Перейти к контенту
КАЗАХСТАНСКИЙ ЮРИДИЧЕСКИЙ ФОРУМ

приказ Министра с/х


Рекомендуемые сообщения

Приказ и.о. Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 29 мая 2015 года № 4-1/487

у кого есть на гос.языке? скиньте пожалуйста.

почему то в базе Параграф кнопка перевод неактивная.Только у меня так?
 

Ссылка на комментарий
Поделиться на других сайтах

Сказал, чтоб быстро сделали

«Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 31) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Астық қабылдау кәсіпорны мен астық иесі арасындағы астықты сақтаудың жария шартының үлгілік нысаны бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрінің
      міндетін атқарушы                          С. Омаров

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      ___________ Е. Досаев
      2015 жылғы 9 маусым

Қазақстан Республикасы 
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушының  
2015 жылғы 29 мамырдағы 
№ 4-1/487 бұйрығымен
бекітілген        

Астық қабылдау кәсiпорны мен астық иесi арасындағы астықты сақтаудың жария шартының үлгiлік нысаны

_________________            №           20 ___ жылғы «___» _________
(елдi мекен)

      Бұдан әрi «Иеленушi» деп аталатын ___________ атынан _________
                                        (астық иесi)
негiзiнде әрекет ететiн ________________ және бұдан әрi «АҚК» деп
аталатын ________________________ атынан ________________ негiзiнде
әрекет ететiн (астық қабылдау кәсiпорны)
_______________________________, бiрлесiп «Тараптар» деп аталатындар,
төмендегiлер туралы осы шартты жасасты.

1. Шарттың нысанасы

      1. Осы шарттың нысанасы АҚК-нiң осы шартқа сәйкес және оның талаптарымен астықты сақтау бойынша қайтарымды қызметтер көрсетуі болып табылады.
      2. Сақтауға берілетін астықтың көлемі мен сипаттамасын, астықтың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында ол жеткiзiлетiн сапа көрсеткiштерiн осы шартқа 1-қосымшада Тараптар анықтайды.

2. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi

      3. АҚК:
      1) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес өтінiмде көрсетiлген сан мен көлемде, Иеленушi өтiнiм берген сәттен бастап күнтізбелік үш күннен аспайтын мерзiмде сақтауға қабылданған астыққа астық қолхаттарын беруге;
      2) астықты қабылдағанда оның сапасын анықтауды осы шартқа 1-қосымшада көрсетілген стандартқа сәйкес жүзеге асыруға;
      3) Иеленушi берген астықты астық қолхатында көрсетiлген caн мен сапада сақтауды қамтамасыз етуге;
      4) ұлттық стандарттарда, техникалық регламенттерде, техникалық шарттарда және нормативтiк құқықтық актілерде белгiленген сақтау шарттарын сақтауға;
      5) астықтың сақталу орнын қарап-тексеруге, астықты өлшеуге және астықтың сынамаларын iрiктеп алуға Иеленушiге не оның уәкiлеттi өкiлiне мүмкiндiк беруге;
      6) Иеленушінің астық босатуға жазбаша өтінімін тіркеуге;
      7) Иеленушінің талабы бойынша Иеленушінің астық қолхатына айырбасқа астықты босатуға жазбаша өтінімін тіркеген сәттен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей, астық қолхатында көрсетілген сапада өтінімде көрсетілген астық көлемін босатуды (тиеп-жіберуді) бастауға, оны «Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 31 және 40-баптарында және осы шарттың 4-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, АҚК-нiң техникалық мүмкіндіктеріне сәйкес босатуды (тиеп-жіберуді) аяқтауға. Астықты босату (тиеп-жіберу) Заңның 6-бабы 12) тармақшасына сәйкес бекітілетін Астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу қағидаларына (бұдан әрі – Астықты есепке алу қағидалары) сәйкес жүргізіледі;
      8) сақталудағы астықтың жойылу немесе бүлiну қаупi туындаған жағдайларды қоспағанда, Иеленушiнiң келiсiмiнсiз үшiншi тұлғалардың астық сақтау қоймаларында сақтаудағы астықты араластырмауға. АҚК үшiншi тұлғаға астықтың сақтауға берілгенi туралы Иеленушiге тез арада хабарлауға мiндеттi. Бұл ретте АҚК астықты сақтауға берген үшiншi тұлғаның іс-қимылына толық жауап бередi;
      9) Иеленушiге оның өтiнiмi бойынша үш жұмыс күнi iшiнде AҚК-нiң техникалық мүмкiндiктерi, осы шарттың 2-қосымшасына сәйкес Иеленушiге тиесiлi астықтың бар-жоғы және қозғалысы туралы ақпаратты, сондай-ақ оның дербес шоты бойынша астық есебiнiң деректерiн беруге;
      10) жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргiзуге байланысты жөндеу жүргiзуді тоқтатуға дейiн кемінде 45 күн бұрын, Заңның 6-бабы 12) тармақшасына сәйкес бекітілетін Астықты сақтау қағидаларында белгiленген мерзiмнен аспауға тиiс жөндеу жүргiзу мерзiмдерiн көрсете отырып, астықты қабылдау мен босатудың (тиеп-жiберудiң) мүмкiн еместігі туралы Иеленушiнi хабардар етуге;
      11) егер АҚК астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесiне қатыспаған жағдайда, осы шарт бойынша өзiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыруға;
      12) астықты сақтау процесiнде зиянкестермен астықтың залалданғаны анықталған жағдайда, өз есебiнен зарарсыздандыруды жүргiзуге;
      13) Астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру, қайтарып алу туралы, сондай-ақ АҚК-нi қайта ұйымдастыру, атауын өзгерту, банкроттық рәсімінің қозғалғаны, өз еркімен таратылуы туралы шешімнің қабылданғаны туралы Иеленушіні тиісті шешім қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде жазбаша хабарлар етуге;
      14) Астықтың есебін жүргізу қағидаларына сәйкес астықты осы шартқа 1-қосымшада белгiленген сапалық көрсеткiштерге дейiн жеткiзу нәтижесiнде алынған астық қалдықтарын қайтаруды қамтамасыз етуге мiндеттенедi.
      4. АҚК:
      1) осы шарттың 3-бөлiмiне сәйкес нақты көрсетілген қызметтер үшiн ақы төлеудi талап етуге;
      2) көрсетiлген қызметтерге ақы төлеу бойынша Иеленушінің берешегi бар болған жағдайда астық босату (тиеп-жiберу) кезінде оның қазақстандық тауарлық биржаларда биржалық сауда-саттық жүргізу барысында қалыптасатын биржалық бағасы бойынша анықталатын осы берешектің мөлшерінен аспайтын көлемдегі астықты босатудан (тиеп-жiберуден) бас тартуға;
      3) астықты босатуда (тиеп-жiберуде) Иеленушiмен бiрлесiп астықты оның астық қолхатында көрсетiлген сандық-сапалық көрсеткiштерге сай екенiн қарап-тексеруді немесе шығыстарды өз есебiнен өтей отырып, тәуелсiз сарапшылық бағалауды жүргiзуге құқылы.
      5. Иеленушi:
      1) осы шарттың 3-бөлiмiнде белгіленген тәртiппен және жағдайларда AҚК-нiң көрсетілетін қызметтеріне уақтылы ақы төлеуге;
      2) АҚК-ге астықты алдағы тиеп-жiберу туралы жазбаша өтiнiм беруге мiндеттенедi.
      6. Иеленушi:
      1) астық қолхатында көрсетiлген көлемде АҚК-де сақтаудағы астыққа билiк етуге;
      2) осы шартқа 1-қосымшада көрсетiлген стандарт бойынша астықты қабылдағанда оның сапасын анықтауға;
      3) астықты қабылдау және босату (тиеп-жiберу) кезiнде оны өлшеуге қатысуға;
      4) астықты сақтау орнын қарап-тексеруге, астықты өлшеуге және астықтың сынамасын iрiктеп aлуғa;
      5) АҚК астықты босату (тиеп-жiберу) кезiнде АҚК-мен бiрлесiп астықты оның астық қолхатында көрсетілген сандық-сапалық көрсеткiштерге сай екенiн қарап-тексеруді немесе шығыстарды өз есебiнен өтей отырып, тәуелсiз сарапшылық бағалауды жүргiзуге;
      6) өтiнiм бойынша АҚК-нiң техникалық мүмкiндiктерi, осы шартқа 2-қосымшаға сәйкес Иеленушiге тиесiлі астықтың бар-жоғы және қозғалысы туралы ақпаратты, сондай-ақ оның дербес шоты бойынша астық есебiнiң деректерiн алуға;
      7) астық қалдығын қайтаруға және астықты осы шартқа 1-қосымшада белгіленген сапалық көрсеткіштерге дейін жеткізу нәтижесінде алынған астық қалдығына билік етуге құқылы.

