Перейти к контенту
КАЗАХСТАНСКИЙ ЮРИДИЧЕСКИЙ ФОРУМ

Упрощенка


Рекомендуемые сообщения

Саламатсыздарма.

Биздин мекеменин кириси айтарлыктай коп емес. Соган орай упрощеннный режимге откимиз еледи. Бухгалтердин болмауына байланысты бух. комек корсетуши мекеме бухгалтерлери (осындай мекемелер кызметин пайдаланамыз) казирги танда онын типти кажети жок, бари-бир сол тасил, кужаттар, кыскасы "керек емес"-дегендей кылады. Осыган жауап берсениздер: - мекеменин ашылганына жарты жыл болды упрошенный режимге отудин не тимдили бар жане керсинше? :biggrin:

Откен жылга карызбен шакканбаз. :angel:

Рахмет.

Ссылка на комментарий
Поделиться на других сайтах

Гость Айдос Сайланбайұлы

Саламатсыздарма.

Биздин мекеменин кириси айтарлыктай коп емес. Соган орай упрощеннный режимге откимиз еледи. Бухгалтердин болмауына байланысты бух. комек корсетуши мекеме бухгалтерлери (осындай мекемелер кызметин пайдаланамыз) казирги танда онын типти кажети жок, бари-бир сол тасил, кужаттар, кыскасы "керек емес"-дегендей кылады. Осыган жауап берсениздер: - мекеменин ашылганына жарты жыл болды упрошенный режимге отудин не тимдили бар жане керсинше? :clap:

Откен жылга карызбен шакканбаз. :clap:

Рахмет.

Сәлеметсіз бе Қарлығаш?

Сұрағыңыз түсініксіз болып тұр? Фирмаларыңыз немен айналысады? Қазіргі кезде қандай режимде жұмыс жасайды? Фирмаларыңыз (шағын, орта, ірі ) қандай субъекті?

Ссылка на комментарий
Поделиться на других сайтах

Саламатсыз ба Айдос Сайланбайұлы.

Жайгана ТОО, Интернет жуйесинде кызмет корсетемиз (кыскасы разработки веб-сайтов). Акша айналымы орташа, казир неупрощенный режим, а тагыда НДСтолеушисимиз. Олда болса бух. есеси, себеби ОКЭД уактында дурыс берилмеген, соган орай бизди НДС-ке отыргызан. Типти басым жетпейди, кыскасы ар алган- сатканыма, барган -келгениме кагаз алам (чек, счет-фактура т.б.)да журем. Кулетинде шыгарсыздар шынын айтсам тым тусинбеймин бухгалтерияга. :sarcasm:

Жалпы, "Упрощенный режим"- деген не? :sarcasm: -соны казак тилинде тусиндириниш ши.

Жауабыныз ушин рахмет.

Ссылка на комментарий
Поделиться на других сайтах

Саламатсыз ба Айдос Сайланбайұлы.

Жайгана ТОО, Интернет жуйесинде кызмет корсетемиз (кыскасы разработки веб-сайтов). Акша айналымы орташа, казир неупрощенный режим, а тагыда НДСтолеушисимиз. Олда болса бух. есеси, себеби ОКЭД уактында дурыс берилмеген, соган орай бизди НДС-ке отыргызан. Типти басым жетпейди, кыскасы ар алган- сатканыма, барган -келгениме кагаз алам (чек, счет-фактура т.б.)да журем. Кулетинде шыгарсыздар шынын айтсам тым тусинбеймин бухгалтерияга. :druzja:

Жалпы, "Упрощенный режим"- деген не? :sarcasm: -соны казак тилинде тусиндириниш ши.

Жауабыныз ушин рахмет.

Салықты төлеудің ОҢАЙЛАТЫЛҒАН тәртiбi жөнінде ҚР салық кодексінің

64-тарау. Шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режиміне
назар аударыңыз :sarcasm:
Ссылка на комментарий
Поделиться на других сайтах

Гость Айдос Сайланбайұлы

Саламатсыз ба Айдос Сайланбайұлы.

Жайгана ТОО, Интернет жуйесинде кызмет корсетемиз (кыскасы разработки веб-сайтов). Акша айналымы орташа, казир неупрощенный режим, а тагыда НДСтолеушисимиз. Олда болса бух. есеси, себеби ОКЭД уактында дурыс берилмеген, соган орай бизди НДС-ке отыргызан. Типти басым жетпейди, кыскасы ар алган- сатканыма, барган -келгениме кагаз алам (чек, счет-фактура т.б.)да журем. Кулетинде шыгарсыздар шынын айтсам тым тусинбеймин бухгалтерияга. :sarcasm:

Жалпы, "Упрощенный режим"- деген не? :sarcasm: -соны казак тилинде тусиндириниш ши.

Жауабыныз ушин рахмет.

Қарлығаш сіздің компаңызда қазақ тілі орнатылмаған ба? Сұрағыңыздың жартысы орысша,жартысы қазақша қызық екен.

Сізге салық кодексін қарап шығу керек.

Міне, Оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық режимi қазақ тілінде:

4. Оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық режимi

376-бап. Жалпы ережелер

1. Оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық режимiне салық кезеңi басталғанға дейiн көшу үшiн шағын бизнес субъектілерi өз қызметiн жүзеге асыратын жерi бойынша салық органына уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысанда өтiнiш бередi.

