Перейти к контенту
КАЗАХСТАНСКИЙ ЮРИДИЧЕСКИЙ ФОРУМ

Қадір түні құтты болсын!


BIG LAWYER

Рекомендуемые сообщения

Қадірлі әріптестер, отандастар! Бірнеше сағаттан кейін, Рамазан айының оразасын ұстаған жандар, ауыздарын ашып, бақытқ кенелсе, сондай-ақ, осы кеште бір жылда бір рет келіп, мың айданда артық түн - Қадір түні кіреді. Баршаларыңызды аталған сәтпен құтықтаймын. Сіздерге Алла тағала ұстаған оразаларыңызды қабыл етіп, осы түнде пенделікпен біліп-білмей істеген күнәларыңызды кешірсін деп тілеймін.

Елімізге бейбітшілік, тыныштық, береке, шаттық тілеймін.

Осы тақырыпқа байланысты, төмендегі мақаланы Сіздердің назарларыңызға ұсынып отырмын. Авторы Шегебаев Айбек.

Қасиетті рамазан айының соңғы жұмасы. Мешіттегі имам айт намазының оқылу уақыты, қадір түнінің қасиеті жайлы уағыз айтуда. Көзім жасқа толы, себебі де түсінікті: өзіме берілген үлкен мүмкіндікті мүлт жібердім. Бүкіл өмірін бос әурешілікпен өткізіп, әбден қартайып, басып өткен өткен өмір жолына назар салғанда өнегелі ізді көре алмай, дал болған кісінің күйін кешіп отырмын. Рамазан айы келмей жатып, белімді бекем буып: осы оразада құранды толықтай хатым етемін, пәлендей амал жасаймын, түгендей амал жасаймын деген мақсаттырымның құр қиялға айналғандығын көріп, көңілім тыныштық табар емес. Базарда бар дауысымен айқайлап, жанын салып балмұздақ сатып жүрген сатушыларды көргенде: «Еее, жаз мезгілі бұл кісілердің сауда жасайтын сезоны да» деуші едім... Маған берілген сауап жинайтын сезон өтіп бара жатса, менің әлгі кісідей жанымды қинап, сауап амал істеуіме кім немесе не кедергі. Кеше ғана «қош келдің, рамазан» деп сауап үмітімен күтіп алған қасиетті аймен қоштасатын кез де келіп қалыпты. Алла құранда: «Дәптерлер ашылған сәтте, Аспан ашылған сәтте, Тозақ қыздырыдған сәтте, Ұжмақ жақындатылған сәтте,Әркім не әзірлегенін біледі. (тәкуир 10-14)» деген жоқ па? Ей, өзіне жақсылықты қош көретін нәпсім, бүкіл әлемдердің раббысы болған Алланың алдына барғанда қай бетіңді көрсетпекшісін? Әр адам не әзірлегенін көрсететін болса, ол күнге сен не әзірледің, нәпсім? Сауаптар еселеніп берілетін айдың өзін ғапылетте, ұйқыда өткізіпсің. Айдың алғашқы он күндігі рахмет есіктерінің айқара ашылатын күндері еді, сол күндерде рахметі шексіз болған Алланың рақымына бөлене алдың ба екен? Өзіңе аян болған және жамандықты жазушы періште жазған, екінші періште куә болған, жер жүзіндегі биік таулардың өзі иық тірестіре алмайтын күналарың рамазанның ортасындағы он күндік – кешірім күндерінде кешірілді ме, жоқ па? Кешірім жауған күндерде ол күналарың жайында ойланып та көрмедің ау,сен нәпсім? Пайғамбар(с.а.у.) рамазанның соңғы он күндігін «тозақтан азат етілу» деп айтқан еді. Қайда сенің тозақтан азат етілуге үміт етілетін амалдарың? Құран түскен айда түндеріңді құранмен өткізудің орнына ұйқымен дос болып, талай түндеріңді сол досыңмен өткіздің. Ертең әлемдерді жаратқан Алланың алдына барғанда сол талай жылғы жан досың болып кеткен жартылай өлім саналған ұйқы деген досың саған қарсы куәлік бермесіне кім кепіл?

Әсер берер деп уағыздар көп-ті тыңдаған,

Иесін таппай сауаптар кетті мыңдаған.

Қараңғылықтың қамытын киіп ұйықтадым

Таһаджуд үшін берілсе дағы түн маған.

Құраным жатыр, парағы кеткен ашылмай,

Мешітке бару – боп кетті бізге тосын жай.

Құбылаға қарай жүз бұрған құлдың бірінің

Жағдайы міне – осындай.

Шұғыла шашып, кешірім нұры тараған,

Тазартатын бізді, жаңа туғандай анадан.

Қадірің білмей, қоштасып тұрмыз өзіңмен

Кешірші бізді қасиетті болған рамазан!

Ссылка на комментарий
Поделиться на других сайтах

Join the conversation

You can post now and register later. If you have an account, sign in now to post with your account.
Note: Your post will require moderator approval before it will be visible.

Гость
Ответить в этой теме...

×   Вы вставили отформатированный текст.   Удалить форматирование

  Допустимо не более 75 смайлов.

×   Ваша ссылка была автоматически заменена на медиа-контент.   Отображать как ссылку

×   Ваши публикации восстановлены.   Очистить редактор

×   Вы не можете вставить изображения напрямую. Загрузите или вставьте изображения по ссылке.

  • Недавно просматривали   0 пользователей

    • Ни один зарегистрированный пользователь не просматривает эту страницу.
  • Upcoming Events

    No upcoming events found
  • Recent Event Reviews

×

Важная информация

Правила форума Условия использования