Перейти к контенту
КАЗАХСТАНСКИЙ ЮРИДИЧЕСКИЙ ФОРУМ
Гость

Арест жонiнде комек керек!

Рекомендуемые сообщения

Гость Сакен

2015 жылдын 27 казанында, автоколiгiмдi сатуга бiр кiсiмен келiстiм, 28 кунi колiктi оз атымнан учеттан шешуге кагаздар дайындап,  барлык керек печатьтарын койдыртып, кагаздарды Мемлекеттiк номермен коса ГАИге тапсырдым, 29 кунi менiн колiгiме арест койылган деп, менi мемлекеттiк сот орындаушыларына жiбердi, сот орындаушылары базада жоксыз деп, жеке сот орындаушыларына бет алдым, олардында базасында болмадым, сатып алушым, шаруа узак болып кеткен сон, колiктi алудан бас тартты. Айта кетер арест 30.07.2013 салынган екен. Бугiн кагаздарымнын арасынан мемлекеттiк сот орындаушыларынын 2014 жылдын 7 айында ешкандай карызы жок деген печать басылган кагазды тауып алдым! Сурагым: бул жагдайды калай тусiнуге болады, кай мемлекеттiк кызметкердiн катесi менiн арестте болуым? Шынымды айтсам осындай немгурайлыкпен кызметке караган кiсiнi соткада бергiм келiп жур, менiн колiк сату туралы келiс-шартым бузылганына кiм кiналi? Комек керек!

Поделиться этим сообщением


Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах

Сурагым: бул жагдайды калай тусiнуге болады, кай мемлекеттiк кызметкердiн катесi менiн арестте болуым? Шынымды айтсам осындай немгурайлыкпен кызметке караган кiсiнi соткада бергiм келiп жур, менiн колiк сату туралы келiс-шартым бузылганына кiм кiналi? Комек керек!

Сәлеметсіз бе

Егер жол полициясының(РЭП) мәліметі бойынша Сіздің автокөлігіңізде ауыртпалық тіркелімі әлі күнге дейін тұрғаны жайлы анықталған болса, демек сот орындаушысы кезінде атқарушылық іс бойынша автокөлігіңізге салған тыйым жөніндегі қаулының(пост.об аресте) күшін жоймағаны. Сот орындаушысы тыйым салудан алу туралы қаулыны(постановление о снятии ареста) мемлекеттік органға жібергеннен кейін және ауыртпалық тоқтатылған соң тыйым салу алынады. Мұндай қаулы борышкер қарызын толығымен өтегеннен кейін шығарылады. Баяндағаныңызға қарағанда қарыз толығымен өтелген, ауыртпалық тіркелімі жоқ деген сот орындаушылардан алынған құжатыңыз бар. Демек бұл сот орындаушысының өз міндетін толығымен атқармағанын, яғни қызметіне немқұрайды қарағанын, не болмаса жол полиция қызметшілерінің сот орындаушысынан жолданған тыйым салудан алу туралы қаулысын қабылдап, кейін тіркемей тастағанын көрсетеді. Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 261-IV Заңының  10 бабының 1 тармағы, 47 бабының 2 тармағы, 126 бабының 1 тармағы бойынша сот орындаушысы атқарушылық іс жүргізу тоқтатылған жағдайда, бір тәуліктің ішінде бұл туралы қаулы шығарады және тиісті белгісімен атқарушылық құжатты сотқа жібереді. Сонымен қатар, орындауды қамтамасыз ету шараларының күшін жоятын қаулы шығарып, оны тиісті мемлекеттік органдарға жолдайды. Сол себептен Сізге берер кеңесім, қарыз өтелген, ауыртпалық тіркелімі, яғни тыйым салулары жоқ деген құжатты алып, Сізге қатысты атқарушылық істі жүргізген сот орындаушысына барыңыз. Оның тыйым салуды алу қаулысын жол полициясына жібергенін және қашан жібергенін, ілеспе хаттың(сопроводительное письмо) шығыс нөмірін сұрап тексеріңіз. Бұл құжаттар бар болған жағдайда олардың көшірмесін алып, ал оған Сіздің толық құқығыңыз бар, жол полиция қызметкерлерінен неліктен осы күнге дейін автокөлігіңізден ауырпалық тіркелімі алынбағаны жайлы түсініктеме беруді талап етіңіз. Кінәлі тұлғаларды анықтағаннан соң, егер қажет деп тапсаңыз, Сіз олардың әрекетсіздігінен туындаған құқықтық салдарын жою үшін ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінің 240-5 бабы, не 279 бабтары бойынша сотқа арыз түсіре аласыз. Дегенмен іс-тәжірибеге сүйенетін болсақ, мұндай сот істерінің нәтижесі мемлекеттік қызметшілердің қызметтік мәртебесіне сәл зиянын келтіруі мүмкін, бар болғаны қызметтік жазалаулармен шектеледі.

Поделиться этим сообщением


Ссылка на сообщение
Поделиться на других сайтах
Гость
Ответить в этой теме...

×   Вы вставили отформатированный текст.   Удалить форматирование

  Допустимо не более 75 смайлов.

×   Ваша ссылка была автоматически заменена на медиа-контент.   Отображать как ссылку

×   Ваши публикации восстановлены.   Очистить редактор

×   Вы не можете вставить изображения напрямую. Загрузите или вставьте изображения по ссылке.

Зарузка...

  • Недавно просматривали   0 пользователей

    Ни один зарегистрированный пользователь не просматривает эту страницу.

  • Upcoming Events

    No upcoming events found
  • Recent Event Reviews

×

Важная информация

Правила форума Условия использования