Қызметiн бір елді мекен шегіндегі деген әртүрлi аумақтық-әкiмшiлiк бiрлiктерде орналасқан бiрнеше объектiлерде жүзеге асырған кезде салық төлеушi оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануға өтiнiш беру үшiн салық органын дербес анықтайды.

2. Мынадай талаптарға сай келетiн шағын бизнес субъектiлерi:

1) жеке кәсіпкерлер үшiн:

жеке кәсiпкердің өзiн қоса алғанда, қызметкерлердің шектi орташа тiзiмдiк саны салық кезеңi iшiнде жиырма бес адам болса;

салық кезеңi iшiнде шектi табысы 10 000 000 теңге болса;

2) заңды тұлғалар үшiн:

қызметкерлердiң шектi орташа тiзiмдiк саны салық кезеңi iшiнде елу адам болса;

салық кезеңi iшiнде шектi табысы 25 000 000 теңге болса, оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық режимiн қолданады.3. Осы баптың 2-тармағында белгiленген талаптарға сай келмеген жағдайларда немесе арнаулы салық режимiнен өз еркiмен шыққан кезде шағын бизнес субъектiсi есептi тоқсаннан кейiнгi тоқсаннан бастап өтiнiш негiзiнде салықты есептеу мен төлеудiң жалпыға бiрдей белгiленген тәртiбiне көшедi.

Жеке кәсiпкер осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында белгiленген талаптар өзгерген жағдайда (көрсеткiштер асып кетсе) ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген кездегі заңды тұлға ретінде оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануға құқылы.

4. Салықты есептеу мен төлеудiң жалпыға бiрдей белгiленген тәртiбiнен оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық режимiне көшкен кезде әлеуметтiк, корпорациялық салық немесе жеке табыс салығын төлеу және олар бойынша есептiлiктi тапсыру жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.

377-бап. Оңайлатылған декларация негiзiнде бюджетпен есеп айырысу тәртiбi

1. Салықты оңайлатылған декларация негiзiнде есептеудi шағын бизнес субъектiсi салық салу объектiсiне есептi салық кезеңiне тиiстi салық ставкасын қолдану арқылы дербес жүргiзедi.

2. Егер есептi кезеңнiң қорытындысы бойынша жалдамалы қызметкерлердiң орташа айлық жалақысы Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген ең төменгi айлық жалақының жеке кәсіпкерлердің кемiнде 2 еселенген, заңды тұлғалардың кемiнде 2,5 еселенген мөлшерiндей болса, онда осы баптың 2 немесе 3-тармағына сәйкес салық кезеңi iшiнде есептелген салық сомасы, қызметкерлердiң орташа тiзiмдiк санын негiзге ала отырып, әрбiр қызметкер үшiн салық сомасының 1,5 процентi мөлшерiндегi сомаға азайтылу жағына қарай түзетiлуге тиiс.

5. Табыстың шектi мөлшерi осы Кодекстiң 376-бабының 2-тармағында белгiленгеннен асып кеткен жағдайда, салық сомаларын есептеу табысың шектi сомасынан және нақты алынған табыс сомасынан жеке-жеке жүргiзiледi. Салықтың осы сомаларының арасындағы айырма осы баптың 4-тармағында көзделген түзетусiз бюджетке төленуге тиiс.

Осы баптың 4-тармағында көзделген түзетуге табыстың шектi сомасынан есептелген салық сомасы ғана жатады.

6. Шектi орташа тiзiмдiк сан осы Кодекстiң 376-бабының 2-тармағында белгiленгеннен асып кеткен жағдайда, осы баптың 4-тармағында көзделген түзету осы Кодекстiң 376-бабының 2-тармағында белгiленген шектi орташа тiзiмдiк санға ғана жүргiзiледi.

7. Оңайлатылған декларация тоқсан сайын, есептi салық кезеңiнен кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрiлмей, салық органына табыс етiледi.

8. Оңайлатылған декларация бойынша есептелген салықты бюджетке төлеу жеке (корпорациялық) табыс салығы және әлеуметтiк салық түрiнде бiрдей үлеспен есептi салық кезеңiнен кейiнгi айдың 25-iнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде жүргiзiледi.

Жеке(корпорациялық) табыс салығы оңайлатылған декларация салығының есептелген соммасының ½ мөлшерінде төлеуге жатады, әлеуметтік салық оңайлатылған декларация салығының есептелген соммасының ½ мөлшерінен, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының әлеуметтік төлемдерін алып тастағанға тең болады.

9. Оңайлатылған декларацияны табыс ету және салықтарды төлеу оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануға өтiнiш берген жерi бойынша салық органында жүргiзiледi.

Қосымша құн салығы туралы (НДС) 208- бапты қараңыз.

Ссылка на комментарий
Поделиться на других сайтах

Join the conversation

You are posting as a guest. If you have an account, sign in now to post with your account.
Note: Your post will require moderator approval before it will be visible.

Гость
Ответить в этой теме...

×   Вы вставили отформатированный текст.   Удалить форматирование

  Допустимо не более 75 смайлов.

×   Ваша ссылка была автоматически заменена на медиа-контент.   Отображать как ссылку

×   Ваши публикации восстановлены.   Очистить редактор

×   Вы не можете вставить изображения напрямую. Загрузите или вставьте изображения по ссылке.

  • Недавно просматривали   0 пользователей

    • Ни один зарегистрированный пользователь не просматривает эту страницу.
  • Upcoming Events

    No upcoming events found
  • Recent Event Reviews

×

Важная информация

Правила форума Условия использования