Гость Madi.75 Опубликовано 24 Апреля 2005 Жалоба Опубликовано 24 Апреля 2005 Орыс тілін жақсы меңгергенмін, бірақ өз ана тіліңде кеңес алғанға не жетсін. Сұрағым, акционердің қолындағы 40 пайыздың шамасындағы акцияны қалай оның еркінен тыс алуға болады? Әрине сот арқылы бірақ қандай негіздермен? Цитата
Гость Извините Опубликовано 25 Апреля 2005 Жалоба Опубликовано 25 Апреля 2005 Сұрағын біраз ерсі екен, "еркінен тыс". Ертеңгі күні бір-бірімізден, еркімізден тыс мүліктерімізді алып тұрсақ, ол қалай болады. Бұндай сұраққа жауап іздеп қазақтарды шақырғанына не жол. Цитата
Гость lawyer мырза Опубликовано 25 Апреля 2005 Жалоба Опубликовано 25 Апреля 2005 Дұрыс сұрақ койып жатыр ғой, неге "ерсі"? Баурым, сен ондайынды қой, орекерлерге сатылып кеттін бе? Цитата
Гость Извините Опубликовано 25 Апреля 2005 Жалоба Опубликовано 25 Апреля 2005 Несі дұрыс. Орекелердің бұған не қатысы бар. Цитата
Гость Извините Опубликовано 28 Апреля 2005 Жалоба Опубликовано 28 Апреля 2005 Басқа сұрақтарын жоқ па. Цитата
Гость Madi.75 Опубликовано 29 Апреля 2005 Жалоба Опубликовано 29 Апреля 2005 Сұрағын біраз ерсі екен, "еркінен тыс". Ертеңгі күні бір-бірімізден, еркімізден тыс мүліктерімізді алып тұрсақ, ол қалай болады. Бұндай сұраққа жауап іздеп қазақтарды шақырғанына не жол. Ерсі ештеңе көріп тұрған жоқпын, ұнамайтын, акционерлік қоғамның жұмысын кері тартатын, жаңа Заң қабылдануына байланысты, қайта құрылуға қарсы дауыс беретін, Қоғамды таратуды, сөйтіп дүние мүлікті талан-таражға салуды көздейтін, кезінде акцияларды улкен көкелерінің арқысанды алып қалған, қулардан еркінен тыс құтылғанда тұрған не бар екен? Орыстарда не "дружественный захват" деген бар, бірақ бұл оған жатпайды, керісінше алданып қалған қарапайым халық өкілдерінің өз мүліктерін өздеріне алып беру. 13.05.2003 жылы қабылданған "Акционерлік қоғамдар туралы" Заңнан хабарларыңыз бар ма? Осы Заң бойынша акционерлік қоғамдар өздерінің жарғылық қорларын 5000 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін көтерулері қажет, болмаса ол Қоғам ЖШС, не Өндірістік кооператив болып қайта құрылуы тиісті, тіпті болмаса таратылуға жатады. Ал енді жарғылық қорды көтеруге, ЖШС, ӨК болып қайта құрылуға, блікті көпшілік, яғни акционерлердің 75 пайызы дауыс беруі қажет. Осы дауыс жиналмаса Қоғам таратылады, ал тартылса оның дүние мүлкі, пышақ үстінен бөлініп алып, жұмысшылар қаңғып жұмыс іздеп кетеді деген сөз. Бұның өзі менің ойымша, кезінде акцияларды болар-болмас ақшаға сатып алғандар үшін өте қолайлы болып тұр. Мысалы, бір адамның қолында 27 пайыз акция бар делік, ол тартудан басқа жолдардың бәріне қарсы дауыс берсе, Қоғам таратылып, ол қоғамның дүние-мүлкінің 27 пайызын алады. Ал егер Қоғам тартылмай жұмыс жасап тұратын болса, ол тек таза пайдадан үлесін алып отырады. Бұл олар үшін тиімсіз, ал халық үшін тиімді. Цитата
Гость Извините Опубликовано 3 Мая 2005 Жалоба Опубликовано 3 Мая 2005 Біріншіден, акцияларды қандай жолмен алса да қазіргі кезде сол акциялардың заңды иесі сол тұлға болып қала береді, ал егер де кей күмәніңіз оныңызды заңды жолмен дәлелдеңіз. Көріп тұрғаныңыздай сұрағыңыз басқа жерде, ал мәселе екінші жерде. Сондықтан да сұрақты дұрыс қою керек. Екіншіден, АҚ болсын ЖШС бәрібір сол акционердің қолында бәрібір үлес көлемі қала береді. Үшіншіден, не болса да қанша дегенмен сол акционердің өз еркі болуы тиіс қой. (дауыс беремін береді, бермеймін десе бермейді)№ Цитата
