Перейти к контенту
КАЗАХСТАНСКИЙ ЮРИДИЧЕСКИЙ ФОРУМ

Уголовное дело


Рекомендуемые сообщения

Уважаемый форумчане. Пожалуйста помогите мне грамотно составить апелляционную жалобу на НЕЗАКОННЫЙ приговор Аль-Фарабийского районного суда г.Шымкента.

Дело в том, что мой отец Сапарбеков К. 30.11.2008 года занял у Багисбековой Нуржамал 1 200 000 тенге для собственных нужд под 10 процентов в месяц, и должен был вернуть 30 марта 2009 года. У нотариуса был оформлен договор займа на вышеуказанную сумму, но в договоре проценты не оговорили. Однако в силу различных обстоятельств отец не смог вернуть эти деньги. От долга отец никогда не отказывался.

Поскольку отец не мог в течении трех лет вернуть долг, Багисбекова Нуржамал решила вернуть свои деньги другим путем. Она уговорила свою родственницу Багисбекову Малику и знакомую Ескараеву Кульманат (состоящую на учете в психдиспансере) о том, чтобы они обратились с правоохранительные органы с заявлением о том, что мой отец и мать обещали им за 600 000 тенге и 924 000 тенге оформить на них по 8 соток земли в мкр. Самал-3 г.Шымкента, и якобы эти деньги они дали без расписки моим родителям (для справки 8 соток земли осенью 2008 года в мкр.Самал-3 стоило всего лишь 2000 (две тысячи) долларов США. Те согласились и они втроем в ноябре 2011 года подали заявления о ВУД в отношении моих родителей за мошеничество в крупной размере. Стать свидетелями при получении этих денег они призвали сестру Малики – Ульмиру и знакомого Калиева Нуралан. Они расчитывали, поскольку ранее моя мать была осуждена по ст.177 ч.3 УК РК, то нужно и ее привлечь в качестве обвиняемой, и таким образом рассчитывали получить не только 1 200 000 тенге, которую мой отец действительно брал, но сверху и 600 000 плюс 924 000 тенге, которые мои родители вообще не брали.

Следователи дважды выносили постановление об отказе в ВУД, но под давлением прокурора района дело возбудили и направили в суд. В ходе предварительного следствия мой отец предложил Багисбековой Нуржамал погасить свой долг автомашиной ДАЕВУ МАГНУС 2001 г.в., которую он оценил за 8000 долларов СШВ, т.е. как раз за 1 200 000 тенге. Однако Нуржамал получив все документы на эту машину и ключи через месяц вернул их, сказав, что первую очередь необходимо заплатить Ескараевой К. 974 000 тенге и Багисбековой Малике 600 000 тенге. Однако эти суммы мои родители у них никогда не брали.

На суде наши адвокаты просили вынести оправдательный приговор, так как доказательство вины родителей отсутствует. Между моим отцом и Багисбековой Нуржамал имеются гражданские правоотношения.

Приговором суда мои родители были незаконно осуждены на 5,8 и 4 года соответственно.

Все необходимые Вам материалы я могу предоставить.

К приговору суда я приложил и некоторые судебные акты, касательно Ескараевой Г.

С уважением Сапарбеков Галымжан Кабылбекович., тел 87023907902

13 тамыз 2012 жыл

Ү К І М

Қ А З А Қ С Т А Н Р Е С П У Б Л И К А С Ы А Т Ы Н А Н

Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық соты

Құрамында төрайымдық етуші судья Ахметова Т.З., хатшылықта А.Кошенов, прокурор Ш.Аршабаев, адвокаттар К.Даубаев, Е.Емешев, М.Жұмағұловтың қатысуымен өзінің басты ашық сот талқылауында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 177 бабы 3 бөлігі «б» тармағы, 177 бабы 2 бөлігі «а,б» тармақтарымен айыпталып сотқа берілгендер:

1.Кандазаева Раушан Тастемировнаға, 22.08.1962 жылы ОҚО туылған, ұлты қазақ, отбасылы, білімі жоғары, бұлтартпау шарасы «ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау», айыптау қорытындысының көшірмесін алған;

2. Сапарбеков Кабилбек Балгабаевичке, 04.12.1961 жылы ОҚО туылған, ұлты қазақ, отбасылы, Қазақстан Республикасының азаматы, білімі жоғары, бұрын сотты болмаған, мекенжайы: Шымкент қаласы Чапаев көшесі №2-в үй, №14 пәтер; бұлтартпау шарасы «ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау», айыптау қорытындысының көшірмесін алған;

А н ы қ т а ғ а н ы:

2008 жылдың тамыз айында сотталушылар Р.Кандазаева мен оның зайыбы К.Сапарбеков бөтеннің мүлкін сеніміне кіріп, ірі мөлшерде алдын ала сөз байласып ұрлау мақсатында, өзінің танысы -Шымкент қаласы Төле би көшесі «Акбар» базарындағы дүңгіршектің егесі жәбірленуші К.Ескараеваға келіп, оған «Шымкент қаласы «Самал-3 мөлтекауданынан жер учаскесін әпереміз» деп уәде беріп, 724 000 теңгесін және 200 000 теңгесін алдап алып, өздерінің автокөлігіне отырғызып, Самал-3 мөлтекауданына ертіп барып, бір бос жерді көрсетіп, «құжаттарын әкімшіліктен дайындап береміз» деп, алаяқтық жасап, қайтармай кеткен.

30 қараша 2008 жылы сотталушылар Р.Кандазаева мен К.Сапарбеков бөтеннің мүлкін бірнеше рет сеніміне кіріп, ірі мөлшерде алдын ала сөз байласып ұрлау мақсатында, жәбірленуші Н.Багисбековаға «Самал-2 мөлтекауданынан 2 жер учаскесін әпереміз» деп уәде беріп, 1 200 000 теңгесін алдап алып, Самал-2 мөлтекауданына өздерінің автокөлігіне отырғызып ертіп барып, бір бос жерді көрсетіп, «құжаттарын әкімшіліктен дайындап береміз» деп уәде еткен. Содан соң Н.Багисбекованың айтуымен Шымкент қаласы Тәуке хан даңғылы бойындағы нотариус С.Амирхановаға барып, келісім шартты К.Сапарбеков жасайтынын айтып, 30.11.2008жылы Н.Багисбекова мен К.Сапарбеков арасында келісім шарт жасалып болған соң, осы уақытқа дейін ақшаны қайтармаған.

05 желтоқсан 2008 жылы сотталушылар Р.Кандазаева мен К.Сапарбеков бөтеннің мүлкін сеніміне кіріп, бірнеше рет алдын ала сөз байласып ұрлау мақсатында, Шымкент қаласы Төле би көшесі «Акбар» базарындағы №20 дүңгіршекте жұмыс істеп жүрген жәбірленуші М.Багисбековаға оның танысы К.Ескараевамен келіп, оған «Самал-3 мөлтекауданынан жер учаскесін әпереміз» деп уәде беріп, 600 000 теңгесін алдап алып, Самал-3 мөлтекауданына өздерінің автокөлігіне отырғызып, ертіп барып, бір бос жерді көрсетіп, «құжаттарын әкімшіліктен дайындап береміз» деп, алаяқтық жасап, қайтармай кеткен.

Осылай сотталушылар Р.Кандазаева мен К.Сапарбеков алдын ала сөз байласып, бөтеннің мүлкін бірнеше рет сеніміне кіріп ірі мөлшерде ұрлап, ҚР ҚК-нің 177 бабы 3 бөлігі «б» пунктінде көрсетілген қылмысты жасап, жәбірленушілер К.Ескараеваға 924 000 теңге, Н.Багисбековға 1 200 000 теңгеге мүліктік зиян келтірген.

