Гость NurYel Опубликовано 22 Декабря 2007 Жалоба Опубликовано 22 Декабря 2007 Құрметті оқырман қауым Сіздермен ой бөліссем деген ниетпен осы мақаланы жазып отырмын. Бірде азаматтық іске қатысып отырып мынадай жағдайға куә болдым. Мәселе түсінікті болу үшін біраз мән-жайлардың басын ашайын. Азаматша “А” мен азамат “Б” екеуі сот процессінде бейбіт келісім жасаған және оны сот бекіткен. Ол бойынша азамат “Б” азаматша “А-ға” белгілі соманы бір уақытта беруге міндеттенеді, ал азаматша “А” өз кезегінде ақшаны алғаннан кейін үйді босатуға міндеттенді. Негізінде аталған үй заң бойынша азамат “Б-ның” үйі. Содан Азамат “Б” соманы төлеу бойынша міндетін уақытында өтемейді де, азаматша “А” сот орындаушыларына жүгінеді. Сот орындаушылары азамат “Б-да” жоғарыда аталған үйден басқа мүлкі жоқ екенің анықтайды. Қазақстан Республикасының “Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы” Заңның 35 бабының 3 тармағын басшылыққа алып сот орындаушысы аталған үйді азаматша “А-ға” ешқандай сатуды өткізбей-ақ береді. Бір қызығы аталған үйдің бағасы өндірілетін сомадан көбірек болады. Сондықтан азаматша “А” өзінің өндірілетін сомасынан асқан соманы сот орындаушылардың дипозиттік шотына салады. Сот орындаушысы үйді азаматша “А-ның” меншігіне беру туралы қаулы қабылдайды. Алайда аталған қаулыны тіркеуші органға апарғанда үй кепілде тұрғаны анықталып, қаулы тіркелусіз қалады. Енді азаматша “А” аталған үйге өзінің меншік құқығын тануды, кепілді жарамсыз деп тануды сұрап сотқа жүгінеді. Осы жерде айтайын дегенім жоғарыда көрсетілген заңның 35 бабының 3 тармағы Конституциямыздың 26 бабының 3 тармағына қайшы келеді деп санаймын. Дәлірек айтатын болсақ аталған заңда “Борышкерде берешекті өтеу үшін жеткілікті ақша қаражаты болмаған жағдайда ол борышкерге тиесілі басқа мүліктен өндіріліп алынады. Өндіріп алушының келісімімен сот орындаушысы мүлікті алдын ала бағалап, оны сатпай сол қалпында беруге хақылы” делінген. Ал, Конституцияда “Соттың шешімінсіз ешкімді де өз мүлкінен айыруға болмайды” деп көрсетілген. Осы мәселе бойынша өз ойларынызды жазуға шақырамын. :contract: Цитата
PRESIDENT Опубликовано 24 Декабря 2007 Жалоба Опубликовано 24 Декабря 2007 Менімше ешқандай қайшылық жоқ өйткені атқарушы құжаттар СОТпен беріледі ал сот шешімін орындау ретімен сот орындаушылары айналысады. Аталған заңды жүйелік түрде қарастыру қажет. Цитата
Гость Aydos Опубликовано 24 Декабря 2007 Жалоба Опубликовано 24 Декабря 2007 Менің ойымша да, ешқандай қайшылық жоқ, біріншіден сотпен шығарылған бейбіт келісім орындалмаған, екіншіден Б-ның төлейтін басқа мүлкі жоқ, сондықтан сот орындаушыларының қаулысымен берілгені дұрыс деп ойлаймын. Цитата
Гость Сократ Опубликовано 24 Декабря 2007 Жалоба Опубликовано 24 Декабря 2007 Менде келісем, бұл жерде ешқандай да заңда қайшылық жоқ. Өйткені, азамат Б соттың шешімі бойынша уақытылы төлемақысын төлей алмады. Азамат Б-ның басқа мүлкі болмаған соң, оны сатуға тура келген. Бірақ, әңгіменің басы ашылмаған, азамат Б азамат А-ға не үшін қарыз еді? :contract: Цитата
Гость NurYel Опубликовано 24 Декабря 2007 Жалоба Опубликовано 24 Декабря 2007 Менде келісем, бұл жерде ешқандай да заңда қайшылық жоқ. Өйткені, азамат Б соттың шешімі бойынша уақытылы төлемақысын төлей алмады. Азамат Б-ның басқа мүлкі болмаған соң, оны сатуға тура келген. Бірақ, әңгіменің басы ашылмаған, азамат Б азамат А-ға не үшін қарыз еді? Құрметті достар, сендерге көп рахмет ой бөліскендеріне. Азамат Б үйін сатпақшы болады да Азаматша А екеуі кепілпұл шартын жасайды (Соглашение о задатке). Келіскен ақшаның 50 пайыздан астамы төленіп қалған бөлігі төленбей қалады. Сөйтіп сотта Азамат Б кепілпұлды қайтарып беруге, ал Азаматша А үйді босатуға келіседі. Менің ойымша сот орындаушы мировое соглашениени орындау керек еді. Үйдің бағасы өндірілетін сомадан көбірек болғандықтан, үйді сату керек еді де артылған ақшаны борышкерге қайтару керек еді. Олай дейтінім себебі Қазақстан Республикасының “Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы” Заңның 35 бабының 4 тармағын қараныздар. Не болмаса, сот орындаушысы аталған заңның 13 бабына сәйкес шешім орындалуының тәсілі мен тәртібі өзгерту туралы ұсыныспен сотқа шығу керек еді. Осы толықтырулардан кейін не ойлайды екенсіздер? Цитата
Рекомендуемые сообщения
Join the conversation
You can post now and register later. If you have an account, sign in now to post with your account.
Note: Your post will require moderator approval before it will be visible.