Гость Madi.75 Опубликовано 5 Мая 2005 Жалоба Опубликовано 5 Мая 2005 Мен сұрақты дұрыс қойдым деп ойлаймын. Біріншіден бағалы қағаздарды сату-сатып алу туралы мәмілелерді жарамсыз, яғни заң талаптарына қайшы жасалған деп тану туралы сотқа талап арыз жолданды. Екіншіден біздер талап арызда бірнеше негіздер көрсеттік. Бірақ осы пікірталасқа қатысушылардың арасында, осындай істер бойынша тәжірибесі барлардың ақыл, кеңестерін білгім келеді. Өзіңіздің ондай тәжірибеңіз болса, ортаға салыңыз. Қандай жолмен алсада заңды иесі болып қала береді деген қызық екен, олай болса Азаматтық Кодекстегі мәмілелерді жарамсыз деп танудың негіздеріне арналған зан нормалары неге керек. Тек сол акциялардың заңсыз алынғанын дәлелдеудің қандай жолдары бар. Білгенімнің үстіне, Сіздер ақыл қоссаңыздар нұр үстіне нұр болған болар еді. Болмаса қандай жолмен алсада заңдлы иесі болып қалатындығын қалай дәлелдейсіз? Цитата
Гость Madi.75 Опубликовано 5 Мая 2005 Жалоба Опубликовано 5 Мая 2005 Сонымен қатар осы форумдағы, қазақ тілді қазақ бауырларымды, қазақ тілінде пікірталасты жандандыруға атсалысуға шақырамын. Қазақтардыңда айтар көп деп ойлаймын. Цитата
Гость Gumi Опубликовано 4 Июня 2005 Жалоба Опубликовано 4 Июня 2005 Сонымен қатар осы форумдағы, қазақ тілді қазақ бауырларымды, қазақ тілінде пікірталасты жандандыруға атсалысуға шақырамын. Қазақтардыңда айтар көп деп ойлаймын. Армысың бауырым, Мади!!!! Сенің осындай патриоттық сезіммен осы форумда қазақша пікір талас тудыру арқылы қазақ бауырларымызды өз тілінде өз ойларын білдіруге, ортақтасуға шақырып жатқаныңа менің төбем біраз жерге жеткендей болды! дұрыс айтасың, өзге тілді де сайраған жақсы, бирақта өз тіліңде сайрап, жалпақ қазақ тілінде арқаңды кеңге жайып сайрағанға не жетсін, шіркін!!! Мен біраз форумдар да, чаттар да болып келемін, бірақта осындай ұрандарды кездестірмедім.. :( :( Қанша қазақ сайты болғанымен ондағы әңгімелер орыс тілінде өрбіп кеткен...Мен бір қызық айтайын: қай сайтта екенін айтпай-ақ қояйын, сол бір сайтта мен форумда қазақша сол өз еліміздің мәдениетін, өнерін қазақ тілінде пікірталас жүргізу жөнінде тақырып ашқанмын... Сол форумда қазақтар жоқ емес, керісінше, 88 пайызы қазақтар ғана.... Сол тақырыпты ашқаным сол-ақ екен, өз бауырларымыз маған тарпа бас салды емес пе.. :( :( Осыншама түсіндіргендей болдым, бірақта оны түсінетін бір жан табылмағаны мені қатты қынжылтты...Бірақ амал қанша.....(((((( Оның қасында заңда да қазақ тілінде сөйлеу жөнінде қарастырылды емес пе...:! осы қазақ тілінде пікірталасты жандандыруға да әне бір қатты қозғалыс жоқ екен.... соңғы күн мерзіміне қарап отырсам, одан кейінде біраз уақыт өткен екен.... Цитата
Рекомендуемые сообщения
Join the conversation
You can post now and register later. If you have an account, sign in now to post with your account.
Note: Your post will require moderator approval before it will be visible.