Осылай сотталушылар Р.Кандазаева мен К.Сапарбеков бөтеннің мүлкін алдын ала сөз байласып бірнеше рет сеніміне кіріп ұрлап, ҚР ҚК-тің 177 бабы 2 бөлігі «а,б» тармағында көрсетілген қылмысты жасап, жәбірленуші М.Багисбековаға 600 000 теңгеге зиян келтірген.

Сотта сотталушы Р.Кандазаева қылмысын мойындамай, былай деп жауап берді, К.Ескараева - сіңлісі Райханның жолдас қызы болған, онымен жақсы қарым -қатынаста болғанын жасырмайды. Алайда өзі қылмыс жасамаған, 2008 жылы зайыбы К.Сапарбеков Н.Багисбековадан 1 200 000 теңге қарыз алған, оны нотариус арқылы куәлендірген. Нотариусқа Н.Багисбекова К.Ескараевамен келген, заем шартын жасап болған соң, Н.Багисбекова ақшаны бірден бермеген: далаға шыққан соң ақшаны К.Ескараева 1 000 000 теңгесін беріп, 200 000 теңгесін үстеме деп ұстап қалған. М.Багисбекованы танымайды, К.Ескараевадан ақша алмаған, оларға «жер әперемін» деп уәде етпеген. Соттан өзін ақтауды сұрады.

Сотта сотталушы К.Сапарбеков қылмысын мойындамай, былай деп жауап берді, ешкімге жер әперемін деп уәде етпеген, 2008 жылы нотариуске барып, Н.Багисбековадан қарыз сұрап, заем шартына қолын қойып, далада К.Ескараевадан 1 000 000 теңге ақша алған, ол 200 000 теңгесін үстеме деп ұстап қалған. М.Багисбекованы танымайды, К.Ескараевадан ақша алмаған. Қарызын беру үшін тергеуде өзінің автокөлігін 8000 долларға бағалап, Н.Багисбекова мен М.Багисбековаға берген, алайда ол екеуі ақшаны бөлісіп ала-алмаған. Өзі олардан «жер туралы сөз болған жоқ» деген қолхат жазуды сұраған. Ондай қолхат бермеген соң, автокөлігін алып қойған. Соттан өзін ақтауды сұрайды.

Сотта жәбірленуші Н.Багисбекова былай деп көрсетті, 2008 жылы қараша айында өзінің танысы К.Ескараева келіп, жер учаскесін алайын деп жатқанын, оны өздерінің араласып жүрген танысы- Райханның әпкесі- Р.Кандазаева әперейін деп жатқанын айтқан. Содан соң, Р.Кандазаева мен зайыбы К.Сапарбеков өзіне К.Ескараеваны ертіп келіп, «Самал-2» мөлтекауданынан әкімшілік арқылы жер учаскесін әпере алатынын айтып, көлігіне отырғызып, жерді апарып көрсеткен. Өзі сотталушыларға нотариус арқылы келісім шарт жасайтынын айтып, нотариус С.Амирхановаға барған. Сол жерде Р.Кандазаева өзінің куәлігі жоқ екендігін, заем шартты К.Сапарбеков жасайтынын айтқан. Өзі екеуіне екі жер учаскесі үшін 1 200 000 теңге берген. Олар алғашында жерді әпермеген соң, «ақшаны қайтарамыз» деп уәде берген. Содан соң телефондарын мүлдем көтермей, үйіне іздеп барғанда- табылмаған. Р.Кандазаеваның сіңлісі - Райханнан сұрағанда, ол: «Қызылорда қаласында МКҰ ашты, ақшаңды қайтарады» деп жауап берген. Содан соң олардың әке-шешесінің үйіне іздеп барған. Кейін Р.Кандазаеваның түрмеде екендігін естіген. Түрмеден келген соң, Р.Кандазаева «ақшаңды ала алмайсың» деп жауап берген. Тергеу кезінде К.Сапарбеков ақшасының орнына автокөлік қайтаратын болып, бағасын 8000 долларға бағалап, «К.Ескараева үшеуің бөліп ал, кілтті М.Багисбековаға беремін» деп, автокөліктің кілтін, құжатын М.Багисбековаға берген. Алайда «ақыры сотталамын» деп, қайта автокөлігін алып қойған. Автокөліктің бағасын сұрағанда 4000 долларға жетпейтін ақша болған, өздері оған да үндемей келіскен. Соттан талап арызды өндіруді сұрайды.

