информация

Правила форума Условия использования