3. Сыйақы төлеу

      7. Әрбiр операция бойынша жеке-жеке астықты сақтау жөнiнде қызметтер көрсету (қабылдау, кептiру, тазалау, сақтау, тиеп-жiберу) үшiн АҚК-нiң сыйақы сомасы АҚК-нiң оларды көрсетумен байланысты барлық шығыстарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген салық және басқа да мiндеттi төлемдердi қамтиды және осы шартқа 1-қосымшада айқындалады.
      8. Нарықта үстем жағдайға ие АҚК-нің көрсетілетін қызметтерінің бағалары (тарифтерi) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен айқындалады.
      9. Астықты сақтау жөнiндегі көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу ақшамен не Тараптардың келiсiмiмен анықталған баға бойынша индоссамент жасау арқылы сақталудағы астықтың тиiстi көлемiн беру жолымен жүргiзiлуi тиiс.
      10. Көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу мерзiмдері Тараптардың келiсiмi бойынша осы шартқа 1-қосымшаға сәйкес айқындалады.

4. Шарттың қолданылу мерзiмi

      11. Осы шарт Астықты сақтау қағидаларында айқындалған сақтау мерзiмдерiнен аспайтын, Иеленушiнiң талап етуiмен белгiленген мерзiмге жасалды және өзiнiң қолданысын Тараптар өздерiнiң мiндеттемелерiн толық орындаған жағдайда тоқтатады.
      12. АҚК-нiң бастамасымен шартты бұзуға жол берiлмейдi.

5. Тараптардың жауапкершiлігі

      13. Сақталудағы астық жоғалған, кем шыққан, бүлiнген, зақымдалған, сапасы төмендеген жағдайда, АҚК Иеленушiнiң пайдасына тиiсiнше жоғалған, кем шыққан, бүлiнген, зақымдалған астық не сапасы төмендеген астық құнының _____ %-ы мөлшерiнде айыппұл төлейдi.
      14. Осы шарттың 3-тармағының 7) тармақшасын орындаудан негізсіз бас тартқан жағдайда, АҚК Иеленушінің пайдасына әрбір мерзімі өткен күн үшін тиеп-жіберуге мәлімделген астық құнының _____ %-ы мөлшерінде айыппұл төлейді.
      15. Егер АҚК астықтың жоғалуы, кем шығуы, бүлiнуi, зақымдалуы, сапасының төмендеуi еңсерілмейтін күштің не Иеленушi пиғылының немесе оғаш абайсыздығының салдарынан болғанын дәлелдесе, жауапкершiлiктен босатылады.
      16. Айыппұл санкцияларының сомасы, астық құнының өтемi, сондай-ақ АҚК әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) нәтижесiнде Иеленушiге келген залалдар сомасы өтеу сәтiнде қалыптасқан бағалар бойынша анықталады.
      17. Тараптар айқындаған сыйақы төлеу мерзiмiн Иеленушi бұзған жағдайда, Иеленушi әрбiр мерзiмi өткен күнтiзбелiк күн үшiн төленбеген соманың _____ %-ы мөлшерiнде өсiмақы төлейдi.
      18. Басқа Тараптың қабылдаған мiндеттемелерiн орындамауы немесе тиiсiнше орындамауы нәтижесiнде Тараптардың бiреуiне келген залалдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрақсыздық айыбынан тыс өтеледi.
      19. Айыппұл санкцияларын төлеу Тараптарды осы шарт бойынша қабылданған мiндеттемелерін орындаудан босатпайды.