Сотта жәбірленуші М.Багисбекова былай деп жауап берді, 2008 жылы желтоқсан айында өзі «Акбар» базарында К.Ескараеваның дүңгіршегінде сауда-саттықпен айналысып болып, қайтып өзіне тапсырып жатқан. Сол кезде К.Ескараевадан оның жер учаскесін алып жатқанын естіген. Бір күні Р.Кандазаева мен К.Сапарбеков автокөлікпен дүңгіршекке К.Ескараеваны ертіп келіп, «Самал-3» мөлтекауданынан жер учаскесін әперетінін айтып, 600 000 теңгесін алған. Содан соң автокөлікпен апарып, учаскелерді көрсеткен. Өзі оларға «нотариусқа бармаймыз ба» дегенде, Р.Кандазаева өзіне : »қайта-қайта нотариуске бере- беретін ақша жоқ» деп айтқан. Тергеу кезінде К.Сапарбеков «кілтті М.Багисбековаға беремін» деп өзіне кілт пен құжаттарды берген, сенбі күні МАИ-ға барып, автокөлікті өзінің атына аудармақшы болғанда, ол жабық болған. Содан соң К.Сапарбеков кілтті қайтып алып қойған, осы үшін ол өзінен «жер туралы сөз болған жоқ» деген қолхат жазуды сұраған. Өзі олай жазудан бас тартқан.

2008 жылы желтоқсан айында өзінің товарларын келесі сатушы- дүңгіршекті алған- Н.Калиевке өткізген, сол кезде 600 000 теңге ақша шыққан, сол ақшаны Р.Кандазаеваға берген. Абысыны –Н.Багисбекова нотариуске барған кезде өзі қосылып барған, алайда сотталушылар тергеуде өзін «танымаймыз» деп айтқан. Ол кезде өзінің жер алатын ойы болмаған. Сотталушылар заем шарты болған соң ғана, «ақшаны қарыз алдық» деп мойындап отыр, ал жазылмаған ақшаны мойындамай отыр. Соттан сотталушыларға заң жүзінде жаза тағайындап, талап арызды өндіруді сұрайды.

Сотта жәбірленуші К.Ескараева былай деп жауап берді, Р.Кандазаеваны 1984 жылдан таниды, оның сіңлісі Райханмен құрбы болған, Райханды ойын –сауық кештерінде Н.Багисбековамен таныстырып, барлығы жақсы араласқан. Р.Кандазаевамен де жақсы қарым-қатынаста болған. 2008 жылы тамыз айында Р.Кандазаева мен зайыбы К.Сапарбеков «Акбар» базарына келіп, ««Самал-3» мөлтекауданынан әкімшілік арқылы жер учаскесін әпереміз» деп уәде берген соң, өзі оларға 824 000 теңге берген, тағы 100 000 теңге керек деген соң, базардағы таныстарынан қарызға ақша сұрап әперген. Сотталушылармен жақсы қарым-қатынаста болған соң, қолхат алмаған. Содан соң арада 3-4 ай өткен соң олар Н.Багисбекова мен М.Багисбековадан ақша алған. Нотарисуке барғанда және дүңгіршекте ақша берген кездерінде қастарында жүрген. Өзі Н.Багисбекова мен М.Багисбековаға: «өздеріңе қалай сенсеңдер, Р.Кандазаеваға солай сеніңдер» деп Р.Кандазаеваны мақтаған. Себебі Кеңес дәуірі кезінде Р.Кандазаева саудада жұмыс істеп, өзіне көп жақсылық жасаған. Оның жер учаскесін алып, үй салып-сатып жүргенін есітіп, көріп-білген. Сондықтан оған сеніп, ақшасын берген және Н.Багисбекова мен М.Багисбековаға да солай айтқан. Алайда жер де жоқ, ақшаны да қайтармаған. Соттан талап арызды өндіруді сұрайды.

