Перейти к контенту
КАЗАХСТАНСКИЙ ЮРИДИЧЕСКИЙ ФОРУМ

Заңдарымыздағы қарама-қайшылық немесе атқару өндірісіндегі мәселе


Гость NurYel

Рекомендуемые сообщения

Құрметті оқырман қауым Сіздермен ой бөліссем деген ниетпен осы мақаланы жазып отырмын. Бірде азаматтық іске қатысып отырып мынадай жағдайға куә болдым. Мәселе түсінікті болу үшін біраз мән-жайлардың басын ашайын.

Азаматша “А” мен азамат “Б” екеуі сот процессінде бейбіт келісім жасаған және оны сот бекіткен. Ол бойынша азамат “Б” азаматша “А-ға” белгілі соманы бір уақытта беруге міндеттенеді, ал азаматша “А” өз кезегінде ақшаны алғаннан кейін үйді босатуға міндеттенді.

Негізінде аталған үй заң бойынша азамат “Б-ның” үйі. Содан Азамат “Б” соманы төлеу бойынша міндетін уақытында өтемейді де, азаматша “А” сот орындаушыларына жүгінеді. Сот орындаушылары азамат “Б-да” жоғарыда аталған үйден басқа мүлкі жоқ екенің анықтайды. Қазақстан Республикасының “Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы” Заңның 35 бабының 3 тармағын басшылыққа алып сот орындаушысы аталған үйді азаматша “А-ға” ешқандай сатуды өткізбей-ақ береді. Бір қызығы аталған үйдің бағасы өндірілетін сомадан көбірек болады. Сондықтан азаматша “А” өзінің өндірілетін сомасынан асқан соманы сот орындаушылардың дипозиттік шотына салады.

Сот орындаушысы үйді азаматша “А-ның” меншігіне беру туралы қаулы қабылдайды. Алайда аталған қаулыны тіркеуші органға апарғанда үй кепілде тұрғаны анықталып, қаулы тіркелусіз қалады.

Енді азаматша “А” аталған үйге өзінің меншік құқығын тануды, кепілді жарамсыз деп тануды сұрап сотқа жүгінеді.

Осы жерде айтайын дегенім жоғарыда көрсетілген заңның 35 бабының 3 тармағы Конституциямыздың 26 бабының 3 тармағына қайшы келеді деп санаймын. Дәлірек айтатын болсақ аталған заңда “Борышкерде берешекті өтеу үшін жеткілікті ақша қаражаты болмаған жағдайда ол борышкерге тиесілі басқа мүліктен өндіріліп алынады. Өндіріп алушының келісімімен сот орындаушысы мүлікті алдын ала бағалап, оны сатпай сол қалпында беруге хақылы” делінген. Ал, Конституцияда “Соттың шешімінсіз ешкімді де өз мүлкінен айыруға болмайды” деп көрсетілген.

Осы мәселе бойынша өз ойларынызды жазуға шақырамын. :contract:

Ссылка на комментарий
Поделиться на других сайтах

Менімше ешқандай қайшылық жоқ өйткені атқарушы құжаттар СОТпен беріледі ал сот шешімін орындау ретімен сот орындаушылары айналысады. Аталған заңды жүйелік түрде қарастыру қажет.

Ссылка на комментарий
Поделиться на других сайтах

Менің ойымша да, ешқандай қайшылық жоқ, біріншіден сотпен шығарылған бейбіт келісім орындалмаған, екіншіден Б-ның төлейтін басқа мүлкі жоқ, сондықтан сот орындаушыларының қаулысымен берілгені дұрыс деп ойлаймын.

Ссылка на комментарий
Поделиться на других сайтах

Менде келісем, бұл жерде ешқандай да заңда қайшылық жоқ. Өйткені, азамат Б соттың шешімі бойынша уақытылы төлемақысын төлей алмады. Азамат Б-ның басқа мүлкі болмаған соң, оны сатуға тура келген. Бірақ, әңгіменің басы ашылмаған, азамат Б азамат А-ға не үшін қарыз еді? :contract:

Ссылка на комментарий
Поделиться на других сайтах

Менде келісем, бұл жерде ешқандай да заңда қайшылық жоқ. Өйткені, азамат Б соттың шешімі бойынша уақытылы төлемақысын төлей алмады. Азамат Б-ның басқа мүлкі болмаған соң, оны сатуға тура келген. Бірақ, әңгіменің басы ашылмаған, азамат Б азамат А-ға не үшін қарыз еді? :contract:

Құрметті достар, сендерге көп рахмет ой бөліскендеріне.

Азамат Б үйін сатпақшы болады да Азаматша А екеуі кепілпұл шартын жасайды (Соглашение о задатке). Келіскен ақшаның 50 пайыздан астамы төленіп қалған бөлігі төленбей қалады. Сөйтіп сотта Азамат Б кепілпұлды қайтарып беруге, ал Азаматша А үйді босатуға келіседі.

Менің ойымша сот орындаушы мировое соглашениени орындау керек еді. Үйдің бағасы өндірілетін сомадан көбірек болғандықтан, үйді сату керек еді де артылған ақшаны борышкерге қайтару керек еді. Олай дейтінім себебі Қазақстан Республикасының “Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы” Заңның 35 бабының 4 тармағын қараныздар.

Не болмаса, сот орындаушысы аталған заңның 13 бабына сәйкес шешім орындалуының тәсілі мен тәртібі өзгерту туралы ұсыныспен сотқа шығу керек еді.

Осы толықтырулардан кейін не ойлайды екенсіздер?

Ссылка на комментарий
Поделиться на других сайтах

Join the conversation

You can post now and register later. If you have an account, sign in now to post with your account.
Note: Your post will require moderator approval before it will be visible.

Гость
Ответить в этой теме...

×   Вы вставили отформатированный текст.   Удалить форматирование

  Допустимо не более 75 смайлов.

×   Ваша ссылка была автоматически заменена на медиа-контент.   Отображать как ссылку

×   Ваши публикации восстановлены.   Очистить редактор

×   Вы не можете вставить изображения напрямую. Загрузите или вставьте изображения по ссылке.

  • Недавно просматривали   0 пользователей

    • Ни один зарегистрированный пользователь не просматривает эту страницу.
  • Upcoming Events

    No upcoming events found
  • Recent Event Reviews

×

Важная информация

Правила форума Условия использования