6. Дауларды қарау тәртiбi

      20. Осы шарт бойынша даулар туындаған жағдайда, Тараптар туындаған дауларды сотсыз шешу үшiн барлық шараларды қабылдауға мiндеттенедi.
      21. Туындаған даулар бойынша келiсiмге қол жетпесе, даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен сотта қаралуы тиіс.

7. Өзге де жағдайлар

      22. Осы шарт бойынша құқықтар мен міндеттер индоссамент жасалған кезде астық қолхаты бойынша құқықтарды берумен бір уақытта астық қолхатында көрсетілген көлемде беріледі. Бұл ретте, индоссат индоссамент жасалған сәттен бастап күнтізбелік он күн ішінде астық қолхаты бойынша құқықтарды қабылдағаны туралы АҚК-ні хабардар етеді.
      23. Көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтер өзгергенде, астық жеткiзілетін сапалық көрсеткiштердi жақсарту қажет болғанда немесе AҚК-гe жаңа астық партиялары түскенде тиiстi өзгерiстер осы шартқа қосымша 1-қосымшаға қол қою арқылы ресiмделедi.
      24. Осы шартқа барлық қосымшалар оның ажырамас бөліктерi болып табылады, олар жазбаша түрде ресiмделуi, оларға Тараптардың уәкілеттi өкiлдерiнiң қолдары қойылуы және мөрлермен расталуы тиiс.
      25. Осы шартпен реттелмеген бөлiкте Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары қолданылады.
      26. Осы шарт Тараптардың әрқайсысы үшiн бiр-бiрден, мемлекеттiк және орыс тiлiнде, бiрдей заң күшi бар 2 данада жасалды.

8. Тараптардың деректемелерi мен қолдары

___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

Астық қабылдау кәсiпорны   
мен астық иесi арасындағы астықты
сақтаудың жария шартының үлгілік
нысанына 1-қосымша      

20 ___ жылғы «___» _________ № _____ шартқа астықтың сандық-сапалық
көрсеткiштерi және астықты сақтау жөніндегі көрсетілетін қызметтер
құны

20 ___ жылғы «___» _________ № _________

Р/с №

Сақтауға берілетін астықтың көлемі мен сипаттамасы

Дақыл

Сорты,
репродукциясы (тұқым үшін)

Себу стандартының сыныбы (тұқым үшін)

Егін жинау жылы

Саны, тонна, дейін

 

 

 

 

 

 

(кестенің жалғасы)

Стандарты

АҚК-де астықтың жеткізілетін сапалық көрсеткіштері

Ылғалдылығы бойынша, %

Арамшөптік қоспасы бойынша, %

Дәндік қоспасы бойынша, %

Себу стандарты сыныбына дейін (тұқым үшін)

 

 

 

 

 

 

Операция түрi

Көрсетілетін қызметтер бағасы, теңге

Төлеу мерзiмi

Қабылдау, 1 тонна үшін теңге

 

 

Кептіру, 1 тонна-пайыз үшін теңге

 

 

Тазалау, 1 тонна-пайыз үшін теңге

 

 

Сақтау, айына 1 тонна үшін теңге

 

 

Т/ж көлігімен тиеп-жөнелту,

1 тонна үшін теңге

 

 

Автокөлікпен тиеп-жөнелту,

1 тонна үшін теңге

 

 

Оның iшiнде ҚҚС ___%.