Сотта куә Н.Калиев былай деп жауап берді, 2008 жылы желтоқсан айында өзі К.Ескараеваның дүңгіршегін М.Багисбековадан қабылдап алып жатқан кезінде М.Багисбековаға Р.Кандазаева, К.Сапарбеков екеуі келіп,»жер әперемін» деп айтып жатқанын естіген. М.Багисбекова оларға ақша бергенін көрген.

Сотта куә У.Газиз осы тектес жауап берді.

Сотта куә Б.Багисбеков былай деп жауап берді, 2012 жылы маусым айында өзінің шешесі Н.Багисбекова: «К.Сапарбеков ақша орнына автокөлік беретін болды» деп айтқан соң, оның айтуымен өзі, М.Багисбековаға еріп МАИ-ға автокөлікті рәсімдеуге барған. К.Сапарбеков автокөлікті, кілтін, құжаттарын М.Багисбековаға тапсырып, қасына өзінің қызы мен баласын қосып берген. Алайда күн сенбі болған соң, мекеме жұмыс істемей, рәсімдей алмаған.

Сотта куә нотариус С.Амирханова былай деп жауап берді, 30.11.2008 жылы өзі К.Сапарбеков пен Н.Багисбекова арасында заем шартын куәлендірген, алайда көп уақыт өткен соң, адамдардың түрлері, кімнің келгені есінде қалмаған. Заем шартында қолхат түзу міндетті деп жазылса да, оны жазу-жазбау - адамдардың өздерінің құқығы. Заем шарты жасалғанда, тараптардан некеде бар-жоғы туралы арыз куәлендіріледі. Сол кездегі реестрде сол заем шарты түзілген соң, Р.Кандазаевадан «К.Сапарбековтің жұбайы ретінде қарызды алуға қарсы емеспін» деген арыз алынған. Ондай арыз Р.Кандазаеваның өзінің қатысуымен және жеке куәлігімен алынады.

Сот тараптарды, куәлерді тыңдап, іс құжаттарын зерттеп, оларға баға беріп, сотталушылардың кінәсі жәбірленушілердің, куәлердің айғақтарынан басқа іске тіркелген материалдармен дәлелденген деп санайды.

30.11.2008 жылы К.Сапарбеков пен Н.Багисбекова арасында нотариус С.Амирханова куәлендірген заем шарты түзіліп, К.Сапарбеков 1 200 000 теңге ақшаны 2009 жылдың наурыз айына дейін қайтаратын болған.

Жәбірленушілер Н.Багисбекова, М.Багисбекова, К.Ескараеваның айғақтарына сот күман келтіре алмайды, себебі олардың сотталушыларға жала жабуына негіз жоқ. К.Ескараева Р.Кандазаевамен көп жылдар бойы жақсы қарым-қатынаста болса, ал Н.Багисбекова соңғы 2007- 2008 жылдары Р.Кандазаеваның сіңлісі Райханмен, К.Ескараевамен, бірге ойын-сауықтыру кештерін бірге өткізіп жүрген.

Осы уақытқа дейін жәбірленушілер сотталушылардың соңынан еріп, ақшаларын қайтаруды талап еткен, өзара таныс болған соң, олардың уәдесіне сенген. Алайда олардың қайтармайтын ойын және алаяқтық жасағанын білген соң, амалсыздан полиция бөліміне арызданған.

Куәлердің де жауабын сот шындыққа жанасады деп санайды, сотталушы адвокаты М.Жұмағұловтың оларды дәлелдеме қатарынан алып тастау талабы негізсіз, себебі куә Б.Багисбековтың жауабын сотта сотталушы К.Сапарбеков теріске шығарған жоқ. К.Сапарбеков М.Багисбекованың «жер туралы айтылған жоқ» деген қолхат бермегені себепті, автокөлікті қайта алып қойғанын атап көрсетті.

Егер К.Сапарбековтің кілтті М.Багисбековаға беру ойы болса, соттың пікірінше, оның ақша алғаны рас. Егер ақшаны М.Багисбековадан тек қарыз үшін алған болса, онда тағы да заем шарты түзілуі қажет еді. Алайда олар бұрын бір-бірін жақсы танымаған, М.Багисбекованың ақшаны беруге келіскенін біле тұра, оның «нотариуске барамыз» деген өтінішін орындамай, сотталушылар оның сеніміне кіріп, алаяқтық жасау ойы болған.

Ал нотариус С.Амирхановаға бару ойы және ұсыныс тек Н.Багисбекованың талабы бойынша жүзеге асырылған, ал сотталушылардың жоспарына ол кірмеген. Р.Кандазаева нотариусте куәлігі болса да, «куәлігім жоқ» деп, заем шартын түзуден бас тартып, кеңсеге кірмей, далада автокөлікте күтіп отырған. Тек нотариустың шақыртуымен кеңсеге кіріп, арыз жазған. Жәбірленушілердің айтуынша сол кезде ол «Лексус» автокөлігімен жүріп, жәбірленушілерге іскер адам болып көрінген және ортақ танысы- К.Ескараеваның айтуымен оған сенген. 2008 жылдары халықтың жерге құштар болған ойын пайдаланып, Р.Кандазаева мен К.Сапарбеков ақша алудың тәсілін ойлап тапқан.

Ал «К.Ескараеваның есі дұрыс емес» деген адвокаттың күманын сот негізсіз деп санайды, себебі анықтамаларға сай, К.Ескараева аталған ОҚО жүйке аурулар диспансерінде жол-көлік оқиғасының салдарынан емделген, 2 топтағы мүгедек. Ал осы уақытқа дейін оның есі дұрыс емес деген сот қаулысы жоқ.

Сондықтан, сот, сотталушыларға олардың алаяқтық жасаудағы кінәсі дәлелденген деп санап, айыптау үкімін шығарады.

Алдын ала тергеу органымен олардың кінәсі ҚР ҚК-тің 177 бабы 3 бөлігі «б» тармағымен, 177 бабы 2 бөлігі «а,б» тармағымен дұрыс дәрежеленген, себебі олар бірге алдын ала сөз байласып, жәбірленушілердің сеніміне кіріп, ірі мөлшерде бірнеше рет К.Ескараева мен Н.Багисбековаға залал келтіріп, ал М.Багисбековаға 600 000 теңгеге зиян келтірген.

Жаза тағайындағанда, сот, сотталушылардың жеке тұлғасына, кінәсін жеңілдететін-ауырлататын мән-жайларға, қылмыстың ауырлығына назар аударып, ҚК-тің 52 бабын басшылыққа алады.

Сотталушы Р.Кандазаеваның –асырауында кәмелетке толмаған баласы бар, бұл оның кінәсін жеңілдететін мән-жай.

Сотталушы К.Сапарбековтің кінәсін жеңілдететін мән-жай -бұрын сотты болмағаны. Сотталушылар сотқа балалары жөнінде ешқандай мәлімет әкелмеген, куә жауабынан олардың кәмелетке толған балалары бар, сондықтан олардың қарауына – Р.Кандазаева мен К.Сапарбековтің кәмелетке толмаған баласын қалдыру қажет деп санайды.

Сотталушылардың кінәсін ауырлататын мән-жайлар жоқ.

Осы мән -жайларды ескеріп, сот оларға ҚК-тің 177 бабы 3 бөлігінің санкция мөлшерінде бас бостандығынан айыратын жаза тағайындайды, себебі жаза тағайындау принципі әділеттікке қол жеткізу. Сотта сотталушылар қарызды қайтару ойынан аулақ пікір айтып, айыптарын мүлдем мойындаған жоқ. Ал жәбірленушілер залал қайтпаса, оларды кешірмейтінін айтып өтті. Сондықтан талап арыз толығымен өндіріледі.