      Иеленушi:                  Aстық қабылдау кәсіпорны:
      Басшы: ___________         Басшы: ___________

      Мөр орыны                  Мөр орыны

Астық қабылдау кәсiпорны   
мен астық иесi арасындағы астықты
сақтаудың жария шартының үлгiлік
нысанына 2-қосымша      

20__ жылғы _____ ____________________ тиесілі астықтың бар-жоғы және
  айы    Иеленушiнiң атауы                     
қозғалысы туралы мәлiметтер

Р/с №

Астық қолхатының сериясы мен нөмірі

Берілген күні

Өнім беруші

Дақыл

 

 

 

 

 

(кестенің жалғасы)

Сыныбы

Егін жинау жылы

Сорты

Репродук-циясы

Себу стандар-тының сыныбы

Ылғалдылығы, %

 

 

 

 

 

 

(кестенің жалғасы)

Арамшөптік қоспасы, %

Дәндік қоспасы, %

Дән маңызы, %/ Ақуызы, %

Дән маңызының сапасы, бірл.

Залалдануы

 

 

 

 

 

(кестенің жалғасы)

Жылтыр-лығы, %

Заттай күйі, г/л

Ақуыздың массалық үлесі, құрғақ затқа %-ы

Құлау саны,
с

Ай басындағы қалдық

 

 

 

 

 

(кестенің жалғасы)

Белгісі (мемлекеттік ресурс түрі)

Кіріс

Шығыс

Астық қолхатын айыр-бастау

Индоссамент

Астық қолхатын қалпына келтіру

Астық қолхатын айырбастау

Индоссамент

Тиеп-жіберу

Ай соңындағы қалдық

 

 

 

 

 

 

 

 

Aстық қабылдау кәсіпорнының басшысы:________________________

Мөр орыны

Ссылка на комментарий
Поделиться на других сайтах

Игорь Юрьевич, 

подскажите пожалуйста,  а

Постановление Правительства Республики Казахстан от 24 октября 2001 года № 1359
Об утверждении типовой формы публичного договора на хранение зерна между хлебоприемным предприятием и владельцем зерна

оно ведь не утратило силу? и как быть если договор, утвержденный этим Постановлением был уже подписан Сторонами?

Ссылка на комментарий
Поделиться на других сайтах

Щас они пачками отменяют подобные постановления. Не исключено, что оно уже отменено, но постановление об отмене в пути.

Если подписан, пока не опубликовано постановление об отмене- имхо, особых проблем не вижу, хотя, конечно еще Законом РК от 29.09.14 г. № 239-V установлено, что это компетенция министерства.

Ссылка на комментарий
Поделиться на других сайтах

Щас они пачками отменяют подобные постановления. Не исключено, что оно уже отменено, но постановление об отмене в пути.

Если подписан, пока не опубликовано постановление об отмене- имхо, особых проблем не вижу, хотя, конечно еще Законом РК от 29.09.14 г. № 239-V установлено, что это компетенция министерства.

ОЧЕРЕДНОЕ ОГРОМНОЕ СПАСИБО ВАМ!!!

Ссылка на комментарий
Поделиться на других сайтах

Join the conversation

You can post now and register later. If you have an account, sign in now to post with your account.
Note: Your post will require moderator approval before it will be visible.

Гость
Ответить в этой теме...

×   Вы вставили отформатированный текст.   Удалить форматирование

  Допустимо не более 75 смайлов.

×   Ваша ссылка была автоматически заменена на медиа-контент.   Отображать как ссылку

×   Ваши публикации восстановлены.   Очистить редактор

×   Вы не можете вставить изображения напрямую. Загрузите или вставьте изображения по ссылке.

  • Недавно просматривали   0 пользователей

    • Ни один зарегистрированный пользователь не просматривает эту страницу.
  • Upcoming Events

    No upcoming events found
  • Recent Event Reviews

×

Важная информация

Правила форума Условия использования