Қазақстан Республикасы ҚІЖК-тің 368-371, 383-384 баптарын басшылыққа алып, сот

Ү к і м е т т і:

Кандазаева Раушан Тастемировнаны Қазақстан Республикасы ҚК-тің 177 бабы 3 бөлігі «б» тармағымен кінәлі деп танып, оған 4 /төрт/ жылға бас бостандығынан айыру жазасы мүлкі тәркілеп тағайындалсын.

Қзақстан Республикасы ҚК-тің 58 бабы 6 бөлігін қолданып, жазаларды сіңіру жолымен, осы тағайындалған жазаны Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының 29.03.10 жылғы үкімімен тағайындалған жазаға сіңіру жолымен, түпкілікті Р.Кандазаеваға 5 /бес/ жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы мүлкі тәркілеп тағайындалсын. Жазаны түзеу колониясының жалпы режимінде өтеу белгіленсін.

Р.Кандазаеваға қолданылған «ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау» бұлтарпау шарасын өзгертіп, сот залынан қамауға алынсын.

Жазаны есептеу 13.08.2012 жылдан бастап есептелінсін.

Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының 30.12.10 жылғы қаулысын бұзып, жазаны есептегенде Р.Кандазаеваның 28.09.09.- 17.01.11 жылы аралығында түзеу мекемесіндегі өтелген жазасы – 1жыл 3 ай 20 күн мерзімі есептелінсін.

Сапарбеков Кабилбек Балгабаевичті ҚР ҚК-нің 177 бабы 3 бөлігі «б» тармағымен кінәлі деп танып, оған 3 /үш/ жыл 6 /алты/ ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы мүлкі тәркілеп тағайындалсын. Жазаны түзеу колониясының жалпы режимінде өтеу белгіленсін.

К.Сапарбековке қолданылған «ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау» бұлтартпау шарасы өзгертіліп, сот залынан «қамауға» алынсын, жазаны есептеу 13 тамыз 2012 жылдан бастан есептелінсін.

Жәбірленушілердің талап арызы қанағаттандырылып, сотталғандар Р.Кандазаева мен К.Сапарбековтен ортақ түрде:

- Н.Багисбекованың пайдасына -1200 000 /бір миллион екі жүз мың/ теңге, мемлекет пайдасына 12000 /он екі мың/ теңге баж өндірілсін;

- М.Багисбекованың пайдасына – 600 000 /алты жүз мың/ теңге, мемлекет пайдасына 6000 /алты мың/теңге баж өндірілсін;

- К.Ескараеваның пайдасына – 924 000 /тоғыз жүз жиырма төрт мың/ теңге, мемлекет пайдасына 9240 /тоғыз мың екі жүз қырық/ теңге баж өндірілсін.

Сотталушыларға талап арызды өз еркімен орындауға 3 ай мерзім берілсін, орындалмаған жағдайда мәжбүрлеп орындауға жіберілсін.

Үкімге 15 тәулік ішінде ОҚО сотына Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық соты арқылы шағым, наразылық беруге болады.

Судья: Ахметова Т.З.

Ссылка на комментарий
Поделиться на других сайтах

Join the conversation

You can post now and register later. If you have an account, sign in now to post with your account.
Note: Your post will require moderator approval before it will be visible.

Гость
Ответить в этой теме...

×   Вы вставили отформатированный текст.   Удалить форматирование

  Допустимо не более 75 смайлов.

×   Ваша ссылка была автоматически заменена на медиа-контент.   Отображать как ссылку

×   Ваши публикации восстановлены.   Очистить редактор

×   Вы не можете вставить изображения напрямую. Загрузите или вставьте изображения по ссылке.

  • Недавно просматривали   0 пользователей

    • Ни один зарегистрированный пользователь не просматривает эту страницу.
  • Upcoming Events

    No upcoming events found
  • Recent Event Reviews

×

Важная информация

Правила форума Условия использования